Спецификалық алдын алу презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары

Туберкулез дегеніміз не?
Алдын алу шаралары
Спецификалық алдын алу
Тарихы
Бцж вакцинасы
Орындау тәсілі

Слайд 3

Туберкулез - туберкулез микобактериясы қоздыратын, жасушалық аллергия, əртүрлі ағзалар мен тіндерде арнайы түйіршіктер пайда

болуымен, полиморфты клиникалық көріністермен сипатталатын инфекциялық ауру

Слайд 4

Туберкулездің алдын алу шаралары

Әлеуметтік алдын алу

Санитарлық алдын алу

Химиопрофилактика

Спецификалық алдын алу

Слайд 5

Туберкулезді спецификалық алдын алу

Дүние жүзі елдерінде туберкулездің алдын алу БЦЖ – мен

вакцинация және ревакцинация жасау болып табылады.

Вакцинация мақсаты – туберкулез қоздырғышына тұрақтылықты жоғарылататын жасанды имунитетті ТМБ жұқтырмаған адамда қалыптастыру.

Ревакцинация - жоспарлы түрде қайта жасалған вакцинация

Слайд 6

Тарихы

БЦЖ- ның (BCG) вакцинді штаммын 1919 жылы француз ғалымдары A. L.Ch. Calmette және

C. Guerin тапқан және солардың аттарымен аталған (BCG - Bacilles Calmette - Guerin) 1921 жылы Кальметт және Герен бактерия бөлушінің отбасында өмірге келген нәрестеге БЦЖ вакцинасын еккен. 1923 жылы Ұлттық Лиганың Гигиеналық комитеті дүние жүзінің барлық елдерінде “туберкулезге қарсы егуді кеңінен қолдану” туралы қаулы қабылдаған.

Слайд 7

БЦЖ вакцинасы

БЦЖ вакцинасы – бұл, организмде туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған екпе.
Туберкулездің

алдын алуға БЦЖ - ның құрғақ вакцинасы қолданады, өйткені құрғақ вакцина біршама тұрақты, онда ұзақ уақыт бойы ТМБ-ның керекті көлемін сақтауға болады.

Слайд 9

БЦЖ вакцинасын қолдану тәсілі және оның дозасы

БЦЖ вакцинасы – ақ ұнтақ түріндегі масса,

ол вакуумды ампулаға салынған.1 ампула 1мг БЦЖ вакцинасын құрайды (0,05мг 20 доза).Вакцина температурасы +8ºС аспайтын тоңазытқышта сақталады. Қолданар алдында БЦЖ вакцинасын 2 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісімен ерітеді. Ампуладағы ерітінді вакцинаға қосылып беріледі. Ерітілген вакцинаны дереу қолданады, ал кейбір жағдайда, ерітіндінің стерилдігін сақтап, күн сәулесінен қорғап, оны 2-3 сағаттан асырмай қолдануға болады, содан кейін вакцинаны жояды.

Слайд 10

БЦЖ вакцинасын орындау тәсілі

Алдын ала шприц көмегімен ерітілген БЦЖ вакцинасын араластырады,

1 грамдық шприцке 0,2 мл вакцина сорып алады, ине арқылы ауаны шығарып, шприцте 0,1 мл вакцина қалдырады. Алдын ала теріні 70% этил спиртімен сүртіп тазалайды да, БЦЖ вакцинасын сол жақ иықтың сыртқы тұсына, жоғарғы және орта бөліктің шекарасына енгізеді..

Слайд 11

БЦЖ вакцинасының 0,05 мг дозасын 0,1 ерітінді түрінде тері ішіне жіберіледі.

Слайд 12

БЦЖ дәрісі егілгеннен кейін сол адамның денесінде туберкулезге деген сезімталдылықпен бірге, туберкулез микобактериясына

қарса тұра алатын зат –антиденелер түзіле бастайды. Себебі егілген жерден денеге туберкулез бактериясы өсіп өне бастайды. Мұндай адам денесінде өзгеріс 6-8 жұмадан кейін аяқталады.

Слайд 13

Іс жүзінде бұл өзгеріс былай болады

БЦЖ дәрісі егілген жерде алдымен тері қызарады, содан

кейін ісік пайда болады, онан әрі әлгі ісік күлдіреп ісиді және жарылады. Ал жазылған соң орнына тыртық қалады.
Нәрестеде қалыпты егу реакциясы вакцина жібергеннен кейін 4-6 аптада байқалады, егу орнындағы қабыну реакциясының кері дамуы 2-4 айға, кейде оданда көп мерзімге созылуы мүмкін. Вакцинаны дұрыс жүргізгенде диаметрі 2-10 тері үстіндегі тыртық, егілген балалар арасындағы 90-95 % дейін пайда болады. Кейіннен вакцинацияның нәтижелі жасалғандығын тыртықтың пайда болуы арқылы бағалайды.

Слайд 14

БЦЖ вакцинасы жасалған балаларға бақылауды жалпы емдеу жүйесінің дәрігерлері, мейірбикелері жүргізеді, олар

вакцинация жасалғаннан кейін 1-3 және 12 айдан соң жергілікті егу реакциясын тексерулері керек.

Слайд 15

БЦЖ вакцинасының біздің елімізде екі түрі қолданылады.

БЦЖ вакцинасы

БЦЖ-М вакцинасы

Слайд 16

БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер

Дені сау, жаңа туған, салмағы 2000г жоғары нәрестелерге БЦЖ вакцинациясын

алдын ала туберкулин сынамасын қоймай-ақ 1-4- ші күндері жасайды.
Шала туған нәрестелерге перзентханаларда шала туған нәрестелерді күту бөлімшесінің емдеу стационарындағы (күтудің 2 кезеңі) – 2300 г және одан жоғары нәрестелерге стационардан үйіне шығарылар алдында жасалады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша әйелдер босанатын үйде вакцинация жасалмағандарға жазылғаннан соң 1-6 айдан кейін балалар емханасында БЦЖ-М вакцинасы егіледі.

Слайд 17

Туберкулезге тексеру және оған қарсы егу жұмыстарын төменде көрсетілген құжаттарға тіркеп отырады.

№63-у форматында

–профилактикалық егу картасы;
№ 112-у формасында –балалар өсу тарихы;
№ 026-у формасында –балалар медициналық картасы

Слайд 18

Жаңа туған нәрестелердің арасында уақытша егуге болмайтын мыналар

Егер нәресте салмағы 2 кг аз

болса;
Туа біткен сары ауру;
Нәрестелердің ыстығы (температурасы) көтерілсе;
Нәрестеде кездесетін терінің іріңді аурулары

Слайд 19

Келесі балаларға ревакцинация жүргізуге болмайды

Егер бұрын туберкулезбен ауырған болса;
Егер Манту 2ТБ реакциясы

бірінші рет болса (сезімталдылық көрсетпесе) –
туберкулинді вираж;
Егер Манту 2 ТБ реакциясы ұдайы оң болса (сезімталдылық көрсетсе);
Егер бұрын БЦЖ вакцинасын екеннен кейін әртүрлі асқыну реакциялары болған болса

Слайд 20

БЦЖ вакинасынан кейін болатын асқыну түрлері

Тері астының іріңдеуі;
Тері астылық суық абсцесс
Тері үстіндегі

жараның көлемі 10 мм және одан да үлкен;
БЦ вакинасы егілген жақтан қолтық астындағы бездің 15 мм көлемдегі және тері тыртығынан өсетін қатты ісік -10 мм көлемінде, кейде одан да үлкен.

Слайд 22

Қолданылған әдебиеттер: 1. "Фтизиатрия" учебник под ред. Ракишевой А.С., Цогт Г.,2014 г. Алматы. 2. Перельман

М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов медицинских вузов). М., 2012. 3. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г. 4. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.
5. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed 6. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контроле над туберкулезом. Астана, 2008. 7. В.Ю.Мишин, Ю.Г.Григорьев, А.В.Митронин, С.П.Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007 г.

Слайд 23

Қорытынды

Имя файла: Спецификалық-алдын-алу.pptx
Количество просмотров: 50
Количество скачиваний: 0