Ортаңғы топ бойынша .Шығармашылық білім беру саласы презентация

Содержание

Слайд 2

«Шығармашылық» білім беру саласы

Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып,шығармашылық дағдыларды,эстетикалық талғамды дамыту

және қалыптастыру болып табу.
Міндеттері:
Сезімдік-эмоциялық қасиеттері мен эстетикалық талғамды,бейнелеу дағдылары мен музыкалық білімдерін қалыптастыру;
Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
Қарапайым заттар,құбылыстар,ертегі кейіпкерлерін бейнелеуде біліктер мен дағдыларды қалыптастыру,пішінді,түсті,заттардың орналасуын беруге үйрету;
Қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету;
Өз ойын айтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға сұраныстарын қанағаттандыру;
Өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалауды үйрету;

Слайд 3

Сурет салу
І жартыжылдық Заттық сурет салу

Балалардың дербес тәжірибелік әекеттерімен байланысты эстетикаық қабылдауын

дамыту.Бояулармен,қарындаштармен,борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Біліктерін қалыптастыру: әртүрлі тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
Көкөністер мен жемістерді,ыдыстар,ойыншықтар,жануарларды бейнелеу.
Дөңгелек пішінді заттарды салу;
Техникалық дағдылар мен бііліктерді игеру.

Слайд 4

Сюжеттік сурет салу

Қоршаған ортаның әсемдігіне,өнер туындыларына,тұрмыстық заттарға,қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам

дағдыларын қалыптастыру;
Қарапайым табиғат құбылыстарын,ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру;

Слайд 5

Сәндік сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:
Қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында

эстетикалық қабылдауын дамыту;
Элементтердің пішінін,реттілігн,олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып,жазықтықта оюларды орналастыру;
Қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;
Элементтердің реттілігін,олардың арасындағы қашықтықты сақтау;

Слайд 6

Күтілетін нәтиже:
Сурет салу техникасын игерген;
Үлгі бойынша пішінін,пропорциясын ескере отырып,сурет салады;
Көкөністер-жемістердің,ыдыстардың,ойыншықтардың,
жануарлардың суреттерін салады;
Қазақ оюының

бөліктері туралы ұғымдарға ие;
Өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай алады;

Слайд 7

Сурет салу ІІ жартжылдық
Заттық сурет салу

Слайд 8

Заттарды қағаз бетіне тұтастай рналастыра отырып,мазмұнды композиция салу,дағдыларды дамыту.Ағаштар мен жануарларды олардың ерекшеліктерін

ескере отырып,салуға үйрету.

Сюжеттік сурет салу

Слайд 9

Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру,ұлттық ою-қрнектерді,қазқы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.пішінін ескере

отырп,ою-өрнекті орналастыру,элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау,2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптстыру.Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.

Сәндік сурет салу

Слайд 10

Күтілетін нәтиже:
Сурет салу техникасын игерген;
Заттардың үлгі бойынша пішінін,түсін ескере отырып салады;
Заттар мен жануарлардың

пішінін бейнелейді;
Мазмұнды композицияның бейнесін салу дағдыларын игерген;
Қазақ оюларының элементтерін қолданады;

Слайд 11

Мүсіндеу І жартыжылдық
Заттық мүсіндеу

Слайд 12

Сәндік мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.Ұлттық ойыншықтар туралы білімдерін

кеңейту,халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау.Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру,халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.
Кескішті қолдануды таныстыру.Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру.Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.

Слайд 13

Сюжеттік мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер ен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Слайд 14

Күтілетін нәтиже:
Түрлі пішіндегі жне көлемдегі таныс заттарды түлі тәсілдерді қолданып,мүсіндей алады;
Адамның пішінін (дене

бөліктерін: бас,кеуде,қолдары,аяқтары) мүсіндейді;
Халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтадың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады;

Слайд 15

Мүсіндеу ІІ жартжылдық
Заттық мүсіндеу

Дағдыларды қалыптастыру:
Жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
Бірнеше бөліктерден заттарды

мүсіндеу,оларды орналастыру,пропорцияларды сақтау,бөліктерді біріктіру;

Слайд 16

Сюжеттік мүсіндеу

Слайд 17

Сәндік мүсіндеу

Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу.Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту,саздан жасалған халықтық

бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту.Жартылай пішінді алу үшін сазбалшықтың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;

Слайд 18

Күтілетін нәтиже:
Мүсіндеуде кескішті қолдана біледі;
Жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
Ертегілер мен қоршаған өмір

тақырыптарына мазмұндық композициялар құрастырады;
Ұжымдық жұмысқа қатысады,тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушлық танытады;
Халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын игерген;
Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды;

Слайд 19

Аппликация І жартыжылдық
Заттық аппликация

Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.Түзу сызықпен алдымен

қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Текшеден дөңгелек пішін,тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қоюға үйрету.Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету.желімді,сүлгіні қолдануды үйрету.

Слайд 20

Сюжеттік аппликация

Барынша күрделі заттарды,жануарлар пішінін бейнелеу,зататарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру.Композицияны құрастыру кезінде

заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.
Дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру.Тар жолақтарды көлденеңінен кию,шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.

Слайд 21

Сәндік аппликация

Геометриялық пішіндердің ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша біріздігін

ескере отырып құрстыру дағдыларын қалыптастыру.Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.

Слайд 22

Аппликация ІІ жартыжылдық Заттық аппликация

Слайд 23

Сюжеттік аппликация

Слайд 24

Сәндік аппликация

Слайд 25

Күтілетін нәтиже:
Қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;
Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және

желімдейді;
Қазақ оюларының бөліктерінен,өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;
Ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
Панно даярлау туралы ұғымдарға ие,сәндік композицияларды өз ойынша орындайды;
Бейнелеу өнерінің түрлері: көркем сурет,мүсіндеу,халық өнері туралы түсініктерге ие.
Имя файла: Ортаңғы-топ-бойынша-.Шығармашылық-білім-беру-саласы.pptx
Количество просмотров: 83
Количество скачиваний: 0