Әлемдегі ең ерекше 10 қонақүй презентация

Содержание

Слайд 2

Бүгінгі таңда қонақүйлердің адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет елдерге іс-сапармен

шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел кезетін болсаңыз, қонақүйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақүйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.

Celica қонақүйі. Атақты Lonely Planet жолкөрсеткіш кітапшасында Celica қонақүйін әлемнің ең сәнді қонақүйі деп көрсеткен. Польша жерінде орын тепкен бұл ғимаратқа қонақ бола қалсаңыз, тұтқындардың өмірін сезініп көруге мүмкіндігіңіз бар. Қалай дейсіз бе? Өйткені қонақүйдің бөлмелері түрме камерасы секілді (есік-терезелері де түрме торына ұқсас) жасалған.

Слайд 3

Gyreum Eco-Lodge  қонақүйі. Сіз өміріңізде пудинг жеп көрдіңіз бе? Тіпті, көзіңізбен көрген де жоқсыз

ба?! Олай болса, Ирландияда орналасқан Gyreum Eco-Lodge атты  ерекше қонақүй дәл осы пудинг пішіндес болып келеді. Әдетте мұнда мерекелік іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар, үйлену той рәсімдері өткізіледі.

Слайд 4

Yunak Evleri қонақүйі. Бұл - әлемдегі жалғыз «үңгір» қонақүй. Ол Түркия жеріндегі тас діңгектер

аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қонақүйде бес ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан бөлмелердің бар екендігін біле жүріңіз.

Слайд 5

Clink қонақүйі. Clink қонақүйі Лондонның ескі сот ғимараттарының бірінде орналасқан. Қонақүйге ат басын тірей қалсаңыз,

сот залында отырып тамақтануға мүмкіндігіңіз бар. Қонақүйге жақын маңда атақты Сент-Панкрас вокзалы мен Британ мұражайы бар.

Слайд 6

Kadir's Top Tree қонақүйі. Түрік сәулетшілерінің тағы да бір тамаша туындысы - Kadir's Top

Tree қонақүйі. Бұл ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі үйде жатып тыныға алады. Және «швед дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын армансыз жеуге мүмкіндік бар. 

Слайд 7

Radeka Downunder қонақүйі. Radeka Downunder қонақүйі жер астында орналасқан. Оңтүстік Аустралияның Кубер-Педи қаласының орталығындағы қонақүйдің

бөлмелері түрме камераларын еске салады.

Слайд 8

Point Montara қонақүйі. Калифорния штатындағы шамшырақта орналасқан Point Montara қонақүйі тіптен ерекше. Тынық мұхитының

жағалауындағы ғимарат терезесінен толқындарды, киттердің қоныс аударуын тамашалай аласыз. Ең бастысы, бұл қонақүй қаланың қарбалас тіршілігі мен у-шуынан демалуға таптырмас мекен.

Слайд 9

Railway Square қонақүйі. Теміржол вагондарынан жасалған Railway Square қонақүйі Сидней жерінде орын тепкен. Қонақүй

ішінде көптеген мейрамханалар, дүкендер, сауықтыру кешендері жұмыс істейді.

Слайд 10

Қазақстанның көрікті қонақ үйлерінің бірі Holıday Inn Almaty қонақ үйі.Бұл қонақ үй елімізді

аралап келген туристерге қол жетімді ғана емес,сондай-ақ өзінің қазахи дәстүрімен танымал.
Имя файла: Әлемдегі-ең-ерекше-10-қонақүй.pptx
Количество просмотров: 168
Количество скачиваний: 0