IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар презентация

Слайд 2

І. ОҚЫЛЫМ

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне

ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi:
– Жомарт, Құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.
Жомарт айтты дейді:
– Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшараларданжиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер үлгі алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртіншісі: Құдай Тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, – деді. (Ыбырай Алтынсарин)

Слайд 3

1-2. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А. Атымтай жомарт қандай кейіпкер? [1]
-----------------------------------------------------------------------------------
Ә. Мәтінде

көтерілген мәселе не? [1]
--------------------------------------------------------------------------------------
3-4. Жомарт пен сараң адамның бейнесін салыстырыңдар. [2]

5. Құнды пікір: Егер мен есепсіз бай болсам,...
------------------------------------------------------------------------------------- [1]

Имя файла: IІ-тоқсан-бойынша-жиынтық-бағалауға-арналған-тапсырмалар.pptx
Количество просмотров: 73
Количество скачиваний: 1