Зейін Жүнісбекұлы Шашкин презентация

Слайд 2

Қысқаша өмірбаяны:

Шашкин Зейін Жүнісбекұлы 31.12.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып

Қысқаша өмірбаяны: Шашкин Зейін Жүнісбекұлы 31.12.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып —
— 29.3.1966, Алматы қаласында өмірден озды. Жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында оқыған. 1933 — 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында, ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, 1949 — 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған. Шашкин Зейін Жүнісбекұлы баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап көрінді.

Слайд 3

Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916

Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс,
жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты” (1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда” (1957), сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір тынысы” (1964), “Ақбота” (1966) повестері мен әңгімелер жинақтары, Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958).

Слайд 4

Адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы

Адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның рөлі, дәрігердің
қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларда қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет ел тілдеріне аударылды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған
Имя файла: Зейін-Жүнісбекұлы-Шашкин.pptx
Количество просмотров: 78
Количество скачиваний: 0