Бала құқығын қорғаудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері презентация

Содержание

Слайд 2

Бала

Бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам

Слайд 3

Бала құқығы

Слайд 4

Педагог міндеттері

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі
 1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеугебайланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды

Слайд 5

Педагог— жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді

және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны

Слайд 6

Педагог міндеттері

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығарма­шылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Слайд 7

Әлеуметтік педагог

Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның

қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс  жасайды.

Слайд 8

Әлеуметтік педагог

Балларды әлеуметтік – педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын ,

мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі  тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету  және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.

Слайд 9

Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады

Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
Тұлғаның даму мен

қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
Адам құқығын қорғау
Мақсатты әлеуметтік қорғау

Слайд 10

Әлеуметтік педагогтың құқығы

Баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға
Сабақтарға қатысып отыруға
Баланың денсаулығы мен құқығын

қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға
Медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына
Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай( қоюға
Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға құқылы
Имя файла: Бала-құқығын-қорғаудың-әлеуметтік-педагогикалық-негіздері.pptx
Количество просмотров: 17
Количество скачиваний: 0