Жақ-бет аймағының терісі презентация

Содержание

Слайд 2

І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім 1. Тері қызметі 2. Жақ-бет

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Тері қызметі
2. Жақ-бет аймағы терісінің құрылысы
3. Жақ-бет

аймағының терісінің айырмашылығы
4. Жақ-бет аймағы терісінің аурулары
ІІІ Қорытынды

Жоспар:

Слайд 3

ТЕРІ Тері - адам денесінің сыртқы жабыны

ТЕРІ

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны

Слайд 4

Слайд 5

Тері тек қана жамылғы қызметін атқармайды.Оның маңызды қызметтері – қорғаныш,жылу

Тері тек қана жамылғы қызметін атқармайды.Оның маңызды қызметтері – қорғаныш,жылу

реттегіш, зат алмасу және тыныс алу, секрет(тер мен май),қоректік, зиянды зат бөлу.Ол зат алмасуға қатыса отырып: дезинтоксикациялық, ферментативтік және иммундық қызметтер атқарады.Теріде сезімтал нервтің ұштары орналасқан, сондықтан оның негізгі қызметі-қоршаған табиғаттың әр алуан тітіркенулерін (жанасу, қысым, температура мен зиянды тітіркенулерді) қабылдау. Яғни негізгі-анализатор болып табылады.

Терінің қызметі

Слайд 6

Слайд 7

Кірпік (қабақ) (лат Cilia) — сүтқоректілердің ткөзінің жоғарғы және төменгі

Кірпік (қабақ) (лат Cilia) — сүтқоректілердің ткөзінің жоғарғы және төменгі қиығын жиектей орналасқан түк. Адам

денесінде қабақтың бос жиегінің алдыңғы шетіндегі 2-3 қатар болып орналасқан. Олардың арт жағында "meibomian" деп аталатын без болады. Адам кірпіктерінің орташа өмір сүру ұзақтығы — 90 күн. Әрбір кірпік бір баған және түбірден тұрады. Түбір тері астында орналасқан.
Кірпік түсі эумеланин және феомеланин пигменттерінің арақатынасына байланысты. өздің төменгі бөлігіндегі кірпіктердің ұзындығы шамамен 7 мм, ал үстіңгі бөліктегілер шамамен 10 мм. Үстіңгі кірпіктердің саны 150-250 шақты болса, төменгі кірпіктер саны 50-150 аралығында.
Слайд 8

Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан, сұйық тамшылардан

Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан, сұйық тамшылардан қорғайды.

Қабақ – төменгі және жоғарғы қабақ болып бөлінеді.
Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.
Слайд 9

Шаш-түктер – бұл тері түзінділері. Олар алақанда табанда және кілегейлі

Шаш-түктер – бұл тері түзінділері. Олар
алақанда табанда және кілегейлі қабықша-
дан

басқа адамның бүкіл терісін жауып
жатады. Олар терінің бетінде көлбеу орна-
ласқан. Әрбір шаш-түктің түбірі мен өзегі
болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.
Кез-келген шаш-түкте бірыңғай салалы
бұлшықет талшығы, эфференттік жүйке
ұштары және қан тамырлары болады.
Тырнақ тері түзінділері. Ол жұқа мүйізденген
пластинка болып табылады. Ол тырнақ
ернеуінде орналасқан және дәнекер ұлпаны
талшықтар арқылы саусақтың тырнақ
буынымен тығыз байланысқан.Тырнақ саусақ
басын зақымданудан сақтайды.
Слайд 10

Гистологиялық құрылысы жағынан тері 2 бөлімнен тұрады: Эпителиалды жамылғы және

Гистологиялық құрылысы жағынан тері 2 бөлімнен тұрады: Эпителиалды жамылғы және оның

астында орналасқан Дерма. Олар эмбрионалдық даму кезінде әртүрлі субстанциядан шығады. Эпителиалды жамылғы-сыртқы, ал дерма-ортанғы ұрықтық жапырақшадан. Дерма астында Теріастылық май қабаты орналасқан.

Жақ-бет аймағы терісінің құрылысы

Слайд 11

Тері қалыңдығы 0,5мм-ден-5 мм-ге дейін болады.Ең жұқа тері көздің айналасында

Тері қалыңдығы 0,5мм-ден-5 мм-ге дейін болады.Ең жұқа тері көздің айналасында және

дененің өзге сезімтал жерлерінде орналасқан. Ең қалың тері табанда орналасқан.Оның қалығдығы- 5мм- ден асуы мүмкін.
Слайд 12

Сыртқы қабат – эпидермис Нағыз тері – дерма қабаты Шел қабаты

Сыртқы қабат –
эпидермис

Нағыз тері –
дерма қабаты

Шел қабаты

Слайд 13

Эпидермис қабаты – көп қабатты эмителий ұлпасынан тұрады.Қалыңдығы 0,07 мм-ден0,12мм дейін жетеді. Эпидермис

Эпидермис қабаты – көп қабатты эмителий ұлпасынан тұрады.Қалыңдығы 0,07 мм-ден0,12мм дейін

жетеді.

Эпидермис

Слайд 14

Эпидермис 1.Беткей қабатында Мүйіз тәрізді клеткалар 4.Тікенекті клеткалар қабаты.Өсуші қабат

Эпидермис

1.Беткей қабатында Мүйіз тәрізді клеткалар

4.Тікенекті клеткалар қабаты.Өсуші қабат болып есептеледі.Сондықтан оны-

Мальпигий қабаты деп атайды

3.Түйіршікті қабат

2.Жылтыр клеткалар қабаты

Слайд 15

Слайд 16

Мүйізді қабатта тіршілігін жойған жасушалар үнемі түлеп түсіп отырады Эпидермистің

Мүйізді қабатта тіршілігін жойған жасушалар үнемі түлеп түсіп отырады Эпидермистің мүйізді

қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады.Эпителий мен дерма арасында ірдайым иректелген анық шекара болады.
Слайд 17

Слайд 18

Дерма Эпителий астылық(Емізікшелі) Торлы Онда жүйке талшықтарының ұштары мен қан

Дерма

Эпителий астылық(Емізікшелі)

Торлы

Онда жүйке талшықтарының ұштары мен
қан тамырларының жиі торы орналасқан.


Балалар мен жасөспірімдерде нағыз
тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май
және тер бездері, түк түбірі орналасады
Слайд 19

Емізікшелі қабаты болбыр дәнекер тіннен құралған, онда коллагенді, эластикалық және

Емізікшелі қабаты болбыр дәнекер тіннен құралған, онда коллагенді, эластикалық және ретикулярлық

талшықтар мен клеткалық элементтер (фибробласттар, гистиоциттер, кезбе клеткалар) орналасады.Бұл қабат Мальпигий қабатына еніп тұратын көптеген емізікшелерден тұрады. Сондықтан емізікше қабаты деп аталады. Емізікше қабаты торлы қабатқа өтеді. Бет терісіндегі дерма эластикалық талшықтар арқылы мимикалық бұлшықеттермен байланысалы. Дерманың эластикалық талшықтары бет терісінде ымдау бұлшықеттеріне бекінген.Коллагенді және эластикалық талшықтардың дермада орналасуы терінің созылғыш қасиетін сақтайды.
Слайд 20

Торлы қабаттағы көптеген эластикалық талшықтар бет терісін әрдайым физиологиялық тартылыста

Торлы қабаттағы көптеген эластикалық талшықтар бет терісін әрдайым физиологиялық тартылыста ұстап

тұрады. Бірақ, жас деңгейіне байланысты азайып отырады. Торлы қабат теріастылық май қабатына ауысады.
Слайд 21

Май бездері – дермада түк түбірлерінің маңында орналасады.Адам тәулігіне 20

Май бездері – дермада түк түбірлерінің
маңында орналасады.Адам тәулігіне 20 гр


дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,
жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсар-
тып оған жылтыр рең береді.
Тері бездері – Дерманың терең қабатын-
да және шел қабатында болады. Олар
шумаққа оралған түтікшелер болып табы-
лады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп
шығатын тер түзіледі.Әдетте тер аздаған
мөлшерде бөлініп отырады да , сол сәтте
терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған
ортаның температурасы жоғарылағанда
немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну
күшейеді.
Слайд 22

Теріасты май-шел қабаты

Теріасты май-шел қабаты

Слайд 23

Слайд 24

Бет терісі-жұқа Бет терісіндегі дерма эластикалық талшықтар арқылы мимикалық бұлшықеттермен

Бет терісі-жұқа
Бет терісіндегі дерма эластикалық талшықтар арқылы мимикалық бұлшықеттермен байланысалы.

Дерманың эластикалық талшықтары бет терісінде ымдау бұлшықеттеріне бекінген.
Бет терісінің астында болбыр майлы ұлпа орналасқан, сондықтан беттің терісі өте қозғалтқыш.Майлы ұлпа азайған сайын бет терісі әжімдене түседі.
Теріасты май шелде мимикалық бұлшықеттер, қан және лимфа тамырлары, бет және үшкіл нерв тармақтары орналасқан.
Бет терісі қан және лимфа тамырларына,нерв талшықтарына, май және тер бездеріне бай.Май бездері мұрын ұшы мен қанаттарында өте көп.

Жақ-бет аймағы терісінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары

Слайд 25

Бет терісінде көптеген әжімдер мен қыртыстар бар.Олар: Мұрын-еріндік жүлге Жоғарғы

Бет терісінде көптеген әжімдер мен қыртыстар бар.Олар:
Мұрын-еріндік жүлге
Жоғарғы ерін үстіндегі тік

қыртыс
Төменгі ерін астындағы иектің көлденең қыртысы.
Жас шамасына байланысты терінің эластикалық қасиеті азайып, онда жаңа қыртыстар мен әжімдер пайда болады.Е.Пешкова мен Б. Стоцкар өздерінің зерттеулерінде әжімдер әрқашан мимикалық бұлшықеттер бағытына перпендикуляр немесе ол бұлшықеттер бағытымен қиылысатынын көрсеткен.
Ерекшелік: Бетке операция жасаған кезде кесуді осы әжімдер бойымен жүргізсе, операциядан кейін тыртықтар аз байқалады.
Слайд 26

Жақ-бет аймағы терісінің аурулары

Жақ-бет аймағы терісінің аурулары

Слайд 27

Пигментті невус –балаларда көп кездесетін тума ақаулар. Олар теріде жекелеген

Пигментті невус –балаларда көп кездесетін тума ақаулар. Олар теріде жекелеген немесе

өте көп, қоңыр түстегі жалпақ кейде азырақ томпайған қал( мең) түрінде көрінеді.Невус сирек жағдайда қатерлі ісік- меланомаға аайналуы мүмкін.
Слайд 28

Көкшіл невус

Көкшіл
невус

Слайд 29

Ювенильді (жасөспірімдік) невус

Ювенильді (жасөспірімдік) невус

Слайд 30

Алып көлемді беттің невусы

Алып көлемді беттің невусы

Слайд 31

Себореялық кератоз - егде жастағы тері ісігі.Дифференциалды диагноз ретінде тері

Себореялық кератоз - егде жастағы тері ісігі.Дифференциалды диагноз ретінде тері биопсиясын

жасау керек. Ешқандай емдеу талап етілмейді, себебі кератоз, ауырсыну сезімін және ыңғайсыздық туғызбайды.
Слайд 32

Сенильды гемангиома- кішкентай, қызыл түйіршік ретінде пайда болатын,қатерсіз ісік.

Сенильды гемангиома- кішкентай, қызыл түйіршік ретінде пайда болатын,қатерсіз ісік.

Слайд 33

Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің

Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май

бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Безеудің алдын алу. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну керек
Слайд 34

Шиқан (сыздауық)- түк түбі қалтасының және онымен байланысты май бездерінің

Шиқан (сыздауық)- түк түбі қалтасының және онымен байланысты май бездерінің (айналасындағы терісімен

қоса) қабынып, іріңдеуі. Іріндеткіш микробтардан пайда болады. Шиқанның пайда болуына терінің үнемі кір болуы, жарақаттануы (кесіп алу, терінің сыдырылып қалуы, қажалуы), майлылығы, тершендік т.б әсер етеді. Шиқан көбіне терінің түкті жеріне, мойынға, бетке, белге шығады. Шиқанды ихтиол майы жағылған стерилденген дәкемен таңып қою керек. Зақымданған жердің айналасын камфора немесе салицил спиртімен сүрту қажет. Шиқан біліне бастағанда-ақ дәрігерге көріну керек, өйткені кей жағдайда хирургиялық көмек қажет болады. Шиқанды қолмен сығып немесе жаруға, қыздыратын компресс қоюға болмайды, мұндайда ол асқынып кетуі мүмкін.
Слайд 35

Ұшық, герпес — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің

Ұшық, герпес — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру . Инфекция көзі

— ауырған немесе вирус таратушы адам. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде, организмнің ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап, гиповитаминоз дамығанда; әртүрлі  жұқпалы аурулармен (тұмау, пневмония, безгек) ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда шығады. 
Слайд 36

Липома — май ұлпасынан тұратын қатерсіз ісік. Көбінесе, ерін, маңдай,

Липома — май  ұлпасынан тұратын қатерсіз ісік. Көбінесе, ерін, маңдай, жақ асты, құлақ  айналасында,көз айналасында кездеседі. Липома, әдетте, пациенттің

денсаулығына зиян келтірмейді, бірақ сыртқы түрін бұзады.Себеп болатын факторларға келесілерді жатқызуға болады:
Тұқым қуалаушылыққа бейімділік; Денедегі гормондық бұзылулар; Асқорыту жүйесі, бауыры, қант диабеті патологиясы;
Жоғары холестерол;
Тамақтанудың жеткіліксіздігі, диетада пайдалы витаминдер мен микроэлементтердің болмауы;
Тері күтімі нашар;
Зиянды әдеттер (темекі шегу, алкогольді ішу).
Слайд 37

Аллергиялық аурулардың көптеген түрлері бар, ал нейродерматит - олардың ең

Аллергиялық аурулардың көптеген түрлері бар, ал нейродерматит - олардың ең көп

таралған түрі.
Бұл созылмалы түрде жүретін қабыну ауруы.
Аурудың негізгі көріністері - бұл қышумен бірге жүретін бөртпе теріде пайда болады. Феномен дененің аллергенмен өзара әрекеттесуіне жауап ретінде пайда болады.
Слайд 38

Streptoderma Көбіне стрептодерма балаларға тән. Бұл жағдайда теріден ата-аналар іші

Streptoderma
Көбіне стрептодерма балаларға тән. Бұл жағдайда теріден ата-аналар іші толтырылған кішкене

көпіршіктерді көре алады. Мұндай бөртпендер өте тез бұзылып, қалың қабықпен жабылған шағын жараларға айналады,. Симптоматикалық ауру герпеске ұқсас, бірақ айырмашылықтар бар.
Слайд 39

Бет аймағында саңырауқұлақ көріністерін тудыруы мүмкін аурулардың 4 түрі бар:

Бет аймағында саңырауқұлақ көріністерін тудыруы мүмкін аурулардың 4 түрі бар:
Жүйелік микоз.

Қауіпті, себебі ол эпидермистің жоғарғы қабаттарын ғана емес, ішкі органдар мен жүйелерді де әсер етеді.
2. Дерматомикоз. Өлі тері жасушаларына әсер ететін саңырауқұлақтың ең таралған түрі.
3. Кандидоз. Candida тектес ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар себеп болды. Бұл жиі балалық шақта өтеді. Бастапқыда шырышты қабаттарға әсер етеді, содан кейін терінің бойында орналасады.
4. Кератомикоз . Балаларда сирек кездеседі және жұқпалы аурулардың төмен деңгейімен сипатталады. Эпителийдің қабаттарының ішінде отырғызылған саңырауқұлақ пайда болды.
Слайд 40

Экзема-Бет терісінде қышу, қызару пайда болады, көпіршіктер көрінеді. Экзема мұрынға,

Экзема-Бет терісінде қышу, қызару пайда болады, көпіршіктер көрінеді. Экзема мұрынға, маңдайға,

ұртқа немесе бүкіл бетке шығуы мүмкін.Себебі:
әлсіреген иммунитет; жұқпалы аурулар; эндокриндік жүйенің бұзылыстары ,жәндіктердің шағуы; генетикалық бейімділік; ішкі органдардың аурулары; жүктілік; неврологиялық аурулар (стресс, депрессия).
Слайд 41

Псориаз – терінің созылмалы ауруы. Түбірі гректің «псора» деген сөзінен

Псориаз – терінің созылмалы ауруы. Түбірі гректің «псора» деген сөзінен шыққан

ауру атауы  қышыма деген мағына береді екен. Аты айтып тұрғандай, псориазбен ауырған науқастың бас терісінде, тізесінде, білек буындарында, сондай-ақ арқасының төменгі тұстарында тері қатпарларының орнына қатты қышитын тығыз, талаураған қызыл түсті дақтар пайда болады. Кейде әлгі дақтар күлгін түсті болып келеді. Және дақтың шеті айқын көрініп, беті қабыршықтанып тұрады.
Слайд 42

Псориаздың пайда болу себептері: Бүгінгі таңда псориаз ауруының пайда болу

Псориаздың пайда болу себептері:
Бүгінгі таңда псориаз ауруының пайда болу себептерін ғалымдар

нақты анықтай алмай отыр. Кейбір мамандар экологиямен байланыстырса, енді бірінің тұжырымы тұқым қуалайтын ауру дегенге саяды. Ал шығыс тибет медицинасының мамандары аурудың пайда болу себебін бүйрек қызметінің әлсіреуінен және жүйке жүйесі жұмысының бұзылуымен байланыстырады. Дегенмен, ғалымдар әртүрлі болжам жасайды. Мысалы, адамдардың 65 пайызға жуығы ауыратын I дәрежедегі псориазға ғалымдар тұқым қуалау арқылы жұқтырғандарды жатқызады. Бұл категориялы науқастардың жас мөлшері 18-25 жас аралығында екен.  Ал, псориаз II түрімен 40 жастан асқандар ауыратын көрінеді. Және бұл науқастарда псориаз  тұқым қуалаушылық, болмаса, иммундық жүйенің бұзылуы арқылы пайда болмаған. Және псориаз I-ге қарағанда, псориаз II көп жағдайда тырнақ пен буынды бүлдіреді. Ал, медициналық анықтамалықтарда псориаздың пайда болуының бірнеше түрін көрсетеді. Ол ғылыми еңбектерде тіпті жан күйзелісі де, жұқпалы аурулардың, мәселен, тұмау, баспа ауруының асқынуы да псориазға әкелетіндігі көрсетілген. Сондай-ақ генетикалық ауытқушылық, тері ауруының қабынуы, түрлі дәрежеде алынған жарақат салдары, тіпті адам денсаулығына зиянды әдеттер, ішімдік пен темекіге жақын болу да псориаздың пайда болуына ықпал етеді екен. Және эндокриндік жүйенің бұзылуы, гипертония мен ревматизмді емдеу кезінде артық мөлшерде дәрі-дәрмек пайдаланудың ақыры да псориаз ауруының пайда болу себебіне жатады екен.
Емдеу жолдары
Псориазбен  бір рет ауырып, айығып шыққан науқасты аталмыш дерттен толық жазылды деуге негіз жоқ, – дейді ғалымдар. Өйткені, ауру жасырын формаға ауысып кетуі мүмкін екен. Сондықтан толық айыққан адамның өзі үнемі дерматологтың бақылауында болуы қажет. 
Слайд 43

Слайд 44

1.http://www.myshared.ru/slide/1295768/ 2. - “Бас және мойынның анатомиялық клиникасы” Қайназаорв А.Қ.,

1.http://www.myshared.ru/slide/1295768/
2. - “Бас және мойынның анатомиялық клиникасы” Қайназаорв А.Қ., Идирисов Ә.А
3.

«Адам анатомиясы»2 том Алшынбай Рақышев
4. https://surak.baribar.kz/298529/
5. https://infourok.ru/ter_ony_rylysy_zhne_yzmet-493299.htm

Қолданылған әдебиеттер:

Имя файла: Жақ-бет-аймағының-терісі.pptx
Количество просмотров: 183
Количество скачиваний: 0