Көшпелілердің киімдері. Ат әбзелдері мен ақинақ презентация

Слайд 2

Қазақтардың дәстүрлі киімі толығымен көшпелі өмір салтына бейімделген болған. Ерлердің

Қазақтардың дәстүрлі киімі толығымен көшпелі өмір салтына бейімделген болған. Ерлердің киімі

көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Бейбіт уақытта жеңіл шыт және тоқыма маталар қолданылған. Ал жаугершілік заманда киім-кешек негізінен былғары мен болат сауыттардан құралған. Қыста қысқа күпілер киген. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған.
Слайд 3

Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері

Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері ұзын,

кең етекті болған, олардың астынан сол матадан тігілген шалбарлар киген. Көйлектің сыртынан жүн, сондай-ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Аяқ киімдері биік өкшелі нәзік сахтияннан пішілетін болған. Бас киімдері тақиялар, елтірі жиекті әр түрлі пішімді бас киімдер (бөрік, орамал) болған. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Кейде кимешектің орнына арқа мен иықты жауып тұратын үлкен орамал – сұлама орамал пайдаланылған. Көйлектің сыртынан немесе шалбармен бірге жас әйелдер оюмен өрнектеліп кестеленген кең етекті белдемше киген.
Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Ат әбзелдері

Ат әбзелдері

Слайд 10

Ақинақ Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және

Ақинақ

Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер.Ақинақ

б.з.б. 5-3 ғасырда қолданылған. Оның ұзындығы 40-50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне ақинақтың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф ақинақтарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат ақинақтарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. Ақинақ оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған.
Имя файла: Көшпелілердің-киімдері.-Ат-әбзелдері-мен-ақинақ.pptx
Количество просмотров: 39
Количество скачиваний: 0