Қазақстанның сыртқы саясаты презентация

Содержание

Слайд 2

2000 жылға дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 138 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы

таныды, оның ішінде 120 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды, 64 халықаралық ұйымның мүшелігіне өтті. Әлемнің 32 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды. Бүгінде шетелде 32 елшілік, 1 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық және 1 төлқұжат-виза қызметі және Қазақстанда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

Слайд 3

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған кезден бастап-ақ оньң Бас Ассамблеясының жыл

сайын қыркүйекте өтетін сессияларына, басқа да мәжілістеріне қатысып, бүкіл қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты ұсыныстарын білдіріп келеді. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі түрлі ұсыныс жасады.

Слайд 4

Оның біріншісі - барлық ел үкіметтерінің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы

бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула бойынша әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді.
Екінші ұсынысы - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру. Елбасы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып Қазақстанның сыртқы саясатын айықындауда айтарлықтай рөл атқарды.

Слайд 5

1994 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы

құрамымен және студеттермен кездесуінде жария еткен Еуразиялық одақ туралы идеясы қазіргі уақытта өзінің өміршендігімен белгілі болып отыр. 2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 2006 жылы 25 қаңтарда Өзбекстан мемлекеті қосылды.

Слайд 6

Бұл ұйымның басты мақсаты өзіне мүше елдер аумағында еркін сауда аймағын кұру, бірыңғай

кедендік тарифтер қолдану, ДСҮ-ға мүшелікке кіруде келісілген ұстанымда болу, сыртқы шекаралар қауіпсіздігін сақтау, әлеуметгік-экономикалық даму үрдістері барысында келісілген бағдарламалар қабылдау, энергетика мен көлік салаларында ортақ рынок құру және т.б. мәселелерді қамтиды.

Слайд 7

Қазақстан Республикасы сонымен бірге 2002 жылы құрылған Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымына (ОАЬІҰ), 2000

жылы алғашқыда «Шанхай бестігі» болып құрылған, қазіргі уакыттағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ), 2003 жылы 19 қыркүйекте Ялта қаласында құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) ұйымына мүше болып саналады.

Слайд 11

Қазақстан мен Ресейдің шекараларды қорғауды қамтамасыз етуде, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі аймақта

күштердің тепе-теңдігін ұстау және ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды қолдануда өзара ортақ пікір бар. Сондықтан, тараптардың екеуі де осы салада және келешекте де тығыз өзара бірлескен іс-қимыл қажеттілігін жете түсінеді.
Экономикалық өсудің ізгі алғы шарттары Орталық Азия мемлекеттерінің мұнай және газ индустриясын дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін қалыптастырады, аймақтық тасымал мен коммуникацияның әр түрлі салаларын дамытудың зор келешегі бар. Экономиканы интеграциялау, негізінен алғанда, оның барлық қатысушыларына тек пайда әкеліп, Орталық Азия елдерінің Азия және бүкіл әлемдік рыноктарына шығуына жол ашады.

Слайд 12

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл

мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан

Слайд 13

Қазақстан және Қытай: ынтымақтастықтың негізгі багыттары
Қазақстанның ҚХР-мен шектесіп жатқан аудандарында және Шыңжан Ұйғыр

Автономиялық ауданында тұратын халықтардың тарихи және этникалық жақындастығы да бүл қатынаста белгілі бір рөл аткарады. Осы елдердің экономика саласындағы қарым-қатынасы өзара тиімді, ауқымды және пайдалы болатынына сенім ұялатады. Мәселен, екі ел аумақтары арасындағы тікелей транспорттық қатынастың ашылуы, Қытайға Орталық Азия аймақтарының рыноктарына, сондай-ақ Еуропаға және Закавказияға шығуға мүмкіндіктер берді. Сонымен бірге Қазақстан үшін Қытай аумағы арқылы Тынық және Үнді мұхиттарына шығу мүмкіндігі ашылды.

Слайд 14

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая

түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Слайд 15

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл

байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады.

Слайд 16

Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға

басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды.
Имя файла: Қазақстанның-сыртқы-саясаты.pptx
Количество просмотров: 19
Количество скачиваний: 0