Көкініс шаруашылығындағы көшеттік әдістің маңызы. Көшет сапасына қойылатын талаптар презентация

Содержание

Слайд 2

  Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Көшеттік әдістің маңызы
2.2Көшет өсіру технологиясы
2.3Көшеттерді отырғызудың ережелері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3

Көшет деп ,тығыз егістікте өсірілген,өнім беретінмүшелерін қалыптастырмаған ,ашық және қорғаулы топырақ -тұрақты орынға отырғызуға арналған жас өсімдікті айтады.
Көшеттік

әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне мүмкіншілік жасайды,соның нәтежиесінде халық жас көкөніс өнімдерімен ертерек қамтамасыз етіледі.
Барлық көкөніс дақылдарын көшеттері арқылы өсіріуге болады.Көшеттерді өсірудің негізгі мақсаты  әрбір дақылдан ерте өнім алу.

Слайд 4

  Агротехникалық шаралар кешені

Көшеттерді отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық

шаралар кешенін шынықтыру деп атайды.Шынықтырудың мәні температураның мүмкін көтеріліуі мен төмендеуіне,күшті күн радиациясына,ауа және топырақ құрғақшылыққа,өсімдік төзімділігінің жоғары болуына ықпал жасайтын микроклиматты қалыптастыру болып табылады.

Слайд 5


Шынықтыру үш түрге бөлінеді.Жылумен,жарықпен және ауамен шынықтыруды ажыратады.Жылумен шынықтырғанда көшетті өсіру кезеңінде температураның салыстырмалы

түрде төмен болуын,әсіресе,түн мезгілінде,фосфорлы калийлі қоректік деңгейінің жоғары болуын қадағалайды және орташа суландырады.Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды,сонда олардың грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі артады.Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатпай,орташа деңгейде ұстайды.Бұл өсімдіктің әсіресе,көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына төзімділігін арттырады.

Слайд 6

Көкөністі көшеттік өсіру технологиясы

Көшеттік өсіру технологиясы бойынша үш тәсілге ерте  көшеттік,орташа және кеш көшеттік

болып бөлінеді.
Ерте көшеттікте тұқымды ерте мерзімде себеді де,ерте өнім алу мақсатында пайдаланады.
Орташа көшеттікті пленкалық жылыжайларда ,пленкамен күн сәулесімен жылытатын булыжайларды өсіреді.
Кеш көшеттікте өте кеш пісетін сорттарды отырғызады.Қаңқасы пленкалы немесе булыжайларда өсіреді.

Слайд 7

Көшет отырғызуға арналған ыдыстар

Қорапта өсіру көшетті өсірудің ең көне әдістерінің бірі.Қорап ағаш,пластикалық немесе пенопластты

болуы мүмкін.Қораптың ішіне полиэтиленді пленка төсеп,үстіне құм салады.Жақсы жақтары онда бірнеше көшетті бірден өсіруге болады.Сонымен оны айналдыру оңай.Қаражатты көп қажет етпейді .Кемшіліктері:Ауыстырған кезде тұқымдары зақымданады және ол өсуді тежейді.Топырақпен толтырылған ағаш қорап көтергенге ауыр болып келеді.

Слайд 8

1980 жылдың ортасында кассетталар фермерлердің таптырмас құралы ретінде саналды.1990жылдын басында агрошаруашылығында кассеталар хоббиге айналды.Оларды жеңіл топырақпен

толтырып көшеттерді өсіреді.Кассетталарда тәжербие жүзінде қызанақты ,баялдыны, бұрышты өсіріп,бақылаудан өткізген уақытта 20-30 күн кассеттадағы көшеттер 50-60 күндік жылыжайда өсірген көшеттерге қарағанда мол  өнім береді.Кассеттер екі түрге бөлінеді:пластикалық және торфты деп.Кассеттегі ұяшықтар саны 4 тен 390 ға дейін барады.

Слайд 9

Торфты таблеткалар

Кейінгі уақытта торфты таблеткалар танымалдылық жинап келеді.Нығыздалған майда шымтезек  қоректік қоспалар қосылған ,сырты жақсы 

сыммен оралған.Кейін оларды арнайы ыдысқа салып су құяды.Сол кезде таблеткалар ісініп,биіктігі екі есеге дейін көтеріледі.Содан кейін бетіндегі шұнқырға тұқымды отырғызады.Жақсы жақтары:Кейін таблетканы грунтқа апарып отырғыза салады.Ауа және ылғал өткізгіштігі жақсы.Кемшіліктері:шығыны көп.Сонымен қатар ылғалдылықты қадағалап тұру қажет,көшеттердің тамырын тез кептіріп жібереді.

Слайд 11

Жақсы көшет алу үшін ең қажетті фактор болып жарық есептеледі.Жарық жетіспеген жағдайда көшет

әлсіз,созылыңқы және бозғылт болып өсіп шығады.Негізінен әр көшетке күніне 14-16 сағат жарық керек.Сонымен қатар уақыт өткен сайын көшет отырғызылған ыдысты айналдырып ,ауыстырып тұруды ұмытпау керек.Себебі сол кезде өскіндер бірдей жарықтандырылады.Көбіне көшеттерді 15-18 градуста ұстау қажет .Төмен температурада ұстау көшеттің өсу процесін тежейді,бірақ көшет күштірек,шыдамдырақ болып шығады.

Слайд 12

Көшет өсіп тұрған жерде оптималды ылғалдылықты сақтау керек.Мысалы,бұрыш пен баялды үшін 60-65 %,қияр ,кәді және

гүлді капуста үшін 70-80 %,басқа дақылдар үшін 70 %.Негізі қызанақ,бұрыш,кәдіні үлкен көлемі бір литр болатын ыдыстарда өсірген дұрыс.Балдыркөк,салат және пекин капустасын кішігірім ыдыстарда немесе 3 те 3 ,5 те 5 болатын кассеттерде өсірген дұрыс.

Слайд 13

Көшеттік әдістің түрлері

Құмырасыз сиретпей

Құмырасыз сиретіп

Құмыралы сиретіп

Құмыралы сиретпей

Слайд 14

   Көшеттік әдіс

Көшеттік әдістің жақсы жақтары :

Топыраққа тұқым егу әдісімен салыстырғанда,өнімді тез береді.
5-6 есе тұқым

аз қолданылады.
Аурулар мен зиянкестерден қорғау жұмыстары жеңіл жүреді.
Жылу сүйгіш өсімдіктерді солтүстік аймағына қарай тарлуына мүмкіншілік береді.

Көшеттік әдістің кемшіліктері:

Ашық жерге көшіріп отырғызғанда ауа райы жағдайы олар үшін қолайсыз болады.
Өсімдікте нашар дамыған тамыр жүйесі пайда болады және олар топырақтың беткі қабатында орналасады.

Слайд 15

Көшет отырғызатын машиналар

Слайд 16

Көкөніс дақылдарының көшеттерін көшет отырғызғыштармен отырғызу қол еңбегін әлдеқайда жеңлдетеді,еңбек өнімділігі мен жұмыстардың

сапасын арттырады,отырғызу мерзімдерін көп қысқартады.Көшеттер отырғызғыштармен отырғызылатын көшеттерге қойылатын талаптар:
 - Көшеттер отырғызылатын топырақ жақсылап өңделуі,бетінің жақсы тегістелуі және мүмкіндігінше 8-10-15 см дейін нығыздап тапталуы керек.
-Көшеттердің жастары, биіктігі бірдей болуы және сабақтары тік болуы қажет.
-Көшеттер өсірілген құмыралар ,машиналармен отырғызғанда сынбайтындай болу керек.
-Құмырасыз өсірілген көшеттер 8-10 см, құмырада өсірілген көшеттер  10-12 см тереңдікке отырғызылады.
-Көшеттердң отырғызу кезінде оның түптеріне 0,5-0,6 л су  құйылуы қажет.
-Көшеттер әрбір дақылдың белгіленген мерзімдерінде отырғызылуы керек.
Имя файла: Көкініс-шаруашылығындағы-көшеттік-әдістің-маңызы.-Көшет-сапасына-қойылатын-талаптар.pptx
Количество просмотров: 76
Количество скачиваний: 0