Калькалау– түпнұсқаның лексикалық бірлігін оның морфемалық бөліктерін немесе сөздерін (тұрақты тіркестер
болғанда) аударма тіліндегі лексикалық сәйкестікпен ауыстыру арқылы жүзеге асырылатын аударма тәсілі.
Калька – сөзді немесе сөз тіркесін сөзбе-сөз аударудың нәтижесі; басқа тілдегі лексикалық-синтаксистік модельдерге қазақ тілінің модельдерін сәйкес келтіре отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау. Өзге тілдегі сөз тіркесінің, сөздің бір бөлшегі үшін қазақ тіліндегі тура, сөздікте ұсынылатын, грамматикада көрсетілетін сәйкестік алынады. Мысалы, ағылшынша-орысша-қазақша сәйкестіктерді салыстырсақ, House of Culture – Дом культуры – Мәдениет үйі дегендер калька болып саналады