Шаттык шенбері презентация

Содержание

Слайд 2

Шаттық шеңбері
 – Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді

шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.
Қолдарын бір-біріне ұстатады.
Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.

Шаттық шеңбері
 Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!

Слайд 3

Шаттық шеңбері 
 Қайырымды жандар айнала,
 Шеңберге келсін жайлана.
 Жалықпастан қайта бiз,
 Махаббат сөзін айтамыз.


 Сүйеміз барлық әлемді,
 Әлемдегі бар елді.
 Бақыттымыз осы біз
 Қасымызда досымыз!

Шаттық шеңбері
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын,
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын

Слайд 4

Шаттық шеңбері
Бақшамызғабарғанда,                     Жолыққан бар жандарға,
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы

күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» - деп кіремін.

«Шаттық шеңбері»
Сан жетпейді десеміз,
Ұлдар да көп, қыздар да көп.
Апайлар да мұнда көп,
Әне – аю, әне – лақ.
Бәрі жақсы, бірдей – ақ!
Тату болсақ бәріміз,
Жаркырайды тобымыз.

Слайд 5

Шаттық шеңбері
Куан, шаттан, алақай
Келд іміне, жарқын күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Қайырлы таң, қайырлы күн.

«Шаттық

шеңбері»
  Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Сол жақтағы балага,
Оң жақтағы балага.
Шапалақта, шапалақ,
Шапалақта, шапалақ

Слайд 6

Шаттық шеңбері
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақтілекті жолдайық!
- Әлемді нүр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн

ыстық.
Қайырлы таң бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!

«Шаттық шеңбері»
Қайырлы таң, көздерім!
Қайырлы таң, құлақтарым!
Қайырлы таң, қолдарым!
Қайырлы таң, аяқтарым!
Сендер ояндыңдар ма?!
Көздер көреді,
Құлақтар тыңдайды,
Қолдар шапалақтайды,
Аяқтар топылдатады.
«Ояндық», - дейді.

Слайд 7

Шаттық шеңбері
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан таза ауаң үшін

рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Шаттық шеңбері
 Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
 Балалар: Сәлем!
 Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
 Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
 Балалар: Сәлем!
 Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
 Балалар: Сәлем!

Слайд 8

Шаттық шеңбері
Қайырымды жандар айнала,
 Шеңберге келсін жайлана.
 Жалықпастан қайта бiз,
 Махаббат сөзін айтамыз.


 Сүйеміз барлық әлемді,
 Әлемдегі бар елді.
 Бақыттымыз осы біз
 Қасымызда досымыз!

«Шаттық шеңбері»
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Имя файла: Шаттык-шенбері.pptx
Количество просмотров: 106
Количество скачиваний: 0