Қызылиегінің ультраструктурасы,қызылиек сайы,қызылиек сұйықтығы презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары:

1. Қызылиек.
2.Қызылиек ультраструктурасы
3.Қызылкек сайы
4.Қызылиек сұйықтығы

Слайд 3

Қызылиек деп ауыз кілегейлі қабығының жақ сүйектерінің альвеола өсіндісін жауып тұрған бөлігін айтады

және ол парадонттың маңызды құрамы болып саналады

Слайд 4

Клиникалық және физиологиялық көзқарасқа сай,қызылиектің үш бөлігін ажыратады.Олар: 1) тісаралық қызылиек бүртігі(межзубной-десновой); 2)қызылиек жиегі(десновой край),екеуі

қосылып еркін қызылиекті(еркін қызылиекті)құрайды, 3)альвеолалық бөлігі(прикрепленная десна)

Слайд 5

Гистологиялық құрылымы жағынан қызылиек екі қабаттан тұрады.

Беткі қабаты-көпқабатты жазық эпителий немесе

жабынды эпителий

Астыңғы қабаты- нағыз кілегейлі қабықнемесе нағыз дәнекер қабық

Нағыз қызылиек

Қызылиек сайы

Тіс-қызылиек

талшықты

Жасушалық

Слайд 7

Нағыз қызылиек эпителиі тісаралық бүртіктерді,қызылиек жиегін және бекіген қызылиекті жауып жатады

Қызылиек сайы эпителиі

сайдың қызылиек жақ қабырғасын жауып жатады.Базальді және тікенекті қабаттардан тұрады
Біріктіруші эпителий немесе тіс-қызылиек бекімі эпителий тіс бетіне параллельді орналасқан ұзынша жасушалардың бірнеше қатарынан тұрады.Эпителий жасушаларында рибонуклеин қышқылы(РНҚ),гликоген(аз мөлшерде),гликозамингликандар бар.

Слайд 8

Талшықты құрылымдар коллагенді,эластикалық және агрофильді талшықтардан тұрады.Жіңішке агрофильді талшықтардың нысанды бағыттағы шоғырлары базальді

мембрананы құрайды және дәнекертінді қабат пен жабынды эпителийді байланыстырады.Нағыз кілегейлі қабық қабатының негізін қалаушы - әртүрлі бағытта орналасқан коллаген талшықтар шоғыры,ал эластикалық талшықтар көбінесе бүртікті қабатта орын алған.

Слайд 10

Коллагенді талшықтар шоғыры мен агрофильді талшықтар торының арасында жасушалық құрылымдар:фибробластар,гистиоциттер,плазматикалық жасушалар,толықша жасушалар орналасқан.Қантамырларға

жақын орналасқан аздаған лаброциттер мен лимфоциттер кездеседі.
Фибробластардың негізгі қызметі- коллаген талшықтарын және құрамында хондроитинсульфат пен гиалурон қышқылы бар мукопротеидті (негізгі зат) құру.
Толықша жасушалардың құрамында гепарин бар,ал дегрануляциялану кезінде гистамин,серотонин,простогландиндер бөледі.

Слайд 11

Лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар антидене құруға қатынасып,гуморальдық және жасушалық иммунитеттің жауабында өзіндік орын

алады.
Негізгі немесе жасушааралық заттың негізін гликозамингликандар (ГАГ) және гликопротеидтер құрайды.Қантамыр тін жүйесі өткізгіштігін ретеуде және дәнекер тінінің кедергі-қорғаныс қызметін (барьерная функция) сақтауда гиалурон қышқылы-гиалуронидаза жүйесінің маңызды рөлі бар.Микробтар бөлетін гиалуронидаза мөөлшері қажетті деңгейден жоғарыласа гликозамингликандарды деполимеризациялауға ұшыратады.

Слайд 12

Қызылиекте ұсақ қанайналым торабы жақсы дамыған және оның құрамында артериялар,артериолалар,прекапилярлар,капиллярлар,посткапиллярлар,венулалар,веналар,және артериоловенулалық анастомоздар кіреді.

Слайд 13

Қызылиек сайы мен іс-қызылиек бекімі аймағында ұсақ қанайналымторабының өзіндік ерекшелігі бар:капиллярлар ілмексіз,эпителий қабатына

өте жақын орналасқан және оларға өте жоғары өткізгіштік қасиет тән.Осыған байланысты қызылиек сайына толассыз сұйықтық бөлініп тұрады және ол «қызылиек сайы сұйықтығы» немесе «қызылиек сұйықтығы» деп аталады.

Слайд 14

Қалыпты жағдайда тәулігіне орта мөлшерде 2,4-5,5 мл қызылиек сұйықтығы ауыз ішіне бөлінеді және

жоғарғы тістер қызылиек сайынан төменгі тістер қызылиек сайына қарағанда сұйықтық көбірек бөлінеді.Қызылиек сұйықтығы қан сарысуының транссудаты болғандықтан,құрамы жағынан,ал кальций,фосфор,магний,цинк,күкірт,хлор және фтордың мөлшері ондағымен бірдей.

Слайд 15

Қызылиек сұйықтығындағы және қан сарысуындағы белоктың құрамы бірдей.Белоктың глобулинді фракциясына ферменттер,иммуноглобулин G кіреді.Қызылиектің

қабынуы кезінде сұйықтықтың мөлшері жоғарылағанмен белоктың мөлшері өзгермейді.Эксперименталдық зерттеулермен дәлелдегендей,адреналиннің әсерінен қызылиек сұйықтығының бөлінуі бәсеңдейді,

Слайд 16

ал гистамин керісінше бқлінуін күшейтеді.Ересек адамдардың қызылиек сұйықтығында нейтрофильдер (95-97%),лимфоциттер (1-2%),моноциттер(2-3%) кездеседі,ал 8-16

жастағы балалар мен жасөспірімдерде бұл көрсеткіштер 82-86%,13-18% және 1% құрайды.

Слайд 17

Мононуклеарлық лейкоциттердің 24% Т-лимфоциттердің,ал 58% В-лимфоциттердің үлесіне тиеді.Кейбір аминқышқылдар мен кининдер қантамырлар қабырғаларының

өткізгіштігін жоғарылатып, қанайналымынан лейкоциттердің сыртқа шығуына себепкер болады.Пародонт қабынуы кезінде қызылиек сұйықтығында миералды заттардың мөлшерінің көбейетіні дәлелденген.

Слайд 18

Құрамында фибринолизин және плазмогеннің болуына байланысты қызылиек сұйықтығына фибринлиздеуші белсенділік тән.Бұл белсенділік қызылиек

сайы сұйықтығына фибринлиздеуші белсенділік тән.Бұл белсенділік қызылиек сайы эпителиінің тіс бетіне беку аймағында фибринді жарғақ пайда болған жағдайда өте қажет,себебі ол сұйықтықтың қызылиек сайына швғуына кедергі болуы мүмкін.

Слайд 19

Қызылиек сұйықтығндағы коллагеназа және эластаза сияқты ферменттердің де үлкен маңызы бар,олар пародонт тіндеріндегі

физиологиялық және патлолгиялық үрдістерге қатысады.Қызылиек көлемінің 50%-ын,альвеола сүйегінің органикалық фракциясының 40%-ын коллаген құрайтын болғандықтан ,қызылиек сұйықтығындағы коллагеназа мен эластаза мөлшерін анықтаудың маңызы зор.

Слайд 20

Екінші жағынан,эластаза мен коллагеназаның коллагенді ыдыратушы әсерінің күшеюі ауыз сұйықтығында бұл ферменттерді тежеуші,қышқыл

ортада өте тұрақты белокты қосындылардың немесе протеиназа ингибиторларының жетіспеушілігінен де туындауы мүмкін.

Слайд 21

Эластазаның,коллагеназаның және басқа қан сарысуы протеиназаларының ингибиторларына – d1 протеиназа ингибиторлары (d1-ПИ) және

d2 –макроглобулин (d2-М) жатады.Қалыпты жағдайда қызылиек сұйықтығында d1- ПИ анықталмайды,ал қабыну үрдістері кезінде мөлшері жоғарылайды.

Слайд 22

Мысалы,пародонт қабынуы кезінде қызылиектің қабынуына қарағанда 4,8 есеге жоғарылайды.Қызылиек және ауыз сұйықтықтары нейтрофильдерінен

бөлінетін эластаза ингибиторларын тіндер тұрақтылығын,пародонттың жергілікті қорғанысын қастамасыз етуші маңызды фактор деп саналады.

Слайд 23

Қызылиек сұйықтығында В-глюкоуронидаза және лактатдегидрогеназа анықталған. Лактатдегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы пародонт тіндерінде анаэробты гликолиздену

үрдісінің күшейгенін көрсетеді.

Слайд 24

Қызылиек сайы және қызылиек сұйықтығы қалыпты жағдайда пародонт тіндері үшін маңызды тоқауылдық қызмет

атқарады.Бүтіндігі бұзылмаған қызылиек сайы және тіс-қызылиек бекімі эпителийі пародонт тіндерін микроорганизмдер мен олардың уыттарының және басқа тітіркендіруші факторлардың әсерлерінен қорғайды.
Имя файла: Қызылиегінің-ультраструктурасы,қызылиек-сайы,қызылиек-сұйықтығы.pptx
Количество просмотров: 39
Количество скачиваний: 0