Журектің ишемиялық ауру және миокард инфарктын сәулелік диагностикалау презентация

Содержание

Слайд 2

“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”АҚ СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ СӘУЛЕЛІ ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ

Презентация
Тақырыбы:Журектің ишемиялық ауру және миокард инфарктын

сәулелік диагностикалау
Орындаған:ӘмзеА.Д.
Топ:331ЖМ
Қабылдаған :Нургалинова Ж.О.

Слайд 3

ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ

Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан

кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. 
Жүректің ишемиялық ауруы миокардаға әкеп соқтырып, оның сорғыштық функциясының бұзылуына, осының салдарынан әртүрлі ауытқуларға әкелетін жүрек қан-тамырлары ауруы. Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі болып атеросклероз, яғни, тамырдың ішкі қабырғасына холестериннің жиналуы табылады. Кей жағдайларда жүректің коронарлы артерияларының қысылуы байқалады, әсіресе бұл жағдай әйелдер арасында жиі кездеседі.
 Жүректің ишемиялық ауруы пайда болғаннан бастап, оның дамуының екі нұсқасы бар. Біріншісі – науқас емханаға, дәрігерге қаралады да, ауруханаға жатқызылып, жоспарлы коронография жасалады, екінші нұсқасы – коронарлы артериялардың тарылуынан жүрек артериясында қанның ұюы пайда болып, жіті инфарктқа әкеліп соғады.

Слайд 4

ЖИА – НЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Жедел:Стенокардия ,журек өлімі,миокард инфаркты
Созылмалы:Журектің созылмалы ишемиялық ауруы
Стенокардия –

көбінесе кеуде қуысы қысылып, төс тұсында жаншылған ауру сезімі пайда болатын жəне осы ауру сезімі сол қолға, мойынға, төменгі жақ жəне асқазан астына таралатын клиникалық синдром. Ауырсыну дене қимылы кезінде жəне суыққа шыққан кезде, тойып тамақтанғанда, жан күйзелісі кезінде ушығады, тыныш жағдайда басылады, нитроглицерин қабылдаса, бірнеше секунд немесе минуттан кейін қояды.
 Стенокардия жіктелуі
- кернеу стенокардиясы;
- алғаш пайда болған кернеу стенокардиясы (1 айға дейін);
- қалыпты кернеу стенокардиясы (I-ден IV-ке шейін қызметтік сыныбын көрсете отырып);
- үдемелі стенокардия;
- тез үдемелі стенокардия;
- аяқ асты болатын (вазоспазмалық) стенокардия.

Слайд 5

ДИАГНОСТИКА КРИТЕРИЛЕРІ

Негізгі диагностикалық шаралар тізбесі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Қантты тексеру.
3. Несептің жалпы анализі.
4.

Қан коагулограммасы.
5. Электрокардиограмма.
6. Артериалдық қысымды өлшеу.
7. Жүрек жиырылу жиілігін анықтау.
8. Билирубинді анықтау.
9. Антропометрия.
10. Калий/натрий деңгейін анықтау.
11. Бета-липопротеид деңгейін анықтау.
12. Холестеринді анықтау.
13. Тығыздығы жоғары липопротеидтерді, холестеринді анықтау.
14. Триглицеридтерді анықтау.
15. АСТ анықтау.
16. АЛТ анықтау.
17. Зəрнəсілді анықтау.
18. Креатининді анықтау.
19. Эхокардиография.
20. Кеуде қуысының екі проекциядағы рентгенографиясы.
21. Іш қуысы ағзаларының УДЗ.

Қосымша диагностикалық шаралар тізбесі:
1. Холтер бойынша тəуліктік мониторинг.
2. СРБ, Апо А жəне Апо В деңгейін анықтау (қосу).
3. Коронароангиография (қосу).

Слайд 7

МИОКАРД ИНФАРКТЫ

Миокард инфаркті (МИ) – жіті коронарлы қан айналымның жетіспеушілігінің нəтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық

некрозы.
МИ мүгедектікке жəне өлімге алып келетін себептерінің бірі болып табылады.
МИ соңғы жылдары аурудың өршуі байқалуда, əсіресе жас жəне орташа жас буындарда кездеседі. МИ-нан ауруханалық өлімшілділігі төмендегімен, бұл аурудан осы уақытқа шейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Жалпы ауырғандар ішінде 30-50% құрайды. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады.

Слайд 8

ЖІКТЕМЕСІ

МИ қазіргі заманға жіктелуі бөлінуі былай қарастырылады:
- Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы;
-

Ауру ағымының сипатына байланысты;
- МИ орналасуына байланысты;
- Ауру сатысына байланысты;
- МИ асқынуына байланысты.
Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады:
- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі);
- Кардиогенді шок;
- Қарыншалық жəне қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы;
- Өткізгіштіктің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы);
- Жедел СҚ аневризмасы;
- Миокардтың ішкі жəне сыртқы жыртылуы, жүрек тампонадасы;
- Асептикалық перикардит (эпистенокардиялық);
- Тромбоэмболиялар.

Слайд 9

ДИАГНОСТИКА КРИТЕРИЛЕРІ

Физикальды зерттеу:
- тері жабынды бозғылтылығы;
- мұздай тер;
- жүрек үндері кереңделген;
- артериальды қан

қысымның (АҚ) білінбес төмендеуі кейде АҚ əлсін жоғарлауы немесе гипертоникалық криз фонында МИ пайда болуы мүмкін;
- тыныстың бұзылуы (ентікпе, ауаның жетіспеушілік сезімі).  
Инструменталдық зерттеу Электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін жəне орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ əкетулерде некроз аймағында орналасқан активті электрод, патологиялық Q тісшесінің түзілуі жəне R тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.  
Электрокардиографиялық белгілерді жүйелі түрде көруге болады:
- Патологиялық Q тісшесінің болуы;
- Некрозды аймаққа жақын болған сайын R тісшесінің амплитудасының төмендеуі;
- Т жəне QRS комплексінің дискорданттылығы;
- Т тісшесінің жəне ST сегментінің ығысу дискорданттылығы;
- Гис шоғырының сол жақ аяқшаларының блокадасының пайда болуы.  
Субэндокардиальды МИ ЭКГ-да Q тісшесінің болмауы, қатысты əкетулерде  изоэлекторлы сызықтан ST сегментінің 2 мм төмендеуі.Т тісшесінің инверсиясы.  
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жүрек ырғағының мониторингі.
2. Пульсоксиметрия.

Слайд 11

ЭКГ СТЕНОКАРДИЯ

Слайд 12

ЖҮРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ

Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы жүректің ишемиялық ауруымен бірнеше рет

сырқаттанған сон пайда болады. Инфарктқа ұшыраған жер дәнекер тінмен алмасып оның орны тыртықтанып бітеді,бұл процесті инфарктан кейінгі ірі ошақты кардиосклероз деп атайды.
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы осы процеспен тікелей байланысты себебі,фиброзды тінен тұратын жер жүректің қалыпты қызыметін қиындатып,инфаркттан сау аймақтарының қалыптан тыс ұлғаюына әкеледі.Ал бұл үрдістің белгілі бір мөлшерге дейін ғана дамуызаңды құбылыс ,одан әрі жүрек қызыметі бұзыла бастайды .Сонымен қатар тыртықтанған жер қан қысым әсерінен бірте бірте кеңіп жүректің созылмалы аневризмасына әкеледі. Осы екі процес нәтижесінде жүректің жұмысы әлсіреп созылмалы жетіспеушілік болады.
Науқастың өлімі жүректің созылмалы аневризмасы жарылып кеткенде немесе осы жерде түзілген тромбтардың басқа да қан тамырларға тығылып қалуынан тромбоэмболия болуы мүмкін .
Имя файла: Журектің-ишемиялық-ауру-және-миокард-инфарктын-сәулелік-диагностикалау.pptx
Количество просмотров: 51
Количество скачиваний: 0