Жасушалар және тіндер дақылдары, вирустарды дақылдандыру әдістері, вирусологиялық зерттеу әдістері презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
А) Бактерияларды дақылдаудың негізгі принциптері. Колониялар.
Б) Қоректік орта түрлері: а) әмбебап орта;

б) арнайы орта;
в) дифференциалды диагностикалық орта.
В) Анаэробт және аэробты бактериялар.
Г) Вирустарды дақылдау.
Д) Вирусологиялық зерттеу әдістері.
ІІІ. Қорытынды.

Слайд 3

Кіріспе  

 

Жасуша-тірі материяның универсалды құрылым бірлігі.

Жасушалар (тіндер) дақылын вирустарды дақылдандыруда жиі қолданылады.Жасушалар дақылы

әдісін XX-шы ғасырдың 50-ші жылдарында Дж.Эндерс соавторлармен ашып,осы жаңалық үшін Нобель сыйлығын алды.

Слайд 4

Дақылдық қасиет- маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Дақылдық немесе макроморфалогиялық қасиеттерге микроорганизмдердің сұйық

және тығыз орталарда өзіне тән өсу ерекшеліктері жатады. Бактериялардың өсуі мен көбеюіне температура тікелей әсер етеді. Барлық микроорганизмдер температуралық режимге қатынасына байланысты: психрофильді, мезофильді, термофильді. Бактериялар температураның кең диапазонында көбейе алады (-0 с  +90с дейін).

Негізгі бөлім

Слайд 6

 Колония – бір жасушадан өскен бір түр жасушаларының даралана жинақталуы (жасуша клоны).

Слайд 7

Колония сипатының негізгі белгілері:
Колония пішіні-дөңгелек (дұрыс),амеба тәрізді (дұрыс емес),ризоидты (тамыр тәрізді).
Колония өлшемі-өте ұсақ(диам.

0,1-0,5),ұсақ (1-2 мм),орташа (2-4 мм),ірі (5-тен аса).
Колония беткейі – тегіс (S) н/е кедір бұдыр (R),жылтыр н/е күңгірт,құрғақ н/е ылғалды болуы мүмкін
Колония рельелфі-қоректік ортаның көтерілуі мен тігінен кескендегі пішінінің контурымен сипатталады.
Көлдірлігі – күңгірт, бұлыңғыр, жылтыр, мөлдір.
Колониялар түсі – микроб дақылдары түзетін пигменттерге байланысты немесе пигмент түзбеуіне байланысты.
Колониялар шеті – тегіс және тегіс емес.
Колониялар құрылымы – өтпелі жарықта көрінеді,пигменттелген колонияларда анықталмайды.
Тығыздығы – ілмекпен алу барысында анықталады.
Колония иісі – маңызды емес белгісі.Олар тудыратын ассоциациялар субьективті

Слайд 8

Колония түрлері:
Шеттері тегіс, дөңгелек;
Дөңгелек, дөңес, жылтыр, тығыздығы шырышты;
Шеттері тегіс емес;
Дөңгелек, шеттері айналмалы;
Жазық жапырақ

тәрізді;
Бұтақ тәрізді;
Қатпарлы.

Слайд 9

Қоректік орта түрлері:
Арнайы – негізгі орталарда өспейтін микро-организмдер үшін қажет.
Дифференциалды-диагностикалық –ферменттілік белсенділігі мен

дақылдық қасиеттері бойынша микроорганизмдерді ажырату үшін (Эндо, Плоскирев, Левин, Гисс).
Әмбебап (селективті немесе элективті, жинақтау орталары, дақылдарды сақтауға қажетті орталар)

Слайд 10

Аэробты және Анаэробты бактериялар.
Аэробты бактериялардың себінділерін қарапайым термостаттарда өсіреді.
Анаэробтар – оттегісіз жағдайда өсетін

микробтар, оларды өсіру үшін  белгілі жағдай жасау керек, оның маңыздылығы қоректік ортадан молекуларлы оттегіні алып тастау болып табылады. Зерттелінетін материалдан анаэробтарды бөлуді қамтамасыз ететін басқа міндетті түрдегі шарттардың бірі себілетін материалды қоректік ортаға молынан себу болып табылады.

Слайд 11

Вирустарды дақылдаудың ең негізгі әдісінің бірі зертханалық жануарларды жұқтыру әдісі. Көбінде жаңа туылған

жануарлар қолданылады, оларға вирустар жұққыш болып келеді.
Тауық эмбрионында вирус дақылын дайындау. Сыртқы орта объектілерінен немесе аурулардан бөлініп алынған вирустарды дақылдау тауық эмбрионында кеңінен қолданылады.
Клетка дақылынан вирустарды бөліп алу. Вирустарды дақылдау кезінде клетканы дақылдау кеңінен қолданылады. Олар әмбебап болып келеді, себебі вирус өзі көбейе алатын қажетті дақылдық ортаны таңдайды. Сонымен қатар, қалыпты клеткалармен бірге қауіпті, ісік клеткалары да қолданылады.

Слайд 12

Вирусологиялық әдіс, патологиялық материалдағы вирустарды анықтау.
Сералогиялық зерттеу, қанның сарысуында вирусқа қарсы денелерді анықтау.
Вирустық

инфекциялардың экспресс диагностикасы, оның ішінде жылдамдаттырылған және вирус-копиялық әдістері.

Слайд 13

Вирусология

Слайд 14

Қолданылған әдебиеттер:
Ү.Т.Арықпаева «Микробиология және вирусология»
Борисов Л.Б. «Медицинская микрообиология, вирусология, иммунология»
Пяткин Е.А. «Медицинская микробиология»

Слайд 15

Вирустық инфекциялардың химиотерапия ерекшеліктері. Антибиотиктерге төзімділік механизмдері және оны анықтаудың заманауи әдістері.

Слайд 16

І. Кіріспе:
1) Вирусты аурулармен күресу жолдары;
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Химиотерапия ерекшеліктері;
2)Химиотерапияның

асқыну түрлері;
3) Антибиотиктер.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жоспар:

Слайд 17

Вирусты аурулармен күресу жолдары

Вакцинация

Интерферон қолдану

Химиотерапия

Иммунитет арқылы әсер

Жасуша ішіне енген вирустың көбеюін тежейді

Вируспен күрес,

басталған ауруды тоқтатады

Слайд 18

Химиотерапия – адам организмінде тиісті жұқпалы агенттердің өсіп-өнуіне кедергі жасайтын немесе оларды жоятын

дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеу шаралары.
Химиопрофилактика – микроб жұқтырғаны күмәнді болған жағдайда адам организмінде ауру дамуына жол бермей, басқаларға жұқтыру қаупін болдырмау үшін химиялық препараттарды қолданып, індеттің алдын алу.

Химиотерапия – адам организмінде тиісті жұқпалы агенттердің өсіп-өнуіне кедергі жасайтын немесе оларды жоятын дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеу шаралары.
Химиопрофилактика – микроб жұқтырғаны күмәнді болған жағдайда адам организмінде ауру дамуына жол бермей, басқаларға жұқтыру қаупін болдырмау үшін химиялық препараттарды қолданып, індеттің алдын алу.

Слайд 19

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап химиотерапияны қолдану кең өріс алды.
Химиотерапия – инфекциялық

және ісік ауруларын тірі ағза және қоздырғыштың өнімі болып табылмайтын химиялық препараттар аркылы емдеу.
Химиотерапияда қолданылатын препараттарды химиотерапиялық деп атайды.

Слайд 20

Алғышқы рет химиотерапиялық препараттарды синтездеудің негізін қалаған неміс ғалымы П.Эрлих. Ол мышьяк өнімдерін

– сальварсан, неосальварсан препараттарын спирохетоздарды (мерез) емдеу үшін қолданды.
Г.Домагк (1932 ж.) сульфаниламидты препараттарды алу жолын ашты.

Слайд 21

Негізгі топтары:

Сульфаниламидтер (стрептоцид, бисептол, норсульфазол, сульфадемизин, сульфазин, сульфапиридин, сульфамонотоксин, сульфадиметоксин, урасульфан, бактрим, сульфатон,

триметаприм т.б.)
Изоникотинқышқылының гидрозидтері (фтивазид, изониазид, тубазид, метазид, этионамид, протионамид т.б.)
Парааминосалицил қышқылының (ПАСК) өнімдері
Нитрофурандық препараттар (фуразолидон, фурациллин, метронидазол, тинидазол т.б.)
Хинолон өнімдері (налидаксин қышқылы, норфлоксацин, оксихинолин т.б.)

Слайд 22

Қойылатын шарттар:

Организмге улық қасиеті болмауы керек. Олардың зиянсыздығын химиотерапиялық индекс бойынша анықтайды. Ол

– организмге максимальдік төзімділік дозасының минимальді емдік дозасына қатынасы бойынша анықталады. Бұл көрсеткіш 3-тен жоғары болуы керек, себебі оның терапиялық дозасы төзімдік дозадан кем болуы керек.
Микроорганизмдердің әрбір топтарына таңлап айқын әсер етуі. Мыс.:антибактериялық, антипротозойлық, антивирустық т.б.
Бактериостатикалық (өсуін тоқтату) немесе бактериоцидтік (мүлдем жою) әсер етуі.
Микробтарда дәрі-дәрмектерге төзімділік пайда болуына әсер етпеу.

Слайд 23

Химиялық препараттардан басқа фармакологиялық препараттардан ең басты ерекшелігі – химиотерапиялық емдеу кезінде

үш фактор өзара әсер етеді: макроорганизм, микроорганизм және дәрілік зат, ал басқа фармако-терапиялық препараттарда (симптоматикалық, ауыс-тырушылық) – макро-организм және дәрілік зат.

Бұл жіктеу химиотерапиялық препараттардың микроағзалармен таңдамалы әсер етуіне байланысты, сонда ол микроағзаның дамуын бәсеңдетеді, өсуін тоқтатады, оған қоса таңдамалы токсикалық әсер етеді.

Слайд 24

Химиятерапиялық препараттар микроағзаның өмір сүру ортасына әсер етіп, микроағзаның токсиндерімен және оның

өнімдерімен қарым – қатынас жасайды, осылай бактериостатикалық әсер етеді. Химиотерапиялық препараттың біразы микроағзаларға тікелей әсер етеді де, бактериоцидті әсер етеді. Химиотерапиялық заттар этиотропты заттарға жатқызылып, оларды тағайындаудың негізгі талабы алдын ала айқындалады.

Слайд 25

Химиотерапияның басында инфекциялық қоздырғыш белгісіз болады да, химиотерапиялық препаратты тағайындау эмпирикалық түрде

жүргізіледі, және мүмкін болатын қоздырғышқа қарсы бағытталады. Осы кезде инфекциялық процесстің локализациясын , ауру симптомдарын , науқастың жеке ерекшеліктерін , лабораториялық зерттеудің мәліметтерін ескеру қажет.

Слайд 26

Егер науқас жағдайы ауыр немесе өміріне қауіп төнетін болса, антибактериальды терапияны аз

уақытта тағайын-дайды. Ал жағдайы ауыр емес науқастарға химиотерапиялық препараттарды идентификация мен антибактериальды зат-тарға қоздырғыштың сезімталдығын анықтағаннан кейін ғана тағайындау керек. Ауыр инфекция кезінде препараттың басу және бактериоцидті концентрациясымен қолдану керек.

Слайд 27

Минимальды басу концентрациясы (МБҚ) – қоздырғыштың өсуі басылатыны визуалды анық-талатын, in vitro жағдайындағы

химиялық препараттың ең аз концентрациясы. Оған қоса микроағзалардың 99,9% өлетін ең төмен бактерицидті концентрацияны (МБК) анықтайды. Бактерицидті белсенділікке ие бо-латын антибиотиктердің көрсеткіштері ұқсас болады.
Оптимальды доза – белгілі микроағзаға орналасатын қандағы немесе басқа ортадағы химиотерапиялық препараттың дозасы МБК-ның 2-3 есе артық болатын дозасы.

Слайд 28

Химиотерапиялық препараттарға қойылатын талаптар:

Химиотерапиялық препатта болу керек:
Этиотроптылық, яғни ауру қоздырғыштың және ісік жасушаларын

дамуын және өмір сүруін тоқтату, немесе оларды ағза тіңдерінде жою. Химиотерапия әрқашан да ауру себебіне бағытталады;
Келесі талаптар – химиопрепарат суда жақсы еру керек.
Аз еритін немесе ерімейтін заттар тек жергілікті әсерге қолданылады;
Химиотерапиялық препараттар, бір жақтан, ішкі ортада жеткілікті түрде тұрақты болу керек, бірақ, екінші жағынан, ол жинақталу эффектісіне ие болмау керек;
Химиотерапияда қолданылатын заттар ағзаға қауіпсіз болу керек.

Слайд 29


Химиотерапия вакцинацияға қарағанда әсер ету мақсаты ауруды болдырмау. Вирустық инфек-цияларға қолданылатын

химио-терапиялық препраттарды жасаудағы негізгі қиындық вирустар жасуша ішінде көбейіп, олардың жүйелерін қолданады да, соның кесірінен вирустың синтезіне әсер етуші препарат жасушалардың метаболимзмнің бұзылуына әкеледі.
Сондықтан вириостатикалық әсері бар белгілі антибиотиктер мен антиметаболиттер ағза ішінде эффективтлігі азаяды.

Слайд 30

Химиотерапиялық препараттардың аллергиялық реакцияларға ие болуына қарамастан, ол әсер мүмкіндігінше аз, минимальды

болу қажет.
Химиопрепараттардың бұл қасиеті (безвредность) химиотерапиялық индекс арқылы бағаланады, ол минимальды терапевтикалық препарат дозасының максимальды төзіділігін анықтайды.
Химиотерапиялық индекс неғұрлым аз болса, соғұрлым препарат жақсы деп саналады. Егер индекс 1-ге тең болса немесе тым үлкен болса, ондай зат химиотерапияда қолданылмайды.

Слайд 31

Жалпы: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы және асқынған респираторлық аурулар вирустар немессе

пневмо-кокктар мен тудырылады. Балалар мен кәрі адамдарды емдеу және хроникалық бронхиттер кезінде жартылай синтетика-лық пинициллендер – апициллин, амоксициллин н/е макро-лидтер – эритромицин қолданылады.

Фарингит және тонзиллит пайда болуын стрептококкты инфекциямен байланыс-тырады, және бензилпенциллин пре-параты қолданылады. Дәл сол уақытта Американдық кардиологтар ассоциа-циясы және БДҰ стрептококкты фарин-гит және тонзилитті емдеу үшін ұзақ уақыт әсер ететін пенициллиндер – би-циллин 5 қолданылады.

Слайд 32

Аллергиялық реакциялар – химиотерапияда жиі кездесетін асқыну түрі. Олардың көрінісі – жеңіл

формадан аса ауыр асқынуларға дейін,тіпті,анафилактикалық шокқа әкеп соғуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар препараттрдыңбелгілі бір түрінде пайда болса, сол топтағы антибиотиктерді қолдануға тыйым салынды. Мысалы хинолиндік негізде жасалған анти-биотиктердің біреуіне сезімталдық болса, айқас сезімталды-лық мүмкін болу салдарынан бұл топтағы препараттарды қолдануға шек қойылды.

Слайд 33

Химиотерапияның асқыну түрлері

1.Химиотерапияның асқыну түрлерін 2 топқа бөлуге болады:
Макроорганизм жағынан
Микроорганизм жағынан
2.Макроорганизм жағынан асқынулар:
Аллергиялық

реакциялар
Химиопрепараттардың тікелей токсикалық әсері (органотоксикалық)
3.Жанама токсикалық әсер (органотропты)
Антибиотиктердің иммунды жүйе активтілігіне әсері
Асқыну реакциялары
Дисбактериоздың пайда болуы.

Слайд 34

Химиопрепараттардың тікелей токсикалық әсері (органотоксикалық)
Ісікке қарсы антибиотиктер-гемато,гепато-және кардио-токсикалық қасиеттеріне ие, оған қоса

барлық амино-гликозидтер-ототоксикалық және нефротоксикалық әсері бар.
Фторхинолондардың ішінде-ципрофлоксацин (ципробай) ОЖЖ токсикалық әсері бар, ал фторхинолондердің өздерң артропатиялардың болуына әкеледі.
Жанама токсикалық әсер (органотропты)
Макроағзада жанам әсерін көрсетеді
Нитрофурандық препарат-фурагин, плацента арқылы еніп, ұрықта гемолитикалық анемияны тудыруы мүмкін.

Слайд 35

Антибиотиктер (anti-қарсы, bios-тіршілік) – кез келген организмдерден (соның ішінде микроорганизмдерден) алынатын, немесе син-тетикалық

әдіспен дайындалатын жоғарғы бел-сенділік қасиеті бар, микроорганизмдердің өсіп-өнуін тежейтін, немесе оларды бұзып-жоятын дәрі-дәрмектер. Ондай препараттар тек қана микроорганизмдерге әсер етіп қоймай, кейбір қатерлі ісік (обыр) жасушаларына да әсер етеді.

Слайд 36

Антибиотиктердің әсер ету механизмі

Микроб жасушасының тұрақты компоненттеріне, яғни тиісті нысаналарға (мишени)

әсер етуімен байланыс-ты. Нысана ретінде антибиотик әсер етеді: ЖҚ-на, ЦПМ-ға, НҚ-на, рибосомаларға. Әсер ету нәтижесін-де: ЖҚ-сының синтезделуі тоқтайды, ЦПМ бұзылады, рибосомаларда ақуыз синтезделуі басылады, репли-кациялану және транскрипциялану тежеледі, ДНК деңгейінде РНК-ның синтезделуі тоқтайды.

Слайд 37

Бактерияларға қарсы (антибактериальные) - көпшілігі.
Саңырауқұлақтарға қарсы – нистатин, клотримазол, ламизил т.б.
Қарапайымдыларға қарсы –

примахин, хлорохин, метронидазол т.б.
Туберкулезге қарсы – изониазид, рифампицин, этамбутол, ПАСК т.б.
Қатерлі ісіктерге қарсы – иммундыдепрессантты препараттар.
Вирустарға қарсы антибиотиктер деп бөледі.

Спецификалық белсенділігі бойынша:

Слайд 38

Антивирусты препараттар

Вирулоцидті препараттар - жасушадан тыс вириондарға әсер етеді (оксолин).
Ие жасушасының рецепторларына вирустың

адсорбциялануын тежейді (интерферон).
Жасушаға енген вирустың «шешілуін» бұзады (ремантадин).
Жаңа вириондардың құрылу сатысын тоқтатады (метисазон).
Вирустың репликациялануын (көбеюін) тоқтатады (видарабин, ацикловир т.б.).

Слайд 39

Микробтың антибиотиктерге төзімділігінің түрлері:

Табиғи төзімділік – антибиотик әсер ететін нысананың болмауы (L-пішінді бактериялар,

микоплазмалар).
Жүре пайда болған (приобретенная) төзімділік: біріншілік түрі – антибиотик және микроорганизм қасиеттерімен байланысты (гр(-) бактериялар пенициллинге төзімді).
Екіншілік – мутация, модификация және рекомбинация нәтижесінде бактерия геномының өзгеруімен байланысты. Екіншілік төзімділік – бір препаратқа, бірнешеуіне (полирезистенттілік, мультирезистенттілік), хромосомалық, R-плазмидалық (экстрахромосомалық гендермен плазмидалар және транспозондармен байланысты) болады.

Слайд 40

Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері:

Агарға деффузиялау (қағаз дискалар) әдісі. Қоректік агардың бетіне микроб

дақылын сеуіп, әр жеріне ара қатынасын сақтап әр түрлі антибиотиктер сіңірілген сорғыш қағаз дискаларын қояды. Нәтижесін бір тәу-ліктен кейін дискалар айналасындағы микроб өспеген зонаның диаметрін өлшеп анақтайды.

Слайд 41

Қағаз дискалық әдіс

Слайд 42

Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері:

2. Сұйық ортада сериялық сұйылту әдісі. Сұйық ортада (ЕПС)

қолданылатын а/б-тің екі еседен сұйытылған ертінділеріне зерттелетін микробтың бірдей доза-ларын қосып шығып, бір тәулік инкубациялағаннан кейін микроб өсіндісі жоқ пробирка бойынша нәтижесін анықтайды. Бұл әдіс бойынша МТК (МПК) және МКБ көрсеткіштерін анықтауға болады.

Слайд 43

Сериялық сұйылту әдіс

Слайд 44

МТК (МПК) - стандартты микроб штамының (тест-дақыл) өсіп-өнуін тоқтататын а/б-тің ең аз

мөлшері (концентрациясы).
МБК – минимальді бактериоцидтік концен-трация. Әдетте химиялық таза препараттың 1мкг-ы 1 ӘБ (ЕД)-не сәйкес келеді

Слайд 45

Антибиотикке сезімталдық дәрежесін бағалау:

Сезімтал - қалыпты дозада қолданғанда микроб өсуі тоқтайды. Микроб өспеген

зонаның диаметрі – 22 мм-ден жоғары.
Сезімталдығы орташа – емдеу үшін максимальды дозаны қажет етеді (диаметрі – 11-22 мм).
Төзімді – емдеу үшін а/б-тің өте жоғарғы концентра-циясын қажет етеді (зона диаметрі 11 мм-ге дейін одан төмен, тіпті дисканың қасында да микроб өседі).

Слайд 46

Сонымен а/б-пен емдеуден бұрын:

1) Науқастың сол а/б-ке сезімталдығын тері ішіне 1:10 есе сұйытылған

ертіндісін енгізіп анықтау керек (диаметрі 9 мм-ден жоғары болмауы керек).
2) Науқастан бөлініп алынған қоздырғыштың емдеу үшін қолданылатын а/б-ке сезімталды-ғын анықтау керек.

Слайд 47

Химиотерапия – инфекциялық және ісік ауруларын тірі ағза және қоздыр-ғыштың өнімі болып

табылмайтын химиялық препараттар аркылы емдеу. Химиятерапиялық препараттар микроағзаның өмір сүру ортасына әсер етіп, микроағзаның токсиндерімен және оның өнімдерімен қарым – қатынас жасайды, осылай бактериостатикалық әсер етеді. Химиотерапия вакцина-цияға қарағанда әсер ету мақсаты ауруды болдырмау. Вирустық инфекция-ларға қолданылатын химиотерапиялық препраттарды жасаудағы негізгі қиындық вирустар жасуша ішінде көбейіп, олардың жүйелерін қолданады да, соның кесірінен вирустың синтезіне әсер етуші препарат жасушалардың метаболимзмнің бұзылуына әкеледі.

Қорытынды:

Слайд 48

1. К.Д. Пяткин «Микробиология». Москва, «Медицина», 1980. 511бет, 406-433бб.
2. Ү.Т. Арықбаева, Г.Д Асемова,

К.Х. Алмағамбетов “Микробиология және вирусология” жалпы бөлім. Астана, 2005. 205бет, 45-46бб.
3. М.Н. Лебедева «Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии» 311бет, 246-260 бб.
4. Медициналық микробиология Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы Алматы-2010 жыл
5. http://kk.wikipedia.org/wiki/Химиотерапия

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Имя файла: Жасушалар-және-тіндер-дақылдары,-вирустарды-дақылдандыру-әдістері,-вирусологиялық-зерттеу-әдістері.pptx
Количество просмотров: 24
Количество скачиваний: 0