Слайд 2
![Бүйрек құрылысы 1 — несепағар; 2 — бүйрек венасы; 3](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-1.jpg)
Бүйрек құрылысы
1 — несепағар;
2 — бүйрек венасы;
3 — бүйрек
артериясы; 4 — ми қабаты;
5 — қатпарлы қабаты; 6 —астауша;
7 — бүйрек пирамидалары;
8 — бүйректің ірі тостағаншалары.
Слайд 3
![Нефронының құрылысы: 1 — әкелуші шумақтық артериола; 2 — әкетуші](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-2.jpg)
Нефронының құрылысы:
1 — әкелуші шумақтық артериола;
2 — әкетуші шумақтық артериола;
3 — шумақтық капиллярлар шоғыры;
4 — бүйрек шумақшасы капсуласының сыртқы және ішкі бөліктері (Шумлянский —Боумен капсуласы);
5 —капсуланың іші;
6 — проксимальды өзекше;
7 —Генле арнасының төмендеме бөлігі;
8 — Генле арнасының өрлеме бөлігі;
9 — дистальды өзекше;
10 — зәрді жинаушы түтікше.
Слайд 4
![Негізгі шағымдары: бел аймағының ауырсынуы, зәр шығарудың бұзылуы, зәр түсінің](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-3.jpg)
Негізгі шағымдары:
бел аймағының ауырсынуы,
зәр шығарудың бұзылуы,
зәр түсінің өзгеруі,
ісіну,
бас айналу, бас ауруы,
көру қабілетінің нашарлауы
Слайд 5
![Белдің ауырсынуы: а)ұстамалы түрде «бүйрек шаншуы» - несеп жолында бөгет](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-4.jpg)
Белдің ауырсынуы:
а)ұстамалы түрде «бүйрек шаншуы» - несеп жолында бөгет болуынан.
б)үздіксіз, тұрақты ауырсыну -бүйрек капсуласы керілуінен .
Слайд 6
![Ісіну - таңертең қабақтары, беті ісініп тұрады, кейбір науқастарда түгел](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-5.jpg)
Ісіну - таңертең қабақтары, беті ісініп тұрады, кейбір науқастарда түгел денесіне
тарайды. Бүйректік ісіну (бүйрек капиллярларының өткізгіштігі жоғарылауына немесе қанда онкотикалық қысым төмендеуіне, Na+ иондарының көбеюіне байланысты). Бүйрек шамасыздығы дамығанда бүкіл денесі ісінеді.
Слайд 7
![Беттің ісінуі Қолдың ісінуі](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-6.jpg)
Беттің ісінуі
Қолдың ісінуі
Слайд 8
![Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы. Бір тәулікте шығарылатын зәрдің мөлшері](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-7.jpg)
Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы. Бір тәулікте шығарылатын зәрдің мөлшері
диурез деп аталады.
Тәуліктік диурездің көбеюі - полиурия зәр шығарудың жиілеуі – поллакиурия, ауырсынып зәр бөлу – странгурия, тәуліктік мөлшерінің азаюы – олигурия зәр шығарудың толық тоқтауы -анурия, ишурия-зәрден қуықты босата алмау, никтурия-түнгі зәрдін жиілеуі, изурия-зәрдің тұрақты түрде бір уақытта бөлінуі, изостенурия-шығарылған зәрдің тығыздығы үнемі бірқалыпта қалуы
Слайд 9
![Қарағанда: Тері түсі ақшыл бозғылт болуы (анемияның, ісінудің әсерінен капиллярлардың](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-8.jpg)
Қарағанда:
Тері түсі ақшыл бозғылт болуы (анемияның, ісінудің әсерінен капиллярлардың тарылуымен
байланысты).
Беті, қабақтары ісінгенде - беті домаланған, көздері сығырайған болады. Бүкіл денесі ісінгенде (анасаркада) жатқан төсегінің батқан жерлерінде із қалады.
Слайд 10
![Пальпация: сау бүйректі сипап сезу қиын. Бүйректің төмен түскенін (нефроптоз), ауырсынуын, үлкеюін, қатаюын анықтауға болады.](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-9.jpg)
Пальпация: сау бүйректі сипап сезу қиын. Бүйректің төмен түскенін (нефроптоз), ауырсынуын,
үлкеюін, қатаюын анықтауға болады.
Слайд 11
![Перкуссия: соққылау тәсілі қолданылады. Ауырсыну сезсе, ол бүйрекке тас түзілу](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-10.jpg)
Перкуссия: соққылау тәсілі қолданылады. Ауырсыну сезсе, ол бүйрекке тас түзілу ауруына,
паранефритке, бүйрек тіні мен астаушасының қабынуы болуы мүмкін.
Пастернацкий сынамасы алдымен несепте эритроциттің бар-жоғы анықталады, сосын бүйрек тұсын соққылағаннан кейін несеп қайтадан зерттеледі. Сонда несептегі эритроциттің саны көбейсе немесе көзге көрінерліктей қан араласса, онда сынама оң болғаны.
Слайд 12
![Қуықты перкуссиялау: несеп кернеген қуықтың түбін анықтайды. Ол үшін кіндіктен](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-11.jpg)
Қуықты перкуссиялау: несеп кернеген қуықтың түбін анықтайды. Ол үшін кіндіктен
төмен қарай, тұйық дыбысқа дейін перкуссиялау керек.
Слайд 13
![Аускультация: бүйрек артерияларын тыңдау. Науқасты отырғызып тыңдайды (ұзын бұлшық еттің](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-12.jpg)
Аускультация: бүйрек артерияларын тыңдау. Науқасты отырғызып тыңдайды (ұзын бұлшық еттің ХІІ
қабырғамен қиылысқан жерінде) және іште кіндік деңгейінен 3 см сырқа қарай және 3 см жоғарырақ жерде тыңдалады. Бүйрек артериясы тарылғанда систолалық шу естуге болады.
Слайд 14
![ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Лабораториялық зерттеу әдістері Зәрдің жалпы анализі II.](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-13.jpg)
ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Лабораториялық зерттеу әдістері
Зәрдің жалпы анализі
II. Несепті бактериологиялық зерттеу
III. Нечипоренко
әдісі
IV. Аддис-Каковский әдісі
V. Зимницкий сынамасы
YI. Қанның биохимиялық анализі
YIІ. Қанның жалпы анализі
Слайд 15
![Аспаптық зерттеу әдістері ультрадыбыспен зерттеу, рентгенологиялық әдістер, эндоскопиялық әдістер, радиоизотопты әдістер, биопсия, сканерлеу.](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-14.jpg)
Аспаптық зерттеу әдістері
ультрадыбыспен зерттеу,
рентгенологиялық әдістер,
эндоскопиялық әдістер,
радиоизотопты әдістер,
биопсия,
сканерлеу.
Слайд 16
![Ультрадыбыспен зерттеу: Рентгеннен ерекшелігі: бүйректің мөлшері аз болып көрінеді. Өйткені](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-15.jpg)
Ультрадыбыспен зерттеу:
Рентгеннен ерекшелігі: бүйректің мөлшері аз болып көрінеді. Өйткені
дыбыс қайта оралғанша азаяды. Ұзындығы - 7,5-12 см-ге дейін болуы мүмкін (бүйрек ісігін, сарысу ісігін, бүйрек тастарын, бүйрек поликистозын, гидронефрозды және бүйрек туберкулезын анықтауға болады).
Слайд 17
![Рентгенологиялық әдістер: Жалпы шолу урографиясы; Экскреторлық урография; Ретроградты урография; Пневморен; Бүйрек артериясының ангиографиясы](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-16.jpg)
Рентгенологиялық әдістер:
Жалпы шолу урографиясы;
Экскреторлық урография;
Ретроградты урография;
Пневморен;
Бүйрек артериясының ангиографиясы
Слайд 18
![Компьютерлік томография-рентген сәулесін бүйрекке жан-жағынан жіберіп, оның томограммасын компьютерді пайдаланып](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-17.jpg)
Компьютерлік томография-рентген сәулесін бүйрекке
жан-жағынан жіберіп, оның томограммасын компьютерді
пайдаланып түсіру тәсілі (ісікті, поликистозды анықтау үшін қолданылады).
Слайд 19
![Эндоскопиялық әдістер: цистоскопия, хромоцистоскопия. Цистоскопия - қуық ішін арнайы аспап](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/286658/slide-18.jpg)
Эндоскопиялық әдістер: цистоскопия, хромоцистоскопия.
Цистоскопия - қуық ішін арнайы аспап
цистоскоппен қарау.
Хромоцистоскопия - организмге енгізілген бояу индигокарминнің несеп жолдары арқылы бөлінуін цистоскоппен қарау. Қалыпты жағдайда венаға еккенде 3-5 минуттан кейін бояу бөліне бастайды. Бұлшық етке еккенде 10-15 минуттан кейін бөліне бастайды.