Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлері бар.
Макро деңгей бүкіл
мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың демократиялық мемлекеттегі азаматтық келісімнің кепілі ретінде мінез-құлық тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарым-қатынаста позитивті геосаясатты жүзеге асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады.
Функциональдық мағынада бұл қасиетті қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарға жүктеледі.
Микро деңгей-жанұя, педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы қалыптасады.
Микро деңгей белгілі бір білім беру мекемесінің немесе білім беру үдерісіндегі ерекше қасиеттерді анықтайды. Аты аталған деңгейдің шегінде әрбір мекеме білім компоненттерін жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті түрде оқушылардың толеранттық мінез-құлқын қалыптастырудың ерекше қағидалары мен жүйесін қалыптастыру керек.