Слайд 34
Нурсаинова Айжан Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін тәмамдап «Бөбек» балабақшасына келіп еңбек жолын
бастады. Балабақшаға келген жас маман Нурсаинова Айжанға мені тәлімгер ұстаз етіп тағайындады. Жас маманды алдымен ұжыммен таныстырдым.
Жыл басынан жоспар құрылып, жұмыс жасауға мүмкіндіктер қарастырылды. Сонымен қатар жас маман Нурсаинова Айжан Талгатовнаны оқу іс – әрекеттеріне қатыстырып сараптама жасауға үйретіп, қиындық туғызатын мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін таба білуге бағыт – бағдар көрсетіп отырдым.
Балабақша басшыларының берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайды. Талапшыл, ізденіс үстінде өзіне деген сенімі мол ұстаз болуға бейімделуде. Балалармен қарым – қатынас жасау, әріптестерімен сезімтал, тілектесшіл, мінез – құлқының орнықтылығы, мәселелерде идеялық таныту, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуді, кез – келген тапсырманы жанын сала беріліп, яғни есте қалатындай етіп орындауға, педагогикалық барлық қасиеттерді түсіне отырып еңбектенеді.
Жалпы Айжан туралы айтатын болсам айтқанды дұрыс қабылдайды, әдістемелік, шығармашылық шеберлігі арта түскені, үнемі ізденіс үстінде, білмегенін сұрап білуге тырысатыны, үлкендерді сыйлауы, ата – аналар және балалармен қарым – қатынасы өте жақсы деп бағалай аламын.
Өз басын көпшіліктің ортасында дұрыс алып жүру, ұжымда жарқын мінезді, адал, болашағынан көп үміт күттіретін, аға ұстаздардың ізін басушы жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімін жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, ұстаз болуға бейімделіп, жаңа технологиялардың қыр – сырын меңгеріп аша алатындай маманның бірі болады деп бағалаймын.
Пікір беруші тәлімгер ұстазы А. С. Ибрашева