Суды тазалаудың жаңа әдістері презентация

Слайд 2

СУДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі-

ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке  дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.

Слайд 3


Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын

жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.

Слайд 4

АҚАБА СУ ТҰНБАСЫ

Ақаба су тұнбасы (Осадок сточных вод) — ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында

жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Ақаба суды биологиялық тазалау
Ақаба суды биологиялық тазалау (Биологическая очистка сточных вод) — заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау.
Ақаба суды биосүзгімен тазалау
Ақаба суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод на биофильтрах) — ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба суды жасанды тазалау
Ақаба суды жасанды тазалау(Искусственная очистка сточных вод) — арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.
Ақаба суды залалсыздандыру
Ақаба суды залалсыздандыру(Обеззараживание сточных вод) — ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткішмикроорганизмдерді жою үшін өндеу.
Ақаба суды иіссіздендіру
Ақаба суды иіссіздендіру(Дезодорация сточных вод)— иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.
Ақаба суды механикалық тазалау
Ақаба суды механикалық тазалау(Механическая очистка сточных вод) — тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады

Слайд 6

АУЫЗ СУДЫ ТАЗАЛАУ

Имя файла: Суды-тазалаудың-жаңа-әдістері.pptx
Количество просмотров: 88
Количество скачиваний: 0