Содержание
- 2. Паразиттiң iшектiк (жыныстық жетiлген) және бұлшық еттiк (личинка-балаң құрт) екi формасы болады. Жыныстық жетiлген трихинеллалар ет
- 3. Трихинелласы бар ет адамға өте қауiптi, паразит токсин (уыт) түзедi. Ет талшықтарында болатын өзгерiстер осы токсинмен
- 5. Ажырату диагнозы. Тексерiстегi етте екi емiзiкшелi (двуустка) бұлшық ет паразитi (Adamodistomum suis) - болуы мүмкiн. Бiрақ
- 6. Цистицеркоздар - (финноздар ет құрты) – Cysticercosis - гельминтiнiң личинка формасы (көпiршiк) малдың бұлшық етiнде немесе
- 7. Шошқаның цистицеркозы - Cysticercus cellulose (целлюляр цистицеркi). Жыныстық жетiлген формасы - Taenia solium (шошқа таспа құрты)
- 8. Егер де бас немесе жүрек бұлшық еттерiнен немесе ұша бұлшық етiнiң бiр тiлiгiнде кескен (көлемi 40
- 9. Залалсыздандырылған ет (тоңазытқан, тұздаған) фаршталған шұжық, фаршталған консервi өндiрiсiнде пайдаланылады, ал субөнiмдерiнен ливер шұжығын дайындайды. Мұндай
- 10. Саркоцистоз - Sarcocystosis тұқымына жататын қарапайым жәндiктер тудыратын клиникалық белгiсi байқалмайтын ауру. Алғашқы рет бұл паразиттi
- 11. Санитариялық баға. Бұлшық еттерiнен саркоцист табылғанымен, оларда азғындау өзгерiсi болмаса ұшаны шектеусiз шығарады. Бұлшық еттерiнiң түсi
- 12. Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланысты инвациямен зақымдану жоғары болмаса ауру клиникалық көрініссіз
- 13. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Эхинококтермен зақымданған бауыр мен өкпеден сҰйық кернеген жылауықты көруге болады. БҰндай ағзалар ұлкейедi
- 14. Фасциолез-Fasciolosis. Аурудың қоздырушысы сорғыш класына жататын- Fasciola hepatica,F.gigantica.Фасциола өт жолдарын және сирек жағдайда өкпенi зақымдайды. Ауылшаруашылық
- 15. Санитариялық баға. µшасын әдетте шектеусiз шығарады. Iшкi ағзалары бауыры мен өкпесiн аз зақымданса тазартқаннан кейiн шығарады.
- 16. Адам трихомонозын Tr.vaginalis – тудырады. Триномоноздардың басқа турлері, жылқыда екі түрі (бірі мұрын қуысында, асқазанда және
- 17. Егер ауру жатырдың іріңді қабынуымен асқынған болса ұшаны санитариялық бағалау бактериологиялық тексеру қорытындысына байланысты шешіледі, ал
- 18. Асқазанда сыртқы қабатынан айырылып, одан шыққан анкнсфера ішектін өтіп, қан арқылы миға, жұлынға орналасады, 3 ай
- 19. Тек қана мал ауыратын инвазионды аурулар. Іылмойынды цистицеркоз- (Цистицеркоз тонкошейный)-Cysticercosis tenuicolis-қасқыр, және басқа еткоректi хайуандардың iшектерiнде
- 20. Іойдың цистицеркозы- (қой етқұрты) Cistisercosis ovis-иттiң iшегiнде паразитарлық тiршiлiк ететiн Taenia ovis таспа гельминтiнiң личинкасынан пайда
- 21. Жабайы және ұй қоянының цистицеркозы-Cysticercosis pisi formis-иттiң iшегiнде тоғышарлық тiршiлiк ететiн Taenis pisiformis личинкасынан болады. Паразит
- 22. Сойғаннан кейiнгi диагностика. ІҰрсақ қуысының сiрi қабықтары, бауыр, қарын, көк бауыр, өкпесi және басқа ағзаларын жақсылап
- 23. Санитариялық баға. Етi сарғыштанбаған және азғындамаған Ұшаны және iшкi ағзаларын шектеусiз шығарады. µшаның сарғыш тұсi кетпесе,
- 24. Эимориозбен негізінен жас құс, қоян сирек ірі қара, қой ауырады. Қоздырушысы: құста эимерияның 10, қойда 9,
- 25. Киеңкi-(случайная болезнь лошадей) немесе қарақаптал тоипаносомоз жылқының Trypanosoma eguiperdum паразитi қоздыратын, негiзiнен шағылыс қатынасы кезiнде жҰғатын
- 26. Сойғаннан кейiнгi диагностика. µша мен ағза кiлегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мұшелерi маңында домбығу, жара, тұсiнiң өзгеруi
- 27. Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгiлерi көп байқала бермейдi. Паразит қанға енгенде дене қызуы көтерiлуi мұмкiн.
- 28. Ішекті жұмыртқадан балаңқұрт шығады да нәжіспен бірге срытқы ортағы түседі. Балаңқұрт екі рет түлеп, инвазиялық түріне
- 29. Қоздырушысы. Metastrongylis – аң немесе сары түсті ұзын, жіңішке құрт. Еркегінің ұзындығы 12-20 см, ұрғашысы –
- 30. Шошқа аскаридозы Негізінен 2-6 айлық торайлардың созымалы ауруы. Қоздырушысы Ascaris suumшошқаның ащы, сирек жағдайда ен екі
- 31. Қоздырушысы – Parascaris guorum. Ірі жұмыр құрт еркегінің ұзындығы 15-30, ұрғашылары 20-40 см. Мал нәжісімен сыртқа
- 32. Сойғаннан кейінгі диагностика. Ашы ішекті құрт көрінеді ішек қабынған күшті зақымданған төл етінен хлороформ немесе эфирге
- 33. Парамористомоздар – қоздырушылары қанмен қоректенетін паразит. Олар ірі қараны, қой, ешкі, енеке, бұлан және басқа да
- 34. Гиподерматоз (оқыра, сәйгел). Ірі қараның (қой, ешкі, жылқының) тері астын мекендейтін, Hypederma туысына жататын бөгелектердің балаң
- 35. Қоздырушысы – балаң құрттар оның даму кезеңі үш сатыға бөлінеді. Қойдың танауына енген балаң құрттардың (сатысы
- 36. Сойғаннан кейінгі диагностика. Альфартиозды перитонит, құрсақы қазарған, гематомалар көрінеді. Сірі қабатынан қызғылт және аң түсті, ұзынша
- 37. Санитариялық баға. Ұша мен ағзалар өндірістік өңдеуге жіберіледі арық мал ұшасы, ағзаларын ағзындау белгісі (гидремия, лимфа
- 38. Жұқпайтын ауруларда ұша мен ағзаларды малдәрiгерлiк-санитарлық сараптау. Бұл тарауда шаруашылықта көп кездесетiн жұқпайтын ауруларда сойыс өнiмдерiн
- 39. Флегмона-(Phlegmone)-борпылдақ дәнекер ұлпаның, диффузиялық таралуға бейiмдi, iрiңдi жiтi қабынуы. Абцеске қарағанда, бұл аса қауiптi, демек зақымданған
- 40. Санитариялық баға. Пиемияда ұша мен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал iрiңдi жарасыз септицемияда iшкi ағзаларын
- 41. Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Жүректiң және қаңқаның бұлшық еттерiнде дегенеративтi-некроздық процестiң (морфологиялық өзгерiс) болуына орай, көпшiлiк малдың
- 42. Санитариялық баға. Гидремияның белгiсi анық бiлiнген ұшаны ағзаларымен қоса техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Егер де ауру
- 43. Эндемиялық остеодистрофия-негiзiнен 3-6 жасар сиырларда кездеседi, яғни айтқанда малдың организмiнде минералдық зат алмасу процесi бұзылғанда кобальт
- 44. Арықтау-жүдеу. Ауру немесе ұзақ уақыт ашыққан малдың организмiнде зат алмасу процесi бұзылғандықтан мал арықтайды. Еттi ветсансараптағанда
- 45. Iшкi ағзалардың аурулары. Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, сондай-ақ бронхит, плеврит, бронхопневмония және плевропневмония сияқты жұқпайтын аурулар
- 46. Сойыс малында, әсiресе iрi қара малды бауыздаған кезде өкпеге қан және жын түсуi (аспирация) ықтимал. Доңыздың
- 47. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бауырдың паренхимасының бет жағында алғашқыда қызарған, сонан соң көкшiл-қызыл немесе күлгiн-қара түстi, үлкендiгi
- 48. Iш кебу-(Timpania)-ұлтабардың (қарын) және iшектiң шырышты қабығының геморрагиялық қабынуы, жарақатты ретикулит. Бұл ауруларда ағзаларда көзге көрiнетiн
- 49. Iсiк - (неоплазма) - сойыс малында зиянсыз iсiктер оның iшiнде нейрофиброма және липома жиi кездеседi. Нервтiң
- 50. Санитариялық баға. Зиянды (қатерлi) iсiкпен, сондай-ақ көптеген зиянсыз iсiкпен ұшаның зақымдалған бөлiктерiн техникалық қайта өңдеуге жiбередi,
- 51. Ұлпалардың термиялық зақымдануы. Бұның iшiнде ветеринариялық-санитариялық сараптау тәжiрибесiнде жиi кездесетiнi күйiк. Ет пен ағзалардағы паталогиялық-анатомиялық өзгерiстер
- 53. Скачать презентацию
Слайд 2Паразиттiң iшектiк (жыныстық жетiлген) және бұлшық еттiк (личинка-балаң құрт) екi формасы болады. Жыныстық
Паразиттiң iшектiк (жыныстық жетiлген) және бұлшық еттiк (личинка-балаң құрт) екi формасы болады. Жыныстық
8-10 апталық өмiрiнде әр ұрықтанған трихинелла ұзындығы 0,08-0,12 мм және енi 0,006 мм 1500 ден 4000 дейiн личинкалар туады, олар алдымен сөл, сонан соң қан жүйесiне енiп, қан айналасымен бүкiл денеге тарайды. Сөйтсе де трихинелланың личинкалары көлденең жолақ бұлшықеттер талшықтарының iшiнде өсiп-өнедi Бiрiңғай салалы етте және жүрек етiнде, сондай-ақ үлпершектi ағзаларда трихинелланың личинкалары өспейдi. Қабық iшiндегi трихинелла май ұлпасында да болмайды, бiрақ шел майының қалдық еттерiнде кездеседi, ет талшықтары майланғанда немесе азғындағанында да тiршiлiгiн сақтайды.
Капсуланың iшiндегi қуыста трихинелланың личинкалары спираль тәрiздес ширатылған, паразит (15.2-сурет) капсуласы сопақ немесе домалақ пiшiндi, қуысы мөлдiр сұйықтыққа толы, оның iшiнде әдетте бiреу, кейде 2-3 паразит орналасады. Қуыстың диаметрi 0,2 мм, сондықтан да оның iшiндегi трихинеллалар, сығылған бұлшық ет кесiндiлерiн 50-75 рет үлкейткенде жақсы көрiнедi. Диафрагманың етегi жиi зақымданады, сонан соң диафрагма етi, тiл, көмекей, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерi зақымданады. Бiрегей бұлшық еттiң бiр жерi күштi зақымданса, екiншi бiр жерiнде трихинелла болмайды, көбiне бұлшық еттiң сiңiрге жақын жерi зақымданады. 6-айдан соң капсула iшiне әк тұздары шоғырлана бастайды да, 15-16 айдан кейiн олар әктенедi. Осындай капсуланың iшiнде трихинелланың личинкалары 20 жылға дейiн (онан да артық) өмiр сүредi.
Слайд 3Трихинелласы бар ет адамға өте қауiптi, паразит токсин (уыт) түзедi. Ет талшықтарында болатын
Трихинелласы бар ет адамға өте қауiптi, паразит токсин (уыт) түзедi. Ет талшықтарында болатын
Алынған үлгiлерден компрессориумға мiндеттi түрде 24 кесiндi (әр үлгiден 12 кесiндi) дайындайды. Компрессориум iшiнде қысылған кесiндiлердi микроскоппен (трихинеллоскоппен) кiшi үлкейткiште (50-70 рет) немесе проекциялық трихинеллоскоппен қарайды, проекциялық трихинеллоскоптың, әдеттегiден артықшылығы көп.
Слайд 5Ажырату диагнозы. Тексерiстегi етте екi емiзiкшелi (двуустка) бұлшық ет паразитi (Adamodistomum suis) -
Ажырату диагнозы. Тексерiстегi етте екi емiзiкшелi (двуустка) бұлшық ет паразитi (Adamodistomum suis) -
Балауса, консервiленген, тұздалған, тоңазытылған және шошқа шпигiн тексеру, сондай-ақ трихинелланы, цистицерк, саркоцист, тас байлану т.б. ажырату әдiстерi мен техникасы зертханалық сабақтарда әңгiмеленедi.
Санитариялық баға. Компрессориумдағы еттiң 24 кесiндiсiнен бiр ғана трихинелла табылса да (өлi не тiрi) ұшаны және ет ұлпасы бар ағзаларды, сондай-ақ өңеш, тiк iшек және араласып кеткен өнiмдердi техникалық өңдеуге жiбередi. Шел майды (шпик) сылып алып шыжғырады. Шыжғырылған майдың температурасы 20 минут бойы 1000С кем болуы керек. Iш майы шектеусiз шығарады. Iшектерiн, тiк iшектен басқасын, әдеттегiдей өңдегеннен кейiн шектеусiз пайдаланады. Терiсiнен ет ұлпаларының қалдығын алып техникалық өңдеуге жiбередi.
Слайд 6Цистицеркоздар - (финноздар ет құрты) – Cysticercosis - гельминтiнiң личинка формасы (көпiршiк) малдың
Цистицеркоздар - (финноздар ет құрты) – Cysticercosis - гельминтiнiң личинка формасы (көпiршiк) малдың
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Дөңгелек немесе сопақ пiшiндi, ақ-сұр түстi, көлемi түйреуiштiң басынан бұршақтың үлкендiгiне дейiн жететiн мөлдiр көпiршiк сияқты цистицерктi (финн) ұшадан табуға негiзделген. Олар сыртынан iшiндегi паразит көрiнетiн, нәзiк дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалған. Сұйыққа толы көпiршiктiң құйрық жақ iшiнде басы мен мойыны iшке қарай иiлген. Көпiршiктi қысқанда, онан басы (сколекс) шығады. Лупа немесе микроскоптың кiшi үлкейткiшiмен қарағанда жақсы жетiлген, iлгексiз төрт емiзiкшелерi жақсы көрiнедi. Цистицерктер етаралық ұлпаларда өседi, демек бұлшық ет талшықтарының арасында жатады, бұны трихинеллезден ажыратқанда ескеру керек.
Iрi қара малда цистицеркоздар жүрек етiнде жиi кездеседi (15.4-сурет), жақ, тiл, сондай-ақ белдеме, шынтақ, мойын,және бауыр жақ еттерiнен табылады.
Кейбір байқауларға қарағанда мойын, өңеш және диафрагма еттерiнен басқа олар ми, өкпе, өте сирек бауыр және талақта да кездесiп жүр.
Сойғаннан кейiнгi сараптауда iрi қара малдың цистицеркозын анықтау үшiн жақ және жұрек, қаңқа бұлшық еттерiн, ағзаларын тексередi.
Слайд 7Шошқаның цистицеркозы - Cysticercus cellulose (целлюляр цистицеркi). Жыныстық жетiлген формасы - Taenia solium
Шошқаның цистицеркозы - Cysticercus cellulose (целлюляр цистицеркi). Жыныстық жетiлген формасы - Taenia solium
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малдiкiндей жүргiзiледi. Целлюляр цистицеркi домалақ немесе эллиппiс пiшiндi, көлемi 0,5-0,8 см жартылай бұлыңғыр көпiршiк. Көпiршiктiң iшiнде бүгiлген сколекс ақ нүкте сияқты көрiнедi. Микроскоппен 50-70 рет үлкейткенде ауыз тесiгiн (ботрия), төрт емiзiкшесiн және екi қатар орналасқан 28-32 хитиндi iлмектерiн көруге болады. Шошқада әсiресе жақ, анконеус, жүрек және тiл, белдеме, мойын және жауырын бұлшық еттерi зақымданады. Көпшiлiгiнде ұшаның алдыңғы бөлiгiнiң бұлшық еттерi зақымданады, ал артқы жағы (сан және бөксе бұлшық еттерi) аз зақымданады. Личинка мида да кездеседi.
Еттi тексергенде кейде сыртынан дәнекер ұлпалы капсуламен қапталған казеозды азғындаған, әктенген цистицерктер табылады. Кейде цистицерктерге ұқсас қосындылар байқалады. Оларды кесiп, айналасындағы ұлпалардан тазалап, компрессориумның екi әйнегiнiң арасына салып қысады да трихинеллоскоппен тексередi. Азғындаған болса сколексi ыдырайды. Дегенмен етке санитариялық баға бергенде өлген цистицерктермен қатар, тiрiсi де болатынын есте ұстау қажет.
Iрi қара мал, шошқа цистицеркоздарында ұша мен ағзаларға санитариялық баға. Бас пен жұректiң бұлшық еттерiн тiлгенде цистицерктер табылса, мойын, жауырын, шынтақ, жота, артқы аяқтары, диафрагма еттерiн қатарлап екi рет кеседi. Ұша және ағзаларын бағалау зақымдану дәрежесiне қарай жүргiзiледi.
Слайд 8Егер де бас немесе жүрек бұлшық еттерiнен немесе ұша бұлшық етiнiң бiр тiлiгiнде
Егер де бас немесе жүрек бұлшық еттерiнен немесе ұша бұлшық етiнiң бiр тiлiгiнде
Слайд 9Залалсыздандырылған ет (тоңазытқан, тұздаған) фаршталған шұжық, фаршталған консервi өндiрiсiнде пайдаланылады, ал субөнiмдерiнен ливер
Залалсыздандырылған ет (тоңазытқан, тұздаған) фаршталған шұжық, фаршталған консервi өндiрiсiнде пайдаланылады, ал субөнiмдерiнен ливер
Залалсызданған iшкi мүшелер өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi. Iшектерi мен терiсiн цистицеркозбен зақымдану дәрежесiне қарамастан әдеттегi өңдеуден кейiн шектеусiз шығарады. Токсоплазмоз – Toxoplasmosis - үй хайуандарының көптеген түрлерiнде және жабайы жануарларда, сондай-ақ адамда кездесетiн протозооз ауруы. Ауру қоздырушысы - Toxoplasma gondii қарапайымдыларға жататын торша iшiнде болатын паразит.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауруға тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi байқалмайды. Сойыс малдарының шырышты қабықтарының сарғайғанын және бас пен мойынның лимфа түйiндерiнiң ұлғайғанын байқауға болады. Өкпесi iсiңкi және плевра астына қан құйылған, бронх пен кеуде қуысы лимфа түйiндерi ұлғайған, нығыз. Бауыр болар-болмас ұлғайған, некроз ошақтары бар және капсуласының астына қан құйылған. Көк бауыры ұлғайған, қарақошқыл түстi, қан құйылған және инфаркт болады. Бүйректерi ұлғайған, iшкi қабатында сақина және нүкте тәрiздi қан құйылған.
Диагнозды тиянақтау үшiн материалды (жүрек, бұлшық ет) малдәрiгерлiк зертханасына, токсоплазманы табу үшiн, гистологиялық тексерiске жiбередi.
Санитариялық баға. Ауру малдың ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады, миы және iшкi ағзалары қайта өңдеуге жiбередi.
Слайд 10Саркоцистоз - Sarcocystosis тұқымына жататын қарапайым жәндiктер тудыратын клиникалық белгiсi байқалмайтын ауру. Алғашқы
Саркоцистоз - Sarcocystosis тұқымына жататын қарапайым жәндiктер тудыратын клиникалық белгiсi байқалмайтын ауру. Алғашқы
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Паразиттiң жиi орналасатын жерiндегi бұлшықеттерiн және өңеш, жұтқыншақ, тiлдi тексередi. Бұлшық еттерi күштi зақымданғанда және саркоцистiге тас байланғанда ұшада склерофициралық миозиттiң белгiсi байқалады. Шошқаның бұлшық етiндегi саркоцистiң микроскопиялық формасын, еттi трихинеллезге тексергенде байқауға болады. Саркоциста мен трихинелланы ажырату балауы трихинеллездi жазғанда айтылған.
Слайд 11Санитариялық баға. Бұлшық еттерiнен саркоцист табылғанымен, оларда азғындау өзгерiсi болмаса ұшаны шектеусiз шығарады.
Санитариялық баға. Бұлшық еттерiнен саркоцист табылғанымен, оларда азғындау өзгерiсi болмаса ұшаны шектеусiз шығарады.
Лингватулез - Linquatulosis. Аурудың қоздырушысы өрмекшi тәрiздi паразит Linquatula serzata ит, қасқыр және кейде адамның кеңсiрiк қуысын мекендейдi. Ауру iрi қара мал, сиректеу қой мен ешкiде кездеседi. Лингватулалар балаң құрты залалданған малдың өкпесiнде, бауырында және лимфа түйiндерiнде болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шөпкоректi жануарлардың шажырқай лимфа түйiндерi, бауыр және өкпесiнен жас, қозғалатын ақ түстi, домалақ немесе ұзынша келген, сыртында дәнекер ұлпалы қабығы бар паразит табылады.
Санитариялық баға. Ұшасы және зақымдалмаған ағзалары шектеусiз шығарылады. Ағзаларының зақымдалған жерлерiн және шажырқай лимфа тұйiндерiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Спаргоноз. Үй және жабайы шошқа, ет қоректілер, құс, бауырымен жерғашлаушылар, амфибиялар және адамның Spirometra erinacel europaci цестодының балаңқұрты тудыратын ауруы.
Құрттың ақырғы иелері ет қоректілер –қасқыр, түлкі, қарсақ, ит, мысық т.б. Жыныстық жетілген гельминт бұл жануарлардың ішегін жекендеп, сыртқы ортағы жұмыртқа шығарады.
Аралық иелері - әр түрлі циклоптар денесінде процеркейд өседі. Ал гелминттің залалды балаңқұрты плероцерконд немесе спарганум қосымша аралық иелері амфибиялардың (қос мекенділер), бауырымен жорғалаушылар, сүт керекті жануарлардың адамның ішкі ағзаларында, дене қуыстарында, тері асты клетчаткасында өсіп-өнеді. Ақтың иелеріне түскен плероцеркоид 11-14 күн ішінде жетілген гельминтке ауысады. Адам зақымданған қос мекенділер мекендеген суды пайдаланғанда немесе плероцеркоидпен (ет, ағзалар) жұқтырады.
Слайд 12Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланысты инвациямен зақымдану жоғары болмаса
Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланысты инвациямен зақымдану жоғары болмаса
Сойғаннан кейін тері асты клетчаткасын, май, ұлпасын, ішкі ағзаларын, құрсақ, кеуде қуыстарын мұқият плероцеркоидқа тексереді.
Санитариялық баға. Егер тері асты клетчаткасында етте, ішкі ағзаларда не болмаса басқа жерлерінде аздаған плерцеркоидтар (1-3) табылса және құрт жолы (свищевый ход) болмаса тазартылғаннан кейін ұша өндірістік өңдеуге жіберіледі, ал зақымданған ағзаны утильдейді, зақымданбағанын - қайнатып залалсыздандырады.
Егер плероцеркоидтар етте, ішкі ағзаларда, тері асты клетчаткасында 4 тен көп болса ұша мен ағзалар утильге жіберіледі.
Мал өнімдері арқылы адамға жұқпайтын, бірақ адам да
ауыратын инвазиялық аурулар.
Эхинококкоз (беріш, бершімек) -Echinococcosis-жетiлген сатысында ит, тұлкi, қасқыр, қорқау қасқыр iшегiнде тоғышарлық ететiн Echinococcus granulosis таспа қҰртынан болады. Личинка сатысында iрi қара мал, шошқа, қой, ұй қояны, жылқы түйе, және адам да ауырады. Эхинококкоз жылауығы өкпе, бауырында орналасады, дегенмен жұрек, бұйректер, көк бауыр, өте сирек бҰлшық еттерi және сұйектерiнен де табылады.
Слайд 13Сойғаннан кейiнгi диагностика. Эхинококтермен зақымданған бауыр мен өкпеден сҰйық кернеген жылауықты көруге болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Эхинококтермен зақымданған бауыр мен өкпеден сҰйық кернеген жылауықты көруге болады.
Санитариялық баға. Сарғайған, арық және кұштi зақымданған Ұша техникалық өңдеуге жiберiледi. Аздап зақымданған iшкi ағзаларды тазартқаннан соң пайдаланады, ал кұштi зақымданса техникалық өңдеуге жiбередi.
Альвеококкоз-Alveococcosis-табиғи оншақты гельминтоз жыныстық жетiлген сатысында тұлкi,қасқыр, ит және мысық денесiнде паразитарлық тiршiлiк ететiн таспа қҰрттың личинкасы - Alveococcus multilocularis. Альвеокок личинкаларының тҰрқы көп камералы эхинококтерге Ұқсайды және өте көп, Ұсақ (iшiнде сҰйықтық жоқ жылауықтардан тҰрады), тiлген кезде торға Ұқсайды. Адам инвазияланған малмен жанасқанда (ит), әсіресе аңшылар түлкі, қасқыр сойғанда немесе тұлкi, қасқыр мекендейтiн жерден жиналған жуылмаған жемiстi жесе ауруға шалдығуы мұмкiн.
Сойғаннан кейiнгi диагностикасы және еттiң санитариялық бағасы эхинококкозға Ұқсас.
Слайд 14Фасциолез-Fasciolosis. Аурудың қоздырушысы сорғыш класына жататын- Fasciola hepatica,F.gigantica.Фасциола өт жолдарын және сирек жағдайда
Фасциолез-Fasciolosis. Аурудың қоздырушысы сорғыш класына жататын- Fasciola hepatica,F.gigantica.Фасциола өт жолдарын және сирек жағдайда
Фасциолез мал арасындажіті және созыламы түрде өтеуі. Жіті жас құрттардың денеге енген кезінде бастап, ересек сабыға жетуіне дейінгі мерзімге 2-2,5 айға созылады.ауру көбінесе, күзде тіркеледі. Дертке жалдыққан малдың дене қызуы көтеріледі, азыққа зауқы шаппайды ішікебеді, ауыз танау, көз қабықтары қансызданып бозарады, тынысы тарылып демігеді. Бауыры ұлғайған, ас қорыту жүйесі бұзылады. Кейде іші қатады кейде тышқақтайды. Мал тез арықтап, шығынға ұшырайды. Созымалы түрлі көбінесе қыста кездеседі. Азыққа тәбеті кемиді, ас қорытуы нашарлайды іші өтеді немесе қатады, кілегей қабықтары бозарып кейіннен сарғаяды жүні үрпиіп сынғыш және жұлынғыш келеді. Буаз мал іш тастауы мүмкін қатты жүдейді.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Созылмалы гепатит, кейде бауырында цирроз болады. Диагноз мал бауырын өт жолдарын кесiп фасциоланы табуға негiзделген. Бауыры ісіген, өт жолдары ұлғайған, ісінген, іші сұрғылт, немесе қоңыр түсті өті қоюкейде әктелген, мұнда тұздануы себепті түйіршіктер кездеседі. Осы жолдардан тірі құртты көруге болады.
Слайд 15Санитариялық баға. µшасын әдетте шектеусiз шығарады. Iшкi ағзалары бауыры мен өкпесiн аз зақымданса
Санитариялық баға. µшасын әдетте шектеусiз шығарады. Iшкi ағзалары бауыры мен өкпесiн аз зақымданса
Дикроцелиоз-Dicrocoeliosis. Аурудың қоздырушысы сорғыш класына жататын Dicrocoelium lanceatum. Ересек паразиттер бауырдың өт жолдарында болады, оның Ұзындығы 7-10 мм, 1,5-2,5 мм. Ауру қой iрi қара мал, ешкi, шошқа және жабайы шөпкоректiлерде кездеседi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ґт жолдарының қабырғалары зақымданады. Бауырда майлы инфильтрация байқалады. Бастапқысында бауыр ұлкейедi, ал циррозға айланса кiшiрейедi.
Санитариялық баға. µшаны шектеусiз шығарады. Зақымданған бауырды немесе бөлiгiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Трихомоноздар. Жануарлар мен адамның қарапайымдылар трихомонад тудырадын инвазиялық аурулар. Дүние жүзінің көптеген елдерінде ең көп таралғаны ірі қара трихомонозы. Сирегірек жылқы, шошқа, құс ауырады.
Ірі қараның трихомонозы. Ірі қара малдың жыныс мүшелерін мекендейтін бір торшалы қарапайылдылар қоздыратын, қынаппен оның кіреберісі және жатыр қабынатын буаз сиырдың іш тастауымен, бұқаның ені қабынып ұрық беру қабілетінен ошыратын (белсіздік) тәрізді белгілермен сипатталатын протозоид ауруы.
Қоздырушысы Trichomanas foetus –алмурт тәрізді, кейде сопақша келген ұзындығын 10-25 мкм, ені 5-10 мкм. Трихомоналар ұзынша бойынан екіге бөлініп көбейеді. Олар эритроциттермен микробтармен, шырышпен қоректенеді. Олардың көбеюі барысында бөлінетін уытты заттар жыныс мүшелерін қабындырады.
Слайд 16Адам трихомонозын Tr.vaginalis – тудырады. Триномоноздардың басқа турлері, жылқыда екі түрі (бірі мұрын
Адам трихомонозын Tr.vaginalis – тудырады. Триномоноздардың басқа турлері, жылқыда екі түрі (бірі мұрын
Трихомоноз әдетте малдың табиғи жағдайында шағылысу кезінде жұғады. Ауру бұқалар срт қарағанда сау көрінуі мүмкін. Сол сияқты ауру ластанған құрал-сайман, аспаптар арқылы да жуғуы мүмкін. Трихомоноз еліміздің Оңтүстік аймақтарында эпизоотия түрінде кездеседі.
Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық, клиникалық деректерді ескере отырып лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Сиырлардың іш тастауы, күилеу беруі, ал сояр алдыңдағы тексеруде вагинит, эндометрит, шырышты- іріңді бөлінуі трихомонозда күдік тудырады.
Лабораториялық тексеру үшін жыныс жылдарынан шайынды алынады.
Сойғаннан кейінгі диагностика негізінен малды сояр алдындағы өзгерістерді есепке алады.
Сойғаннан кейін жыныс жолдары тексеріледі. Қынап пен жатыр іші ісінген, қызарған, әр жері қақталаған жатыр ішінде қатаральды іріңді, кейде жалқаяқ жиналған. Ұрық жолдары жуандаған, ішінде ірімшік тәрізді зат жиналған.
Бұқалардың үретрасы нығыз, қатқарлы, әр жерінде ұсақ түйіндер байқалатын, жыныстың қосалқы бездерінде қабыну белгілері байқалады.
Санитариялық баға. Жыныс мүшелерін зақымданған ұлпалар, лимфа түйіндері утильге жіберіледі. Ұша мен ағзалары шектеусіз шығарылады.
Слайд 17Егер ауру жатырдың іріңді қабынуымен асқынған болса ұшаны санитариялық бағалау бактериологиялық тексеру қорытындысына
Егер ауру жатырдың іріңді қабынуымен асқынған болса ұшаны санитариялық бағалау бактериологиялық тексеру қорытындысына
Қой ценурозы (айналма, тентек).
Қазақстанда қой шаруашылығында елеулі зиян келтіретін, кең тараған инвазионды ауру.
Ценуроз тұдыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, қасқырдың, қарсақтын және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік ларвоциста сатысында қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, түйеінің және адамдың сол сияқты кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миы, жұлыны мекендейді.
Қоздырышысы имаги Multiceps muiticeps –ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м ень 5 см дейін жетеді. Көпіршігі (личинкасы) Coenurus cerebralis – іші түссіз сүйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секілді нуктедей жеті жүзден артық сколекстерді байқалады. Мида 2-3 көпіршік үлкендігі 10 см жетеді және одан да артық болған мүмкін.
Мультицепс ит ішегін мекендейді. Оның жетілген буылтығында мыңдаған жұмыртқалар болады. Күн сайын ондаған буынтықтар құрт денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқа шығады. Бүынтықтар сыртқы ортаның әсерінен ыдырайды да, жұмыртқа өсімдікке, суға түсір сыртқы ортағы тарайды жұмыртқамен зақымданған өсімдік, сумен бірге ол мал денесіне түседі.
Слайд 18Асқазанда сыртқы қабатынан айырылып, одан шыққан анкнсфера ішектін өтіп, қан арқылы миға, жұлынға
Асқазанда сыртқы қабатынан айырылып, одан шыққан анкнсфера ішектін өтіп, қан арқылы миға, жұлынға
Мал аз жусап, денесі дірілдейді, тігін қайрайды, елеңденді, шошынған қалып танытады. Аурудың асқынған кезеңінде қорадан малдан бөліне қашады, бағытсыз жүдеу, кілт тоқтап артқа шегіну, оңтыноқтын басын қисаитып, бағдарсыз жүру, сүріну, бір орнында айналу сияқты белгілер байқалады.
Егер көпіршік жұлында өссе жүрісі өзгеріп, тәлтіректеиді, аяғын баса алмай жатып қалады.
Сойғаннан кейін диагностика. Мидың беткі қабатында, немесе тереңінде әр көлемді көпіршіктер көрінеді. Бас сүйектің жұқаруы, мидың атрофиясы байқалуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезеңінде ми қабығы қызарған, мидың әр жерінен балаңқұрттың іздері байқалады.
Санитариялық баға. Зақымданған бас, жұлын утилге жіберіледі. Ұша мен ағзалары шектеусіз шығарылады.
Слайд 19Тек қана мал ауыратын инвазионды аурулар.
Іылмойынды цистицеркоз- (Цистицеркоз тонкошейный)-Cysticercosis tenuicolis-қасқыр, және басқа
Тек қана мал ауыратын инвазионды аурулар.
Іылмойынды цистицеркоз- (Цистицеркоз тонкошейный)-Cysticercosis tenuicolis-қасқыр, және басқа
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Cysticerсus tenuicollis (қыл мойынды финн) паразитiнiң личинкасы Ұша мен ағзаларды сараптағанда көлемi грек жаңғағынан ересек адамның жҰдырығына дейiн жететiн, iшi сҰйыққа толы жҰқа қабықты көпiршiктi көруге болады. Олар көпшiлiгiнде шарбы май немесе шажырқайда орналасып, Ұзын мойынды, кейде бұтiн бiр шоң болып iлiнiп тҰрады. Іылмойынды финн бауырдың бет жағынан кездеседi.(17-сурет).
Басқа ағзалардың сiрi қабықтарының ұстiнде де личинканың болуы мұмкiн. Көпiршiктiң қабығы арқылы ұлкен ақ нұкте тәрiздес сколекстерi жақсы көрiнедi. Сколексiнiң 50-75 рет ұлкейткенде жақсы көрiнетiн 4 емiзiкшесi және 28-40 iлмектерi бар. Кейде көпiршiктiң iшiндегiсi азғындайды немесе тас байланады.
Санитариялық баға. Көпiршiктi шажырқаймен бiрге алады, ал бауыры немесе өкпесi зақымданса оларды айналасындағы Ұлпаларымен бiрге техникалық өңдеуге жiбередi. Зақымдалмаған Ұшасы және көпiршiктен тазартылған ағзаларды шектеусiз шығарады.
Слайд 20Іойдың цистицеркозы- (қой етқұрты) Cistisercosis ovis-иттiң iшегiнде паразитарлық тiршiлiк ететiн Taenia ovis таспа
Іойдың цистицеркозы- (қой етқұрты) Cistisercosis ovis-иттiң iшегiнде паразитарлық тiршiлiк ететiн Taenia ovis таспа
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Cisticercus ovis паразитiнiң личинкасын Ұша мен ағзаларын сойғаннан кейiн сараптағанда табады. Іойдың цистицеркi шошқанiкiне қарағанда кiшi, нәзiк, 4 емiзiкшесi және 24-36 iлмектерi бар. Жұрек, диафрагма, шайнама бҰлшық еттерiнде, тiлде, Ұшаның басқа да бҰлшық еттерiнде кездеседi. Кейде өкпе, бауыр, өңеште қабырғасы және қарында, сондай-ақ бұйректерiнде кездеседi. Іойдың цистицерктерi жылдам азғындайды. Іой цистицеркозымен ешкi және тұйе де ауырады.
БҰғы цистицеркозы-Cysticercosis tarandi-ит және көптеген еткоректi жануарлардың ащы iшектерiнде тiршiлiк ететiн Taenia krabbei таспа қҰртының личинкасынан болады. Паразиттiң личинкасы (бҰғы финнасы)-Cystisercus tarandi-сыртқы көрiнiсi және көлемiмен iрi қара малдың цистицеркозына Ұқсас, сопақ немесе домалақ пiшiндi көпiршiк. Басында 4 емiзiкше және iлмектерi бар. Цистицерктер (личинкалар) жұрек және қаңқа бҰлшық еттерiнде (шайнама, мойын, жауырын, қабырғааралық,жота т.б.). БҰғы цистицеркозы елiк және тауешкi цистицеркозымен Ұқсас деп саналады. Іой және бҰғы цистицеркоздерiне санитариялық баға. µша мен ағзалары цистицеркозбен зақымдануы жоғары болмаса (40 см2 кесiлген жерде личинка 5 артпайды) және Ұшаның бҰлшық етi мен ағзаларында өзгерiстерi болмаса, оларды тоңазытып залалсыздандырады да фаршты шҰжық немесе фарштық ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. µшаның зақымдануы жоғары болса (тiлiнген жердегi личинка 5 және онан көп) немесе Ұшаның бҰлшық етiнде патологиялық өзгерiстер болса Ұшаны техникалық өңдеуге жiбередi, ал майын шыжғырады.
Слайд 21Жабайы және ұй қоянының цистицеркозы-Cysticercosis pisi formis-иттiң iшегiнде тоғышарлық тiршiлiк ететiн Taenis pisiformis
Жабайы және ұй қоянының цистицеркозы-Cysticercosis pisi formis-иттiң iшегiнде тоғышарлық тiршiлiк ететiн Taenis pisiformis
Слайд 22Сойғаннан кейiнгi диагностика. ІҰрсақ қуысының сiрi қабықтары, бауыр, қарын, көк бауыр, өкпесi және
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ІҰрсақ қуысының сiрi қабықтары, бауыр, қарын, көк бауыр, өкпесi және
Пироплазмидоздар-Pyroplasmidosis - ұй жануарлары ауруларының қан паразиттерi-пироплазмидтерден болатын, ұлкен тобы (пироплазмоз, бабезиоз, франсаиллез, тейлериоз, анаплазмоз,нутталиоз). Олар эритроциттарда, лейкоциттерде лимфа түйіндерінде, бауырда, көк бауырда, сүйек майында (теплериялар) қан плазмасында тіршілік етеді. Ауру малдан сау малға кенелер арқылы тарайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. ґкпе, бауырды қарағанда өкпесiнiң iсiңкiлiгiн және өкпе плеврасының сарғайғанын, жұректiң ұлкейгенiн және жұрек бҰлшық еттерiнiң болбырлығын, эпикард және эндокардтық қанталағанын, кейде бауырдың ұлғаиғаның, болбырланғанын, қоңыр-сҰр тұстiлiгiн көруге болады. Көк бауырды 2-3 есе өскен, Ұлпасы қызыл-көк тұстi,бiрақта кескен кезде Ұлпасы былжырамаған, бұйректерi ұлкейген, iсiңкi, бозғылт-сары, капсуласының астына қан қҰйылған. Басы және Ұшасын қарағанда шырышты және сiрi қабықтары қансызданған,сарғайған, ноқатты тәрiздi қан қҰйылған. Терi асты клечаткасы және бҰлшық ет Ұлпалары сарғайған. Ағзалары мен Ұшасының лимфа тұйiндерi Ұлғайған. Тейлериозде көк бауыр Ұлғаймайтынын есте Ұстау керек, десек те лимфа тұйiндерi тым-тәуiр Ұлғаяды және оларға қан қҰйылады, бауыры Ұлғаяды, бұйректерi және бауырында ортасы өлiеттенген кiшiгiрiм тұйiндер кездеседi. Диагнозды тыянақтау ұшiн қаннан жағынды дайындап Романовск-Гимзе әдiсiмен бояп микроскоппен қарайды. Эритроциттiң iшiнде цитоплазмасы жасыл-көк, ядросы кұрең қызыл тұстi пироплазмаларды көруге болады.
Слайд 23Санитариялық баға. Етi сарғыштанбаған және азғындамаған Ұшаны және iшкi ағзаларын шектеусiз шығарады. µшаның
Санитариялық баға. Етi сарғыштанбаған және азғындамаған Ұшаны және iшкi ағзаларын шектеусiз шығарады. µшаның
Безнойтиоз-Besnoitiosis-iрi қара мал, жылқы, бҰғы және кемiргiштердiң қарапайым - Besnoitia besinoiti болатын созылмалы протозоа ауруы. Ауру малдың терiсi, терi асты Ұлпасын, апоневроздары, фасциясы, көздiң, танаудың Ұлпаларының шырышты қабықтары және сiрi қабықтары қабынады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика-терiсi және терi асты клечаткасында фасцияларында ақ тұстi, ұлкендiгi әрқалай трофозоитқа толы цисталарды көруге болады. µшаның қоңы төмен көбiнесе арық. Iрi қараның зақымданған жерi кейде туберкулез ауруындағы iнжуге Ұқсайды, бiрақ безнойтиозда оның бҰдырмақтары тығыз орналасқан, сыртынан фиброзды Ұлпамен қоршалған және кескен кезде сары тұстi Ұсақ ошақтары (цисталар) көрiнедi. БҰлшық ет талшықтарының аралығындағы дәнекер Ұлпасы iсiңкi, сарғыш-қызыл тұстi. Іабықтанған цисталар көздiң, танаудың шырышты қабықтарында көрiнедi.
Санитариялық баға. Шамалы зақымданған Ұшасы мен ағзалары шартты жарамды, кұштi зақымданғаны утильге жiберiледi.
Эимериоздар – Coccidia отрядына, споровиктер тобына жататын қарапайымдылар тұдыратын мал мен құстың ішек кілегей қабатының ішек эпителий торшаларын зақымдайтын протозоидтық аурулар. Жеке мал түлігіне бұл ауруларды Eimaria туысына жататын қарапаиымдылар түрлері тудыратындықтан, оларды эимериоз деп атайды, ал кокцидиоз отряд атауынан шығатын жалпылама атау.
Слайд 24Эимориозбен негізінен жас құс, қоян сирек ірі қара, қой ауырады.
Қоздырушысы: құста эимерияның 10,
Эимориозбен негізінен жас құс, қоян сирек ірі қара, қой ауырады.
Қоздырушысы: құста эимерияның 10,
Аурудың негізгі белгісі- іш өтуі. Нәжісі сүйық, қан араласқан. Қоянда ішектің метеоризімі көп кездеседі. Мал температурасы көтеріледі, жүйкежүйесінің зақымдануы, аяқтарының дірілдеді (қоянда) салдануы (тауықта) байқалады. Мал қатты арықтайды, дене қызуы көтеріледі.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Іоянның бауырында ұлкендiгi тары дәнiнен бҰршақ дәнiне дейiн жететiн, сары-сҰр тұстi, кокцидиялар табылады. Iрiңге толы тұйiндер болады. ґт жолдары қалыңдайды, бауыры қатаяды. Iшектiң шырышты қабығы iсiңкi, қызарған, кейбiр жерiнде ойық жара бар, әсiресе соқыр iшегi қатты зақымданған. Кокцидиоздың созылмалы тұрiнде қоянның Ұшасы арық, сары тұстi. Iшектiң қабырғасы қалыңдаған, перитонит болуы мұмкiн. Бауыры, талағы, бұйректерiндегi тұйiндерi кокцидиi бар iрiңге толы болады, тұйiннiң көлемi кендiр дәнiнiң ұлкендiгiне дейiн жетедi. Бауыры мен талағы болбыр, оңай бөлiнiп кетедi. Iшек қабырғаларында паразитке толы сары-сҰр тұстi тұйiндер болады. µшасының қоңы ортадан төмен.
Іші қара және қойдың кілегей қабықтарында үлкендігі 3 мкм болатын ішінде даму барысы әр түрлі сатыдағы, празит бар ақшыл-сүр түсті түйіндер кездеседі. Аш ішек пен он екі елі ішек ісінген, қанталаған шажырқай сөл түйіндері ұлғайған. Сальмонеллез және туберкулезден ажырату ұшiн тұйiн iшiндегiсiн микроскоппен тексередi.
Санитариялық баға. Зақымдалған ағзаларын (бауыр, iшек т.б.) техникалық өңдеуге жiбередi. µшасы арық болмай және сары тұссiз болса тағамға пайдаланады. Сары тұстi және арық Ұшаны утильге жiбередi.
Слайд 25Киеңкi-(случайная болезнь лошадей) немесе қарақаптал тоипаносомоз жылқының Trypanosoma eguiperdum паразитi қоздыратын, негiзiнен шағылыс
Киеңкi-(случайная болезнь лошадей) немесе қарақаптал тоипаносомоз жылқының Trypanosoma eguiperdum паразитi қоздыратын, негiзiнен шағылыс
Іоздырушысының Ұзындығы 22-28мкм, енi 1,4-2,6 мкм болатын бiр торшалы паразит.
Киеңкi трипанозомасы жыныс мұшелерiнiң кiлегей қабығын мекендейдi. Жергiлiктi жылқыда ауру клиникалық белгiсi байқалмай өтедi. Аурудың клиникалық белгiлерi негiзiнен асыл тҰқымды жылқыда байқалады. Ауру жҰқтырған жылқыда, алғашқы кезеңде қоздырушы зәр, жыныс мұшелерiнде өсiп-өнедi. БҰл ағзаларда қабыну процесi байқалады. Кейiннен трипанозома қан арқылы iшкi ағзаларға тарайды.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың өтуi ұш кезеңге бөлiнедi. Алғашқы кезеңiнде айғырдың Ұмасы, қасасы, кұпегi iсiнедi, ал биенiң желiнi, қынабы iсiнген. Iсiктер жҰмсақ қамырға Ұқсас, салқын, қынаптан сҰрғылт тұстi қан аралас сҰйықтық бөлiнедi. Жыныс мұшелерiнiң терiсiнде кiшкене тұйiндер пайда болып, кейiннен жараға айналады. Жара жазылған соң орнында ақшыл дақтар қалады.
Аурудың екiншi кезеңiнде мал терiсiнде бөртпелер пайда болады. Ол сауырында және қарын жағында дөңгелек диаметр 4-20см шығырық тәрiздi iсiктермен сипатталады. БҰл iсiктер бiрнеше сағаттан кейiн жойылып, аздан соң қайта шығуы мұмкiн. Буаз биелер iш тастайды. Ал, аурудың соңғы кезеңiнде жұйке жұйесi зақымданып парез-паралич болады. Жылқының бiр қҰлағы салбырайды, ернi қисаяды, артқы аяқтарын сылтып басады, сауыр еттерi семи бастайды. Кейде артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты шоңқиып отырып қалады. Сондықтан орысша ″подседал″ деп аталады. Жалпы жылқының 30-50% өлiмге Ұшырауы мұмкiн.
Слайд 26Сойғаннан кейiнгi диагностика. µша мен ағза кiлегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мұшелерi маңында домбығу,
Сойғаннан кейiнгi диагностика. µша мен ағза кiлегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мұшелерi маңында домбығу,
Жылқы мен тұйе су- ауруы -(трипанозомоз). Су- ауру жылқы мен тұйенiң трансмиссивтi яғни буынаяқтылар тасымалдайтын протозоид ауруы. Ауру, малдың дене қызуының көтерiлiп, денесiнiң әр жерiнен iсiктер пайда болуымен, лимфа бездерiнiң iсiнуiмен, малдың қатты жұдеуiмен сипатталады.
Ауру қоздырушысы 28-32 х 1,4-2,8 мкм болатын Trypanosoma evani. Ауру малдан сау малға қоздырушысы қансорғыш соналар арқылы жҰғады. Табиғи жағдайда тұйе мен жылқыдан басқа есек, қашыр, ал лабораториялық хайуандардан ит, қоян, теңiз шошқасы, ақ тышқандар ауырады.
Іазақстанда ауру Оңтұстiк Іазақстан, Іызылорда, Атырау облыстарында шыбын-шiркейi көп Орал, Сырдария өзендерi алқаптарындағы батпақты шалшық сулы жайылымдарда көп кездеседi.
Слайд 27Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгiлерi көп байқала бермейдi. Паразит қанға енгенде дене
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгiлерi көп байқала бермейдi. Паразит қанға енгенде дене
Клиникалық, эпизоотологиялық деректермен қатар микроскопиялық, серологиялық зерттеулердiң маңызы зор. Жылқының қан сарысуын комплементтi байланыстыру реакциясымен, ал тұйенiң қан сарысуын формалин реакциясымен тексередi.
Сойғаннан кейiнгi өзгерiстер. Сойылған малда ерекше өзгерiстер байқалмайды. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, iшкi ағзалары қанталаған. Жұрек етi босаң, қанталаған. Лимфа бездерi мен, көк бауырдың Ұлғайғаны байқалуы мұмкiн.
Санитариялық баға. БҰл аурудың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы толық зерттелмеген. Сондықтан бағалау киеңкi ауруына сәйкес жұргiзiлу Ұсынылады. Эиктиокаулез –(өкпе қылқұрт ауруы).диктиокаулдар ірі қара, түйе, жылқы, қой, ешкі бұғы, марал т.б. шөп қоректілердің кеңірдегі мен ауа тамырларында (бронх) тіршілік ететін Dictyocaulidae тұқымдастығына жататын нематодалар.
Қоздырушысы. Dictyocaulis viviparous (ірі қара, қодас, зебу және т.б.) D.jilaria (қой, ешкіде) жіп тәріздес, ақшыл түсті. Еркегінің ұзындығы 17-80 мм, қалыңдығы 0,35-0,40 мм, ұрғашысы тиісінше 23-150 мм және 0,27-0,59 мм. Диктиокаулдердің ұрғашысы бронхта жетілген жұмыртқа салады, ол мал жетеліген кезде ауыз қуысына түсті, жұтылады.
Слайд 28Ішекті жұмыртқадан балаңқұрт шығады да нәжіспен бірге срытқы ортағы түседі. Балаңқұрт екі рет
Ішекті жұмыртқадан балаңқұрт шығады да нәжіспен бірге срытқы ортағы түседі. Балаңқұрт екі рет
Тыныс алу жолдарында құрт 2-6 ай (арық малда жылға дейін) тіршілік етеді. Сояр алдындағы диагностика. Аурудың белгілері мал жасына және тыныс жолдарындағы нематодалардың шамасына, малдың күшіне байланысты ауру жас малда жиі, айқын көрініс береді. Аурудың негізгі көрініс жөтел, мұрнынан сүйықтық ағады, кейіннен оған ірің араласуы мүмкін.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Мал өкпесінде бронхоэктазия, бронхопневмония, эмфизема өртиді. Өкпенін, зақымданған аумағында нығыз, ақшыл немесе сұрғылт түйіндер (бұршақтан-жаңғақ, мөлшерінде) байқалады. Ол диктиокаулюске, жұмыртқаға толы.
Бронхтардан созымалы ішінде жіпше құрттар бар шырып бөлінеді. Бронх, кеңірдек кілегей қабықтары қанталаған. Кішкене бронхтарда іріңдеу көрінеді. Өкпе лимфа түлікдері ісінген, қанталаған. Күшті зақымданған мал ұшасы арық.
Санитариялық бағалау. Зақымданған ағзалар қойға өңделге жіберіледі, ұша шектеусіз шығарылады.
Шошқа метастронгилезі. Үй және жабайы шошқалардың, ауатамырлары мен ауытамыршаларын мекендейтін Metastrongyeidae тұқымдастығына жататын нематодалар тұдыратын ауру. Көбінесе торайлар ауырады өлімі 30% дейін жетеді. Ересек жануарлардың құңы төмендейді, етінің сапасы нашарлайды.
Слайд 29Қоздырушысы. Metastrongylis – аң немесе сары түсті ұзын, жіңішке құрт. Еркегінің ұзындығы 12-20
Қоздырушысы. Metastrongylis – аң немесе сары түсті ұзын, жіңішке құрт. Еркегінің ұзындығы 12-20
Оларды паразиттің аралық иелері жаңбыр құрттары жұтып 1,5-3 аптадан соң жұқпалы сатысына жетеді. Шошқа зақымданған жауын құртын жеп ауру шағынады. Асқорыту жүйесінде жауын құрты қорытып балаңқұрт босанып шығады. Олар ішек кілегей қабатына еніп, лимфа, қан арқылы өкпеге жетеді.
Мұнда олар екі дүркін түлеп 23-24 күн ішінде ересек құртқа айналады. Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгілері құртпен зақымдану деңгеиіне байланысты. Құрт саны аз болса ауру белгілері нашар немесе байқалмайды. Күшті зақымданған жағдайда. Құрт ішек қабаттарының, өкпе қантамырларының тұтастығын бұзауы, лимфа түйіндерін жарақатайды. Аурудың алғашқы сатысында шошқада жөтел пайда болады, ол қозғалыс барысында күшенеді жануарлар демігеді, таңауынан қою, сарғыш түсті сүйық ағады. Кілегей қабықтары бозарады. Тыныс алуыжиіленді, өкпесі сырылдайды. Кейде дене қызуы көтеріледі. Метастронгилезде эозинофилия тән құбылыс болып табылады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс жолдарында экссудативті іріңді-қатаралуы бронхопневмония байқалады. Өкпеде, дәнекер ұлпалармен қоршалған түйіншітер ұшырасады.
Санитариялық баға. Ұша арық болса, ұша мен ағзалары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал тек қана, өкпесі зақымданған болса, ол қайта өңдеуге жіберіледі ал ұша мен басқа ағзалар шектеусіз шығарылады.
Слайд 30Шошқа аскаридозы Негізінен 2-6 айлық торайлардың созымалы ауруы. Қоздырушысы Ascaris suumшошқаның ащы, сирек
Шошқа аскаридозы Негізінен 2-6 айлық торайлардың созымалы ауруы. Қоздырушысы Ascaris suumшошқаның ащы, сирек
Сойғаннан кейінгі диагностика. Аурудың алғашқы сатысында пневмония және гепатит белгілері өкпеде бауырда теңбіл түс көрінеді. Аурудың екінші кезеңінде ішекте аскаридтер табылады, ішек қабаты катаральды қабынған. Кейде ішектің тесілуі, перитений байқалады.
Санитариялық баға. Егер ұшада гидремия байқалса ұша және ішкі ағзалары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал ондай белгілер болмаса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Жылқы параскаридазы. Жылқының (есек, қашыр) қауіпті гельминтозының бірі. Негізінен жас малда кездесіп, оның ащы ішегінде мекендеиді. Ересек малда ауру созымалы түрде өтеді.
Слайд 31Қоздырушысы – Parascaris guorum. Ірі жұмыр құрт еркегінің ұзындығы 15-30, ұрғашылары 20-40 см.
Қоздырушысы – Parascaris guorum. Ірі жұмыр құрт еркегінің ұзындығы 15-30, ұрғашылары 20-40 см.
Сояр алдындағы диагностика. Малдың кілегей қабықтары бозарған, іші өтеді немесе қатады. Аурудың алғашқы кезеңінде мал жөтеледі, танауынан, кілегеилі, сүйық ағады, демалысы жиілеген. Кейіннен құрт ішекке түскенде энтерит белгілері байқалады. Жүйке жүйесі зақымданып, бұлшық еттері тырысады, дірілдейді.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ішектің ішкі қабаты ісінген, қанталаған іші құртқа толы. өкпе, бауырдың түсі біркелкі емес тенбіл – пневмония, гепатит белгілері.
Санитариялық баға. Етте гидемия белгісі байқалмаса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады, ал ондай белгілер байқалса қайта өңдеуге (утиль) жіберіледі.
Күиістілер несаскаридозы. Негізінен 4-5 айлық жас малды, ащы ішекті кейде тазқарынды мекендеитін Anisakidae тұқымдастығына жататын нематод Neoascaris vitulorum тұдыратын күйістілер, ауруы неоскаридозға ірі қара, қой, ешкі төлдері бөлім неоскаридтердің адамда да паразиттік етуі мүмкін деп есептеледі.
Қоздырушысы – ақшыл –сарғыш түсті, ұрғашысының ұзындығы 15-30 см, еркегі-10-15 см. Нәжіспен бөлінген жұмыртқа 3-4 аптадан кейін инвазиялық сатыға өтеді. Бұзау негізінен жатырда залалданады. Буаз мал жем-сумен инвазионды балаңқұртты жұтады. Сиыр денесінде жұмыртқадан шыққан балаңқұрт, қан арқылы ұрық айналасындағы суга өтеді. Тууына 1-2 апта қалқан ұрық балаңқұртты осы сумен бірге жутып залалданады. Осыдан кейін 2-4 апта ішінде паразит ересек құртқа айналады.
Слайд 32Сойғаннан кейінгі диагностика. Ашы ішекті құрт көрінеді ішек қабынған күшті зақымданған төл етінен
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ашы ішекті құрт көрінеді ішек қабынған күшті зақымданған төл етінен
Санитариялық баға. Егер жағымсыз иіс және патологоанатомиялық өзгеріс болмаса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады. Күдікті жағдайда қайнату сынамасы жүргізіледі. Егер иіс бөлінбесе ет өндірістік өңдеуге, ал иіс білінсе қайта өңдеуге (утиль) жіберіледі.
Күйіс қаиыратындар стронгилятоздары. Күйіс қайыратын малдың ішек-қарынында нематода тобына жататын көптеген түрлері тіршілік етеді. Ауруларды (гемонхоз, нематодироз, қой хатертиозы, буностомоздар,эзофагостомоздар, остертагиоздар нематодириллез) қоздырушылардың өсіп - өнуі аурудын бегілері бір-біріне жақын. Қарын ішекте өмір сүретін стронгилятолар геогельминттер, яғни олар аралық иесіз дамып көбейеді. Ерсек құрттардың жұмыртқасы нәжіспен берге сыртқа шығады. Онда жұмыртқа ішінде балаңқұрттар дамидыжұмыртқадан сыртқы шығып 2 рет түлеиді де инвазиялық сатысына ауысады. (кейбір құрттарда жұмыртқа ішінде түлеиді). Балаңқұрт жануар денесіне шөппен немесе шалшық сулармен түседі. Мал денесінде 2 рет түлеп 20-30 күннен кейін ересек құртқа айналады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Паразиттің жиналған жеріне байланысты жұмыртшақ қарында, ащы, тең ішекте катаралды қабыну, ноқатты қанталау, майда жаралар және сұрғылт түйіншектер табылады, іші құрттарға толған.
Санитариялық баға. Патологоанатомиялық өзгеріс болмаса ұша шектеусіз шығарылады. Ал ұша арық болса, ішек күшті зақымданса қайта өңдеуге жіберіледі.
Слайд 33Парамористомоздар – қоздырушылары қанмен қоректенетін паразит. Олар ірі қараны, қой, ешкі, енеке, бұлан
Парамористомоздар – қоздырушылары қанмен қоректенетін паразит. Олар ірі қараны, қой, ешкі, енеке, бұлан
Ауру малдың іші өтеді, не іші қатады. Кілегей қабықтары безғылт. Денесінің кейбір тұстары ісінген. Сойғаннан кейін паразит мекендеген ас қорыту мүшелерінде (қарын, ішек) кілегей қабықтары ісінген, домбыққан. Бұл мүшелерде көптеген сорғыштар көрінеді.
Санитариялық баға. Патолого-анатомиялық өзгерістербайқалса ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады. Ал ұша арық болса, ішекті күшті зақымдану байқалса оларды қайта өңдеуге жібереді.
Монозиоздар. Ірі қара, қой, ешкі, түйе және жабайы аңдардың – цестодоздары. Moniezia туыстығына, Anoplocephalidae тұқымдасына жатады. Олар жануарлар аш ішегінде тіршілік етеді. Құрттардың ұзындығы бірнеше метрге (2,5-10 м дейін түріне байланысты) жетеді, сколексі қарусын, аралық иелері топырақ кенелері.
Санитариялық баға. Патологоантомиялық өзгеріс жоқ ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады. Арық ұша, сол сияқты күшті зақымданған ішек қайта өңдеуге жіберіледі.
Слайд 34Гиподерматоз (оқыра, сәйгел). Ірі қараның (қой, ешкі, жылқының) тері астын мекендейтін, Hypederma туысына
Гиподерматоз (оқыра, сәйгел). Ірі қараның (қой, ешкі, жылқының) тері астын мекендейтін, Hypederma туысына
Оқыра бөгелектері мал терісінің түгіне жұмыртқамайды3-7 тәуліктен соң жұмыртқадан шыққан балаң құрттар тері астына енеді. Hypederma bovis құртықан тамырлары мен жүйке тамырларын бойлап, малдың жотасына жылжиды, омыртқа аралық ұлпаға еніп жұлынның майлы қабатына орналасады. H.lineatum құр құрттары өнешке жылжып, оның кілегей қабатының астына орналасады. 5-6 аидан соң олар мал жотасы бен бел тұсына жылжиды. Күн ысығанда терідегі тесік арқылы жерге түсіп топыраққа енеді. 20-40 тәуліктен соң көбелекке айналады.
Сояр алдындағы диагностика. Мал жатасын сипағанда түйіндер байқалады. Балаң құрттар өскенін тері тесіледі, ішінен жалқаяқ шығады да тері қымиығын желімдеп тастайды. Сипағанда тері температурасы жоғарылығы, малдың ауырсынғандығы байқалады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Жон, арқа және жанындағы еттердің беткі қабатында, тері асты клетчаткасында ұзыгнша іріңді өзектерді, өзек қапсиықтарын (капсула), оның аиналасындағы жалқаяқтарды байқауға болады. Тері астындағы клетчатқада инфильтрат, іріңді, қабынған ошақтар көрінеді.
Санитариялық баға. Қабынған, ісінген ұлпалар болса, одан тазартылған қан кейін ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Қой эстозы (жалған айналма, қойдың кеңсірік құрт ауруы, тысқарақ) Oesfzus ovis – қой бөгелегінің балаң құрттары тудыратын ауру. Олардың қойдың танауына, маңдай және бастық қосалқы қуыстарына орналысып, сол жерлердің кілегей қабығын қабындырады.
Слайд 35Қоздырушысы – балаң құрттар оның даму кезеңі үш сатыға бөлінеді. Қойдың танауына енген
Қоздырушысы – балаң құрттар оның даму кезеңі үш сатыға бөлінеді. Қойдың танауына енген
Санитариялық баға. Зақымданған бас, көмекей жұтқыншақ утилденеді. Ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Ірі қара сетариозы – Sefaridae тұқымдастығына жататын Setaria labiatopapillosa жұмыр құрты тұдыратын ірі қара, жылқы, қой бұғы, енекі, қодастың созылмалы түрде өтетін ауруы. Ересек нематодалар құрсақ кейде көкірек қуысында тіршілік етеді. Құрт жіңішке, ақ түсті, ұзындығы -6,0-8,0 см ұрғашысы 12,0-13,0 см. Аралық иелері масалар.
Сойғаннан кеінгі диагностика. Құрсақ сірі қабұлғанда қанталау, перитонит ошақтары,дәнекер ұлпалы түйіндер байқалады. Құрсақ қуысында нематодалар кездеседі.
Санитариялық баға. Зақымданған ұлпалар тазартылған соң, ұша мен ағзалар шектеусіз шығарылады.
Альфартиоз – таң тұятылардың тоң ішегінде тіршілік ететін Alfoztis edentatus нематодозы тұдыратын гельминтоз. Құрттың еркегінің ұзындығы 23-26,5 мм, ұрғашысы 32-40 мм. Балаң құрт жұмыртқадан сыртқы ортада дамып 5-6 күннен кейін инвазиялық сатысына енеді балаңқұрт ішектен ішек қабықтарын байлап, сірі қабығына, одан әрі шажырқай бойымен жылжып, құрсақ қабатының ішкі көк шандыры астымен кіндікке, төске жылжып, майлы ұлпаларға енеді. Олар мекендеген жерлерде іші қанға толы гематомалар пайда болады. Осы жерде ол дамып түлейді де 5-6 айдан кейін жас нематодалар ішек қабығына қайта ауысады. Бір айдан кейін ересек құртқа айналып ішек қуысына түседі. Толық даму айналымы 8-10 айға созылады.
Слайд 36Сойғаннан кейінгі диагностика. Альфартиозды перитонит, құрсақы қазарған, гематомалар көрінеді. Сірі қабатынан қызғылт және
Сойғаннан кейінгі диагностика. Альфартиозды перитонит, құрсақы қазарған, гематомалар көрінеді. Сірі қабатынан қызғылт және
Санитариялық баға. Ұша мен ағзаларды, зақымданған жерлерін тазартқаннан кейін шектеусіз шығарады. Онхоцеркоздар. Filavidae тұқымдастығына жататын Onchocerca cervicales, O.zeficulata (жылқы, есек, қашыр) O.gutturosa, O.lienalis (сиыр, енеке, зебу) тұдыратын инвазия. Нематодоның еркегінің ұзындығы 28-33 мм (O.guttulosa) 80 мм-ге (O.cerincalis), ені -0,09-0,10 мм 0,15-0,3 мм, ұрғашысы анағұрлым үлкен ересек құрттар сіңір, тарамыстарда, ал балаң құртары теріні мекендейді. Онхоцерктің ұрғашысы балаңқұрттар енесінен шыққан соң теріге жылжиды. Ары қарай даму үшін олар аралықиесі қансорғыш жәндіктерге түсуі қажет (шошқа, мокроце) Жәндіктер денесінде 8-25 күн аралығында өсіп, жұқпалы сатысына жетеді.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Зақымданған ұлпаларда әр түрлі деңгейдегі қақталау, дәнекер ұлпалардың өсуі, өліеттену әктенген ошақтар байқалады. Асқынған жағдайда іріңді, өліеттену, өзектер көрінеді.
Санитариялық баға. Зақымданған ұлпалардан тазартқаннан кейін, ұша мен ағзаларды шектеусіз шығарады. Ал іріңді, некрозды үрдістер байқалса бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Саркоптоз (қышыма қотыр) терінің жоғарғы эпидермис қабатын мекендеитін,Sarcoptes S.egui, ірі қарада S.bovis, қойда S.ovis,түйеде S.cfmeli,шошқада S.suis итте – scanis саркоптоздың алғашқы белгілері малдың басында көзмақында, тұмсығында байқалады (жүнінің түсуі, терінің қабынуы, қышу). Жылқы мен шошқаның алуымен мойнында, жауырынында сонан соң төске тарап, құйрығының түбіне жылжиды.
Түйенінің қотырға мойыны сандарының ішкі жағы, бас теріс, аяғында жұлығы, бақайларының арасы шалдығады. Ірі қара мен қойда саркоптоз сирек кездеседі, қойдың бас терісі, сиырдың бас, мойын терімен зақымданады.
Слайд 37Санитариялық баға. Ұша мен ағзалар өндірістік өңдеуге жіберіледі арық мал ұшасы, ағзаларын ағзындау
Санитариялық баға. Ұша мен ағзалар өндірістік өңдеуге жіберіледі арық мал ұшасы, ағзаларын ағзындау
Слайд 38Жұқпайтын ауруларда ұша мен ағзаларды
малдәрiгерлiк-санитарлық сараптау.
Бұл тарауда шаруашылықта көп кездесетiн жұқпайтын ауруларда сойыс
Жұқпайтын ауруларда ұша мен ағзаларды
малдәрiгерлiк-санитарлық сараптау.
Бұл тарауда шаруашылықта көп кездесетiн жұқпайтын ауруларда сойыс
Сол сияқты зат алмасу патологиясы, жеке ағзалар аурулары, iсiк т.б. ауруларда сойыс өнiмдерiн пайдалану мүмкiншiлiгiнен хабардар боласыз.
Септикалық үрдістер (процестер)- Абцесс, дүңку (флегмона) және iрiңдi жара организмге iрiңдеткiш микробтардың (әсiресе стрептококтар мен стафилакоктар) енген жерiнде қабыну үрдісі дамуы нәтижесінде өрбиді.
Абцесс-(abscessus)-сойыс малдарының етiнде, лимфа түйiндерiнде және ағзаларында кездеседi. Ветсансараптаушы абцестi тапқанда оған жақын орналасқан ұлпалар және зақымдалған жердi қамтитын лимфа түйiндерiн тексередi. Ұлпа мен лимфа түйiндерiнде өзгерiстер болмай, жеке-жеке абцестер табылса, ол еттiң шiрiткiш микрофлоралармен ластанбағандығының куәсi. Ветсансараптау тәжiрибесiнде бауырдың абцесiне ерекше мән бередi. Бауырдағы iрiңдi ошақ, оған iрiңдеткiш микроорганизмдердiң қақпа венасы арқылы iшектен енгенiнiң белгiсi, бұны жалпы септикалық процесс деп қарауға болады.
Слайд 39Флегмона-(Phlegmone)-борпылдақ дәнекер ұлпаның, диффузиялық таралуға бейiмдi, iрiңдi жiтi қабынуы. Абцеске қарағанда, бұл аса
Флегмона-(Phlegmone)-борпылдақ дәнекер ұлпаның, диффузиялық таралуға бейiмдi, iрiңдi жiтi қабынуы. Абцеске қарағанда, бұл аса
Жара-(Vulnus)-терi және оның астындағы ұлпалардың ашық зақымдануы. Жара бетiнiң iрiңдеуi мен асқынуы ондағы iрiңдеткiш микрофлорамен байланысты.
Санитариялық баға. Шамалы абцесте, жан-жағына тарамаған, айналасы iсiксiз және аймақтық лимфа түйiндерi зақымданбаған кезде, зақымданған жерлерi мен ағзаларын бракке шығарады да ұшасын шектеусiз пайдаланады. Жеке ағзаларында көптеген немесе бiрен-саран абцесс табылып, бiрақ аймақтық лимфа түйiндерiнде өзгерiс не кiшiгiрiм флегмона болса зақымдалған ағзалар немесе ұлпаларды бракқа шығарады, ал етiн бактериологиялық тексерiстiң нәтижесiне қарай пайдаланады. Бауырдың абцесiнде оны жарамсыз деп тауып, етiн бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Бұны айналасы iскен көлемдi iрiңдi жарасы табылғанда жүргiзедi. Лимфа түйiндерi мен етiнде абцесс болса, сондай ақ жан-жағына жайылған флегмонада ұша ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiберiледi. Кең көлемдi жарақаты бар өзi арық малды союға жiбермейдi.
Сепсис-(Sepsis)- әр түрлi iрiңдеткiш микробтар мен олардың уыттары туғызатын ауру. Абцесс, флегмона және iрiңдi жара аурудың алғашқы ошақтары, олардан шыққан микроорганизмдер (стафилакок және стрептокок) қанға енiп сепсис туғызады. Оған пиемия, септицемия немесе септикопиемия қосылады. Пиемияда лимфа түйiндерi мен ағзалары iрiңдейдi, әр жерден тесiледi. Септицемияда көптеген қанталау, көк бауырдың ұлғаюы, қаны ұйымауы және бауыры мен бүйректерiнде азғындау сияқты жалпы патологиялық өзгерiстер пайда болады. Бұндай өзгерiстер топалаңға ұқсас. Септикопиемияда жергiлiктi және жалпы өзгерiстер байқалады.
Слайд 40Санитариялық баға. Пиемияда ұша мен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал iрiңдi жарасыз
Санитариялық баға. Пиемияда ұша мен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал iрiңдi жарасыз
Гангрена-(Gangraena)-ұлпаның шiруi, қан пигменттерiнiң ыдырауына байланысты зақымданған жерiнiң түсi қара-қызыл немесе қара болады. Шiрiген ұлпада iрiңдеткiш микробтар енiп процестi асқындырады. Сөйтiп ұлпалар лас-сұр немесе қара түстi жүйесiз мылжаға айналады. Гангрена малдың аяқтарында және сыртқы ортамен қатынасатын iшкi ағзаларында (өкпе, iшек, жатыр) болуы ықтимал.
Санитариялық баға. Шiрiген жерi аз болса айналасындағы ұлпаларымен бракка шығарып, ұшасын бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Ал гангренамен көп жерi немесе ағзалары зақымданып, шiрiген ұлпаның қанға енгендiгiн (путирид интоксикациясы) анықтауға болмайтын жағдайда техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
ЗАТ АЛМАСУ АУРУЛАРЫ- азықтанудың бұзылуынан және кейбiр аурулардың салдарынан болады.
Бозеттiлiк- (алиментарлық бұлшық ет дистрофиясы)-ауылшаруашылық малдары төлдерiнiң және құстың ауруы. Зат алмасуының бұзылуы салдарынан ағзалары мен ұлпаларында, әсiресе жүрек және қаңқа еттерiнде функциональдық және морфологиялық өзгерiстер болады. Әсiресе 2-4 айлық төлдер жиi ауырады. Ересек қой, шошқа және жабайы хайуанаттарда ауру сирек кездеседi. Көпшiлiк зерттеушiлердiң айтулары бойынша, бұл ауру буаз малдарды құнарсыз азықтандырудың, атап айтқанда мал азығында селен, кобальт, марганец және Е дәрумендерінің жетiспеуiнен және калийдiң көптiгiнен пайда болады.
Слайд 41Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Жүректiң және қаңқаның бұлшық еттерiнде дегенеративтi-некроздық процестiң (морфологиялық өзгерiс) болуына
Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Жүректiң және қаңқаның бұлшық еттерiнде дегенеративтi-некроздық процестiң (морфологиялық өзгерiс) болуына
Санитариялық баға. Етiнде дегенеративтiк өзгерiстер (тұссiзденген, iскен, көлемi үлкейген, болбыр) болса, ұшаны ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi, ал шамалы өзгерiстерде түсi ақшыл қызғылт, көлемi онша үлкеймеген немесе ағзалары мен қаңқа етiнiң кейбiр жерлерiнде пато-морфологиялық өзгерiстер болса, ұша мен iшкi ағзаларына тексереу жүргiзедi. Етi немесе ағзаларынан сальмонелла табылған жағдайда ұшаны пiсiрiп зарарсыздандырады да iшкi ағзаларын техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Сальмонелла табылмаған жағдайда ұшаны және зақымданбаған ағзаларды өндiрiстiк өңдеуге (пiсiрген және пiсiрiп-ыстаған шұжық және консервi дайындайды) ал зақымдалған ағзаларды техникалық өңдеуге жiбередi. Селен (натрий селенитi) егiлген малды 45 күннен, ал құсты-30 күннен кейiн союға болады.
Гидремия- (Hydraemia)-ет және дәнекер ұлпаларында, сондай-ақ мал денесiнiң қуыстарында сұйықтың (транссудат) мол жиналуы. Бұл малдың әртүрлi ауруларында, атап айтқанда қойдың фасциолезi, iшек гельминттерi туғызған гастроэнтеритi, сондай-ақ iрi қара және шошқаның гидронефрозында кездеседi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Етi арық, терi астына және ет ұлпаларында су жиналған, осыған байланысты етi болбыр, ылғалды, қызғылт-сұр тұстi. Жамбас қуысы, бүйрек жаны, сондай-ақ терi асты майлары жоқ, оның орнына сары-қызыл тұстi жалқаяқ көрiнедi. Лимфа түйiндерi үлкейiп, iсiнуi ықтимал.
Слайд 42Санитариялық баға. Гидремияның белгiсi анық бiлiнген ұшаны ағзаларымен қоса техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Санитариялық баға. Гидремияның белгiсi анық бiлiнген ұшаны ағзаларымен қоса техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Уремия- (Uremia)-бүйрек жұмысының нашарлауына байланысты малдың өз несебiмен улануы.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Малды бауыздап жатқан кезде, қанынан несеп иiсi шығады. Терi асты және ет аралық дәнекер ұлпасы аса дымқыл, несеп иiсi шығады, ал кейде қан құйылған, қуығы жарылса, несеп құрсақ қуысына жиналады, құрсақ көк етiнiң кейбiр жерлерi қызарады. Ұшадан несеп немесе аммиак иiсi шығады, кейде суыған ұшада бұндай иiс кеткенімен қайнатқаннан кейiн ол қайта шығады.
Санитариялық баға. Уремиямен ауырған малдың сойыс өнiмдерiн түгелiмен техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Сары ауру - қанда iшiнде билорубинннiң шамадан тыс көп жиналуынан ұлпалардың сары түске боялуы (патологиялық процесс). Бұның себептерi әрқалай: өт жолдарының бiтелiп қалуы, гемоглобинемия, пироплазмидиоз, лептоспироз, сальмонеллез және басқа аурулар, сондай-ақ кейбiр азықтарды жегенде т.б. Нағыз сары ауруда реңi әрқалай (бозғыл-сарыдан, жасыр-сары түске дейiн), тұрақты сары түс барлық ұлпаларда, атап айтқанда май, сiңiр, шемiршек т.б. болады. Лимфа түйiндерi сары түстi, қысқан кезде жасыл-сары немесе қызғылт-сары түстi лимфа шығады. Кейде ұшаның сарғыштығы жеген азығына байланысты болуы мүмкiн. Мал азығында каротин көп болса iрi қара малдың ұлпалары сарғаяды, ал шошқаның ұшасы зығыр немесе рапс күнжарсымен бордақыланғанда сарғаяды, бiрақ тек майы ғана сарғаяды, басқа ұлпаларының түсi өзгермейдi. Кәрi малдың майы липохромның жиналуына байланысты сары болады.
Санитариялық баға. Ұлпадағы сарғыш бояу 2 тәулiк бойы сақталса, еттiң ащы дәмi мен нәжiс иiсi қайнатқанда кетпесе ондай ұшаны техникалық өңдеуге жiбередi. Ащы дәмi мен нәжiс иiсi болмай, сарғыш бояу 2 тәулiк iшiнде кетсе еттi өндiрiстiк өңдеуге жiбередi. Азықтандыруына байланысты және жасына қарай сарғайса еттi шектеусiз шығарады.
Слайд 43Эндемиялық остеодистрофия-негiзiнен 3-6 жасар сиырларда кездеседi, яғни айтқанда малдың организмiнде минералдық зат алмасу
Эндемиялық остеодистрофия-негiзiнен 3-6 жасар сиырларда кездеседi, яғни айтқанда малдың организмiнде минералдық зат алмасу
Санитариялық баға. Етiнде айтарлықтай өзгерiстерi (атрофия, қызыл-сұр түс, май жиналатын жердiң iсiңкi болуы) бар ұшаны және басқа сойыс өнiмдерiн техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Кетоз-(ацетонемия)- углевод, липоид, ақ зат және басқа зат алмасуларының бұзылуынан болатын сауын сиырдың ауруы, демек оның организмiнде кетоздық зат (бетамайтотығы, ацетон, сiрке қышқылдары) жиналады және көпшiлiк ағзаларында дистрофиялық процестер байқалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаның етi қуқыл тартқан, ет аралық дәнекер ұлпаларда май мол жиналған, құрсақ көк етi, шарбы мен бүйректiң жанына сiлiкпе тәрiздес май жиналған, бауыры 1,5-2 есе ұлғайған, болбыр қызыл-сары түстi, бүйректерi өскен, iсiңкi, сондай-ақ лимфа түйiндерi үлкейген, қанталап қызарған.
Санитариялық баға. Кетоз ауруының белгiсi бар, сондай-ақ остеодистрофиямен асқынған сиырды ауру мал ретiнде сояды. Осыған байланысты сойыс өнiмдерiн бактериологиялық тексеруден өткiзедi. Сальмонелла немесе патогендi стафилакоктар табылса, сойыс өнiмдерiн пiсiрiп зарарсыздандырады, ал табылмаған жағдайда патологиялық өзгерiстерi бар ет пен ағзаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi де,өзгерiстерi жоқ ұша мен ағзаларды өндiрiстiк өңдеуге жiбередi.
Слайд 44Арықтау-жүдеу. Ауру немесе ұзақ уақыт ашыққан малдың организмiнде зат алмасу процесi бұзылғандықтан мал
Арықтау-жүдеу. Ауру немесе ұзақ уақыт ашыққан малдың организмiнде зат алмасу процесi бұзылғандықтан мал
Көтерем-патологиялық процесс, бұнда зат алмасуы қатты бұзылады. Демек май жиналатын орындарда сiлiкпе тәрiздес инфильтратты көруге болады, лимфа түйiндерi айналасына қоймалжың инфильтрат жиналады. Бұндай малдың бауыры азғындаған, жiлiк майы қызыл түстi, сiлiкпе тәрiздес.
Санитариялық баға. Арық болғанымен, денi сау малдың етiн өндiрiстiк өңдеуге пайдаланады. Етi тым арық, май орнына сiлiкпе инфильтрат жиналған және басқа патологиялық көтеремдiктiң белгiсi бар ұшаны, iшкi ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Стресс-сыртқы ортаның жағымсыз әсерiне организмнiң жауабы ретiнде пайда болатын құбылыс. Стреске ұшыраған малдың етi бозғылт түстi (РSE деп аталатын ет) немесе керiсiнше қара (Д±Д ет). Бозғылт (мәрмәр тәрiздес), жұмсақ, ылғалды, жалқаяқ. Бұндай өзгерiстер еттiң нағыз бағалы кесектерiнде (сан етi, белдеме) болады. Ет қышқылданады (рН 5,2-5,5), ылғал байланыстырғышы және дәмдiк қасиетi (ащы дәмдi) төмендеген, жабысқақ, ақ Д±Д-ет шошқа мен iрi қарада байқалады. Оның рН (6,2-7,0) жоғары болады, ылғал байланыстырғышы жоғары, ондай ет пiсiргенде сөлiн аз жоғалтады, гликогенi мен сүт қышқылы аз, жалқыаяқ ет сияқты бұның да дәмдiк сапасы өте төмен.
Тiтiркенуде еттегi өзгерiстер және оның сапасының төмендеуi әлi толық зерттелген жоқ. Бұны зат алмасуының және гликолиз процесiнiң бұзылуы, сондай-ақ адреналинмен байланысты өзгерiстер, АТФ ыдырауы т.б. жағдайлармен байланыстыруға болады. Еттегi өзгерiстер малды сойғаннан кейiнгi тексерiсте көп байқалмай, еттi өңдеген кезде айқындалады.
Слайд 45Iшкi ағзалардың аурулары.
Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, сондай-ақ бронхит, плеврит, бронхопневмония және плевропневмония сияқты
Iшкi ағзалардың аурулары.
Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, сондай-ақ бронхит, плеврит, бронхопневмония және плевропневмония сияқты
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын шырышты қабықтардағы өзгерiстерге қарап анықтайды. Бронхитте бронхтар мен кеңiрдектiң iшiнде сұйық немесе көпiрген экссудат болуы ықтимал, бронхтың шырышты қабығы қызғылт-қызыл түстi, қатаралдық және қатаралдық геморрагиялық қабыну құбылысы байқалады. Таза бронхит сирек кездеседi, ал бронхопневмония жиi кездеседi. Бұл кезде бронхтағы патологиялық өзгерiстерге қоса өкпенiң жеке бөлiгi немесе көпшiлiк жерiнен қатайған ошақтарды кездестiруге болады. Бұндай ошақтарды, пышақпен тiлгенде қызыл сұр түстi (гепатизацияның түрлiше сатысы). Бронх және көкiрек қуысы лимфа түйiндерi шырыштанып ұлғаюы ықтимал, тiлiп қарағанда кей жерiнде қан құйылғаны байқалады. Плевритте қабырға және өкпе плеврасының түстерi өзгередi, плевраның үстiнде фибринозды экссудат пайда болады, ал қабырға мен өкпе плевралары бiр-бiрiмен жабысып қалады. Бұндай жағдайда сойыс өнiмiне санитарлық баға беру үшiн өкпесiн зақымдайтын жұқпалы ауру (туберкулез, пастереллез, уытты iсiк, аусылдың асқынған тұрi т.б) еместiгiн анықтау керек.
Санитариялық баға. Қандай да жағдай болмасын, өкпенiң бөлiктерiн немесе тұтастай бракке шығарады. Жұқпайтын ошақты пневмонияда, плеврада өзгерiс болмаса сойыс өнiмдерiнiң барлығын (өкпесiнен басқасы) тежеусiз пайдаланылады. Аймақтық лимфа түйiндерi зақымданған пневмонияда плеврит және плевропневмонияда мәселенi бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына қарап шешедi.
Слайд 46Сойыс малында, әсiресе iрi қара малды бауыздаған кезде өкпеге қан және жын түсуi
Сойыс малында, әсiресе iрi қара малды бауыздаған кезде өкпеге қан және жын түсуi
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Үлпершектiң сiрi қабығы көмескi, бұдырмақты оның бетiнде фибрин қабыршықтары болады. Жүрек қабының қабырғасы қалыңдаған, оның қуысына көптеген сұйықтық немесе iрiң, жағымсыз иiстi экссудаттың жиналуы ықтимал. Созылмалы процесте үлпершек қуысына фибрин жиналады, сондай-ақ үлпершек жартылай немсе тұтас эпикардпен, сондай-ақ қабырғалық және өкпе плевраларымен де жабысады. Процестiң осылай жан жағына таралуына байланысты кеуде қуысында үлкендi-кiшiлi iрiңдi жаралар пайда болады, әукесi iседi, плевропневмония дамиды, өкпесiнiң лимфа түйiндерi ұлғаяды, ұшаның етi сарғаяды.
Санитариялық баға. Арық және гидремиялы сондай-ақ сарғайған ұшаны ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Перикард, эпикард, өкпе және кеуде, қабырғаның кейбiр жерiнде айқын патологиялық-анатомиялық өзгерiстер болса, ұшаның зақымданған жерлерiн бракке шығарады да, зақымданған жүрек, өкпе техникалық қайта өңдеуге жiберiледi.
Бауырдың капиллярлық эктазиясы. Бауырдың ұлпасындағы атрофиялық және склероз процестерiне байланысты оның капиллярi диффузиялық кеңуге ұшырайды. Бұл ауруды малдың жасымен байланыстырады, негiзiнен 4-6 жасар iрi қара мал жиi ауырады.
Слайд 47Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бауырдың паренхимасының бет жағында алғашқыда қызарған, сонан соң көкшiл-қызыл немесе
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бауырдың паренхимасының бет жағында алғашқыда қызарған, сонан соң көкшiл-қызыл немесе
Бауырдың майлы азғындауы және майлы инфильтрациясы- интоксикация мен инфильтрацияның әсерiнен бауыр майы азғындап, оның түсi өзгередi. Бауырдың түсi сарыбалшық сияқты, кейде сiрi қабықтың астынан қан құйылғанын көруге болады. Ұлпаны кесiп қарағанда бұлдыр, болбыр, шеттерi қалыңдаған, кейде кiшiрейген. Бауырдың майлы инфильтрациясы шошқада сондай-ақ кәрi малдарды аса семiрткенде жиi кездесетiн физиологиялық құбылыс. Бұндай жағдайда бауырдың түсi сары, сiрi қабығында өзгерiстер болмайды, ағзаның ұлпасы созылғыш, тiлгенде жылтырайды.
Санитариялық баға. Майлы инфильтрацияда бауыр пiскен шұжық өнiмдерiн немесе консервi дайындауға жiберiледi, ал майлы азғындаса қайта өңдеуге жiберiледi, ет үлгiсiн бактериологиялық тексеруге жiберiп, сальмонеллаға тексередi, соған қарап ұшаға санитариялық баға берiледi.
Бауырдың циррозы. Жеке дамитын процесс немесе басқа бiр аурудың белгiсi. Атрофиялық циррозда бауыр кiшiрейедi, нығыздалады, түсi қызыл-сұрдан, күңгiрт сарыға дейiн, дәнекер ұлпаның болуына байланысты қатаяды. Гипертрофиялық циррозда бауыр 2-3 рет ұлғаяды.
Санитариялық баға. Бауырды техникалық қайта өңдеуге жiбередi, дәнекер ұлпаның өсуi оның тағамдық бағасын және дәмдiк қасиетiн төмендетедi.
Слайд 48Iш кебу-(Timpania)-ұлтабардың (қарын) және iшектiң шырышты қабығының геморрагиялық қабынуы, жарақатты ретикулит. Бұл ауруларда
Iш кебу-(Timpania)-ұлтабардың (қарын) және iшектiң шырышты қабығының геморрагиялық қабынуы, жарақатты ретикулит. Бұл ауруларда
Санитариялық баға. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi бар ағзалар мен ұша бөлiктерiн техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Басқа өнiмдердi бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына байланысты шығарады.
Перитонит-(Peritonitis)-құрсақтың көк етiнiң қабынуы, ол сойыс малдарында әртүрлi себептерден (жарақат, соққы тиген, салқын тиген, кiндiк қабынуы, жатыр қабынуы, iшек-қарын аурулары т.б.) болады. Ауру жiтi болғанда құрсақ қуысына сiрi-фибринозды немесе геморрагиялық экссудат жиналады. Құрсақтың көк етi iшектiң сiрi қабығының бiр-бiрiмен жабысып қалғанына байланысты фибрин ұйысы пайда болады. Ал аурудың созылмалы түрiнде бұған қосымша жабысқан жерлерi қанталайды және құрсақтың көк етiнде iрiңдi абцесс пайда болады.
Санитариялық баға. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi бар iшкi ағзалар мен ұлпаларды техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Басқа қалған сойыс өнiмдерiн бактериологиялық тексерiстiң қорытындысына қарай пiсiрiп зарарсыздандырады, консервi немесе ет нанын дайындауға жiбередi. Даланың ақселеусiнен (ковыль) болған перитонитте қойдың ұшасы мен ағзаларын ақселеуден тазартқаннан кейiн шығарады. Ақселеуден болған iрiңдi-абцестi перитонитте немесе қабынудың басқа түрiнде ұшаны техникалық қайта өңдеуге жiбередi.
Слайд 49Iсiк - (неоплазма) - сойыс малында зиянсыз iсiктер оның iшiнде нейрофиброма және липома
Iсiк - (неоплазма) - сойыс малында зиянсыз iсiктер оның iшiнде нейрофиброма және липома
Нервтiң фибриозды жуандауы - (нейрофиброматоз, неврома немесе Реклингаузен ауруы) көбiне сиырда, ал еркек мал және төлiнде сирек кездеседi, Ұшаның алдыңғы жартысы зақымданады. Iсiктi алдыңғы аяқтары және жауырын астынан табады. Кейде олар қабырға арасы мен қабырға аралық нервтердi қуалай өседi. Мойын нервтерiнiң iсiгi ұршық тәрiзденiп үлкендiгi түйреуiштiң iлгiшiнен қаздың жұмыртқасына дейiн жетедi. Кейбiр жағдайда оның салмағы 2 кг тартады. Оның үстiне ақ сұр реңдi ақ, консистенциясы нығыз, пышақпен тiлгенде көптеген жiңiшке жiп тәрiздес нәрселер көрiнедi. Нейрофиброманың эпикард астында кездесуi де мүмкiн. Iсiк күретамыр венасына жақын орналасса көкбауырға қан мол жиналып оның көлемiн үлкейтедi, осыдан барып топалаңға күмән туады.
Липома - (Lipoma) - май жиналатын жерден табылады, бiрақ-та майдан айырмашылығы, оның көлемi әрқалай және талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қабаттар болады. Мал арықтап, майын жойса да липомалар сақталады. Зиянды iсiктерден iрi қара мал және шошқа саркома мен карцинома, ал жылқыда-мелансаркома кездеседi.
Саркома - (Sarcoma) және карцинома - (Carcinoma) - ағзаларына қоса ет, сүйек, лимфа түйiндерi және сiрi қабықтарда да пайда болады. Карциноманы тек iрi қарадан табады, ол бұдырлы зақымданған ұлпаның бет жағынан көтерiңкi жатады, сондай-ақ ол альвеокок көпiршiгiне ұқсас келедi. Саркома ақ-қызғылт түстi, консистенциясы жұмсақ.
Мелансаркома - (Melanocarcoma - ақ және сұр түстiлерi) - жылқыда кездеседi, қара-қоңыр кейде толық қара түстiлерiне оңай диагноз қоюға болады. Терiсi, сүт бездерi, бауыр, көкбауыр және лимфа түйiндерiнде кездеседi. Бұдан қатерлі және қатерсіз iсiктердi ажырату қажет. Күмәндi жағдайда гистологиялық тексеру жүргiзедi.
Слайд 50Санитариялық баға. Зиянды (қатерлi) iсiкпен, сондай-ақ көптеген зиянсыз iсiкпен ұшаның зақымдалған бөлiктерiн техникалық
Санитариялық баға. Зиянды (қатерлi) iсiкпен, сондай-ақ көптеген зиянсыз iсiкпен ұшаның зақымдалған бөлiктерiн техникалық
Санитариялық баға. Жаңа болған жарақатта, сүйек сынғанда және терi астында аздаған қанталағанда малдың сояр алдындағы дене температурасы әдеттегiдей болып, айналасындағы ұлпалар және лимфа түйiндерi қабынбаса, қан сiңген, iсiнген, өзгерген ұлпаларды алып тастайды да ұшаны шектеусiз шығарады. Көлемдi жарақат, ауқымды сынықтың орнын тазалауға мүмкiншiлiк болмаса ұшаны ағзаларымен бiрге техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Ұшаны терi асты майынан немесе еттiң беткi қабатынан (сиыр ұшасынан 15% артық, ал қой және шошқа етiнен -10% артық) мұқият тазартқаннан кейiн өндiрiстiк өңдеуге пайдалануға болады.
Слайд 51Ұлпалардың термиялық зақымдануы. Бұның iшiнде ветеринариялық-санитариялық сараптау тәжiрибесiнде жиi кездесетiнi күйiк. Ет пен
Ұлпалардың термиялық зақымдануы. Бұның iшiнде ветеринариялық-санитариялық сараптау тәжiрибесiнде жиi кездесетiнi күйiк. Ет пен