Сыртқы сауда операциялары. 6 тақырып презентация

Содержание

Слайд 2

Кәсіпорындар арасындағы сыртқыэкономикалық байланыстар сыртқыэкономикалық операциялар көмегімен нақты жүзеге асырылады, ол дегеніміз СЭІ

қандай да бір түрін немесе формасын дайындау, қорытындылау мен атқару бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Сыртқыэкономикалық операция нақты мәселелерді шешуге бағытталған, оларды орындау үшін ұйымдық және коммерциялық сипаттағы кезеңдік әрекеттер қажет.

Слайд 3

Сыртқыэкономикалық операциялардың субъектілері – кәсіпорындар мен ұйымдар, одақтар мен кәсіпорын бірлестіктері, кәсіпкерліктер бірлестіктері.
Сыртқыэкономикалық

операциялардың объектілері – материалдық процестер: тауарлар және қызметтермен сауда-саттық, өндірістік, ғылыми-техникалық және инвестициялық қызметтестік.
Сыртқыэкономикалық операциялар негізгі және қызмет көрсетуші немесе көмекші деп жіктеледі.

Слайд 4

Негізгі операциялар:
Материалдық формада тауарлармен халықаралық айырбас жасау бойынша;
Ғылыми-техникалық білімменхалықаралық алмасу бойынша;
Техникалық ыжәне құрылыс

қызметтерін, ақпаратты ұсыну бойынша;
жалғалық;
түрлі формалардағы халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық қызметтестік бойынша.

Слайд 5

Көмекші операциялар (қызмет көрсетуші) — бұл негізгі операцияны жүзеге асыру мүмкін болмайтын операциялар.

Оларға мыналар жатқызылады:
тасымалдау;
сақтау;
сақтандыру;
есеп-айырысу-қаржылық сипаттағы.

Слайд 6

Сыртқыэкономикалық операциялар (СЭО) экономикалық, валюта-қаржылық және құқықтық сипаттағы өзара қатынастардың кең кешенін қамтиды.
Сыртқы

сауда мәмілесі — бұл түрлі елдердегі тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастарын орнату, өзгерту немесе тоқтатуға бағытталған және экспортты-импорттық, бір реттік, тауар айырбастық, ұзақ мерзімдік және өзге де мәмілелер сипатына ие әрекет.

Слайд 7

Сыртқы сауда келісім-шарты — бұл келісілген шарттарға сәйкес белгіленген тауар көлемін жабдықтау немесе

қызмет көрсету көлемін көрсету бойынша түрлі елдерде орналасқан екі немесе бірнеше фирмалар арасындағы келісім-шарт.

Слайд 8

Қазіргі таңда сыртқыэкономикалық мәмілелерге келесі сипатты белгілер тән:
халықаралық айналымға түсетін өнімнің ассортиментін, номенкластурасын

кеңейту;
келісім-шартты атқару мерзімін ұзарту;
кешенді сипат, онда бүгінгі күнгі ірі ауқымды мәмілелер консорциумдарды құру барысында компаниялармен жүзеге асырылады;
«кілт астында» жабдықтау тәжірибесін кеңейту.

Слайд 9

Оферта дегеніміз ұсыныс жасаған тұлғаның ұсынысты қабылдаған адресатпен келісім-шартқа отырдым деп есептейтін, бір

немес бірнеше нақты тұлғаларға бағытталған ұсыныс. Офер¬та шарттың маңызды шарттарын қамтуы керек; Вена конвенциясының 14 бабына сәйкес оларға тауардың сипаттамасы, оның сапасы мен бағасы жатқызылады.
Акцепт дегеніміз оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы. Акцепт толық та сөзсіз болуы керек. Оферта қабылдаған тұлғаның шарттағы жағдайларды жүзеге асыруы акцепт болып есептеледі, егер ол шаралар акцепт үшін белгіленген мерзімде орындалуы керек.

Слайд 10

Қатты оферта — бұл мерзімі көрсетілу арқылы бір мүмкін болатын сатып алушыға оферентпен

жіберілген белгілі тауар партиясын өткізуге жазбаша ұсыныс.
Еркін оферта бір тауарлар партияларының мүмкін болатын бірнеше сатып алушыларына жіберіледі. Ол жауап үшін мерзімді орнатпайды, сондықтан оферентті өз ұсынысымен байламайды.

Слайд 11

Экспортты мәмілені дайындаудың келесі кең таралған тәсіліне сатып алушыдан алынған тапсырыс шартын талқылау

жатқызылады.
Тапсырысты дәлелдеу — бұл тапсырыс шарттарын қабылдау туралы экспортердің хабарламасын білдіретін коммерциялық құжат.
Егер келіссөзге түсу инициативасы сатып алушыдан түсетін болса, онда оның офертаны жіберу туралы сатушыға ұсынысы сұрау деп аталады. Сұраулардың басты мақсаттарының бірі – экспорттық фирмалардан нақты ұсыныстарды алу, олардан талдау нәтижесінде ең жақсылары таңдалып алынады.

Слайд 12

Сыртқы сауда (халықаралық) келісім-шарты – бұл түрлі елдердегі тараптар арасындағы келісім-шарт.

Келісім шарт –

бұл қандай да бір мәселел бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітетін пункт, параграф немес шарт бабы. Баптарда шарт бойынша контрагенттердің өзара міндеттері мен құқықтары сипатталады.

Слайд 13

Келісім-шартқа әдетте сатушы мен сатып алушы үшін ортақ болып табылатын ережелер енгізіледі:
Шығындарды есептеу

түсінігі мен тәртібі, оларды өтеу тараптардың біреуінің құқықты бұзуын талап етуі мүмкін;
Төлемді кешіктіру бойынша пайыздар алуға құқық;
Жауапкершіліктен босату қағидасы;
Шартты бұзу салдарлары;
Атқаруды тоқтату құқығы;
өзге тараптың тауарын сақтау бойынша міндет.

Слайд 14

Сатып алу-сату келісім-шарттарының мынадай түрлері болады:
бір реттік жабдықтау шарты;
үнемі жабдықтау шарты (келісілген уақыт

аралығында үнемі жабдықтауды қарастырады);
ақшалай формада төлем жүргізу шарты;
тауарлы формада төлем жүргізу шарты (тауарайырбас мәмілесі, компенсациялық мәміле);
аралас формада төлем жүргізу шарты.

Слайд 15

Бір реттік жабдықтау шарты – белгілі мерзімде, күнде, уақыт мерзімінде келісілген тауар көлемін

жабдықтауды қарастыратын жалғыз ғана келісім-шарт.
Бір реттік келісімдерде жабдықта мерзімі қысқа және ұзақ болуы мүмкін;

Слайд 16

үнемі жабдықтау шарты келісім-шартта көрсетілген уақыт бойы белгілі тауар санын үнемі жабдықтау дегенді

білдіреді, ол қысқа мерзімдік (әдетте бір жыл) және ұзақ меозімдік болуы (5 - 10 жыл, кейде одан да көп) мүмкін;

Слайд 17

Жиынтық құрал-жабдықты жабдықтау шарты экспортер мен сатып алушы арасында байланыстың болуын қарастырады –

құрал-жабдық импортері, сондай-ақ осындай жабдықтауға қатысатын маманданған фирмалар арасында байланыстың болуы. Мұнда бас жабдықтаушы жабдықтаудың толық болу ымен уақытылы жабдықталуына жауапты болады.

Слайд 18

Тауарға төлем жүргізу формасына байланысты:

Ақшалай формада немесе тауарлы формада жартылай немес толық түрде

төлем жүргізу келісім-шарттары. Ақшалай формада төлем жүргізу келісім-шарттары шартта көрсетілген төлем тәсілдерін (қолма-қол төлем, аванспен төлем және несие) және есеп-айырысу формаларын (инкассо, аккредитив, чек, вексель) қолдана отырып, тараптармен келісілген валютада есеп-айырысуды білдіреді;
Имя файла: Сыртқы-сауда-операциялары.-6-тақырып.pptx
Количество просмотров: 78
Количество скачиваний: 0