Озық тәжірибенің түрлері, критерийлері презентация

Содержание

Слайд 2

Озық педагогикалық тәжірбие дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызыметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және

жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірбие оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.

Слайд 3

Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы

болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

Слайд 4

Озық тәжірибенің критерийлері:

жоғары нәтижелілік;
тұрақтылық;
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік; 
тәжірибенің оңтайлылығы; 
оптималдық; 
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Слайд 5

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. 


  Бірінші белгісі – жаңалық. Екінші белгісі – педагогикалық

қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
- оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы;
- оқушылардың жалпы дамуы. 

Слайд 6

Үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз

күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірбие озық тәжірбие деп есептелмейді.
Төртінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Слайд 7

Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары:

1.Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық

әдістер, жақсы тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау. 
2.Педагогикалық озық тәжірбиен терең зертеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне ( бір-екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі. 
Имя файла: Озық-тәжірибенің-түрлері,-критерийлері.pptx
Количество просмотров: 52
Количество скачиваний: 0