Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы презентация

Содержание

Слайд 2

Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен

Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара

байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады. 
Слайд 3

Стратегияның мақсаты мен басымдықтары Мақсаты. Өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге

Стратегияның мақсаты мен басымдықтары
       Мақсаты.  Өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi

мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары
      Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң қалған бүкiл аумағы үшiн өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру.       
Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру.       
Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру.       
Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

Слайд 4

Iс-қимыл стратегиясы Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi

Iс-қимыл стратегиясы
      Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi

кеңiстiктiк ұйымдастыра отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел ұстанымдануының жаңа қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету (3.2-бөлiм);       
Ел мен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануының қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға ықпал ететiн факторларды дамыту мақсатында:       
елдiң ресурстық (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) әлеуетiн ұтымды пайдалану (3.3.1-бөлiм);       
бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың және жүргiзудiң қазiргi заманғы модельдерiн енгiзу (3.3.2-бөлiм);       
экономикалық қызметтi және адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды (көлiк-коммуникациялық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, әлеуметтiк, рекреациялық және басқалары) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру көзделедi (3.3.3-бөлiм). 
Слайд 5

Тiрек қалаларды дамыту Екi деңгейдегi тiрек қалалар : 1. Ұлттық

 Тiрек қалаларды дамыту

Екi деңгейдегi тiрек қалалар :       1. Ұлттық деңгейде

- экономикалық макроөңiрлердiң: Қостанай қаласындағы орталығымен Солтүстiк, Қарағанды қаласындағы орталығымен Сарыарқа, Ақтөбе қаласындағы орталығымен Орал, Атырау қаласындағы орталығымен Каспий, Шымкент қаласындағы орталығымен Оңтүстiк, Өскемен қаласындағы орталығымен Ертiс, Алматы қаласындағы орталығымен Жетiсу орталықтарын бөле отырып, барлық қалалар - облыс орталықтары және Шығыс Қазақстанның аса маңызды көлiк торабы ретiнде Семей қаласы.        2. Өңiрлiк деңгейде - облыстық маңызы бар басқа перспективалы қалалар.       
Слайд 6

Шекара маңындағы қалаларға форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және

      Шекара маңындағы қалаларға форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және

қалыптастырылатын даму осьтерiнiң шеңберiнде халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi буынының рөлi берiледi.        Өздерiне таяу орналасқан шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қоса алғанда, тiрек қалалар өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың және кәсiпкерлiктi жандандырудың катализаторына айналады. 
      Экономиканың өңiрлiк нарыққа бағдарланған инновациялық секторын (ғылыми-технологиялық, сауда-логистикалық, қаржы, ақпараттық-бiлiм беру және iскерлiк қызмет көрсетулер) қалыптастыру тiрек қалалардың мамандануын әртараптандырудың бағытына айналуға тиiс.        Орталық деңгей тарапынан жекелеген қалаларды дамытуды қолдау өңiрлердi дамытудың стратегияларын (бәсекелi стратегияларды), даму бағдарламаларын және олардың iске асырылу серпiнiн талдау мен бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
Слайд 7

Қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi

 Қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу

  Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006

жылдарға арналған бағдарламаны және Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған  бағдарламаны  iске асыру.        Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру.        Шағын қалаларды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру.        Тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде қолайсыз аумақтардың елдi мекендерiнiң әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн қолдау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.
Слайд 8

Көлiктiк қолжетiмдiлiк бойынша таратып орналастыру аймақтарын қалыптастыру өлшемi

Көлiктiк қолжетiмдiлiк бойынша таратып орналастыру               аймақтарын қалыптастыру өлшемi

Слайд 9

Республика аумағын табиғи жағдайлары бойынша аймақтарға бөлу

Республика аумағын табиғи жағдайлары бойынша
аймақтарға  бөлу 

Слайд 10

Қазақстан Республикасы өңiрлерiнiң қалыптасқан мамандануы

  Қазақстан Республикасы өңiрлерiнiң қалыптасқан мамандануы

Слайд 11

Слайд 12

Күтiлетiн нәтижелер ЖаҺандану әрi әлемдiк нарықтағы қатал бәсекелiк күрес жағдайында

Күтiлетiн нәтижелер
      ЖаҺандану әрi әлемдiк нарықтағы қатал бәсекелiк күрес жағдайында

және iшкi нарықтың аз сыйымдылығын ескергенде белгiленген iс-қимыл стратегиясын iске асыру әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, елдiң, ең алдымен, жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге және өңiрде сервистiк қызметтердiң (сауда-логистикалық, көлiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалар) кең өрiсiн ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде де ұстанымдануына мүмкiндiк бередi.        Бiрiншi кезекте елдiң дамуы үшiн жаңа резервтер iздестiру мен пайдалануға бағытталған мұндай стратегия:        экономикалық процестерге экономикалық субъектiлердiң кең аясын тартуға, сол арқылы кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыра отырып, елдiң орнықты қоғамдық дамуының негiзi ретiнде орташа топты қалыптастыруға;       экономикалық белсендiлiктiң өсуiн, өңiрлерде бәсекеге қабiлеттi жаңа, ең алдымен, шикiзат ресурстарын пайдалануға байланысты емес мамандықтар қалыптастыруды, құлдырау үстiндегi индустриялық аудандарды конверсиялауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. 
Имя файла: Қазақстанның-экономикалық-даму-стратегиясы.pptx
Количество просмотров: 61
Количество скачиваний: 1