Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру
Шекараның беріктігі мен мемлекеттің әскери қауіпсіздігі тікелей
тәуелді бас институттардың бірі – Ұлттық Қарулы күштер. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанда әскери құрылысқа байланысты тәжірибе болмады.
Әскеріміз қалыптасып жатқан уақыттың қиыншылықтарына қарамастан, біз қысқа мерзімде Қарулы күштерді басқару жүйесін құрып, әскерді қаржы- ландыру, оны техника және құрал-жабдықпен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету жүйелерін жасақтадық. Соңынан әскеріміз өтпелі кезең сындарынан абыроймен шықты деуге толық негіз бар.
Қорғанысты ұйымдастыру принциптерін, мемлекеттік билік пен басқару- дың өкілеттігін нақтылайтын 1993 жылдың 9 сәуіріндегі «Қазақстан Республи- касының Қорғанысы және Қарулы күштері туралы» заңының басты да негізгі маңызы болды.