Халықтық педагогиканың негізі құралдары презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары:
Мақал-мәтелдер және оның халық педагогикасында алатын орны.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің шығу тарихы.
Жұмбақтар.

Слайд 3

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі

тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. 

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Мысалы Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарар.Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады.

Слайд 4

 Мақал-мәтелдер және оның халық педагогикасындағы рөлі

Мақал-мәтелдердің халық педагогикасындағы орыны орасан. Жастарды тәрбиелеуде,

тірлікке бейімдеуде мақал-мәтелдер үлкен рөл атқарады. Мұны бабалар тәжірибесінен байқауға болады. Қашанда «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасын ұстанған халқымыз жастарды мақал-мәтел арқылы тәрбиелеудің озық үлгісін қалдырды. Қай мақалды алсаңыз да, оның өзіндік айтар ұлағаты бар. Кейбір мақалда дидактикалық сарын айқын болса, кейбір мақалдар ескертпе түрінде келуі де мүмкін. Осы бір тамаша үрдіс мақал-мәтелдің этнопедагогика саласындағы маңызын арттыра түседі. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін бүкіл өнер атаулының алдына шығарған қазақ халқы өз ұрпағын тәрбиелеу ісінде мақал-мәтелдің мүмкіндігін кеңінен пайдалана білді. Мақал-мәтел адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін іспетті. 

Слайд 5

А.Байтұрсынов.

 Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы:

«Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына

сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады»,─ деп көрсеткен болатын. 

Слайд 6

 Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге

жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз.

Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. 

Слайд 7

Жеке тұлға және ұжым проблемалары

философтар

Әлеумет
танушылар

Әлеуметтік
психологтар

педагогтар

 Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік

бол, халық үшін бәлік бол»,
ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз.

Слайд 8

Мақал-мәтелдердә жан-жақты зерттеп талдаған

М.Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихында»

Сәкен Сейфлин
 «Таңдамалы шығармалар» 

Мәлік Ғабдуллин.
 «Қазақ халық ауыз

әдебиеті»

Слайд 9

Жұмбақтар:

Жұмбақтардың тақырып ауқымы өте кең. Жаратылыс дүниесі, табиғат әлемі, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен

өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы. Тақырыбы мол ауқымды қамтитын жұмбақтардың бір парасы адам

Бұл жұмбақтардан адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі табиғат құбылыстары жайындағы танымдары көрініп тұрады. Мысалы, «Ұшқанда өлең айтады, қонғанда жер қазады» (қоңыз), «Кішкене ғана қара тас, атан түйе тарта алмас» (қарақұрт),

Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы мен сөз айшығы жағынан мақал-мәтелге ұқсайды. Мәселен«Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді» (ерін), «Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді» (адамның есімі). Сонымен, жұмбақ дегеніміз адамды тапқырлыққа баулып ізденуге жетелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі.

Слайд 10

Жұмбақтардың этнопедагогикадағы орны қандай дегенде?

Жұмбақ атаулының барлығы тапқырлыққа үндейді. Адамның ақыл-ойы, көрген-білгені, оқыған-тоқығаны

безбенге түседі. Жасырылған жұмбақтың шешуін іздеген кез-келген адам өз парасатының жеткенінше ойға шомады. Тіпті жасырып отырған кісіге де жұмбағының мән-маңызына қарап, баға беруге болады. Ендеше жұмбақ – ақыл-парасатты, тапқырлықты, ұтқырлықты паш ететін ауыз әдебиетінің ерекше түрі.
Имя файла: Халықтық-педагогиканың-негізі-құралдары.pptx
Количество просмотров: 17
Количество скачиваний: 0