Металдарды кесумен өңдеу технологиясы презентация

Слайд 2

Металдар мен металл кескіш станоктарды кесу

Металдар мен металл кескіш станоктарды кесу процесі туралы

жалпы мәліметтер Машиналар мен механизмдердің барлығы дерлік тетіктері тек кесумен механикалық өңдеуден кейін ғана сызбамен берілген түпкілікті пішіндер мен өлшемдерді иеленеді. Өңдегенге дейін болашақ тетік дайындама деп аталады. Өңдеу процесінде одан өңдеуге әдіп және кенерме деп аталатын артық металды жою қажет. Конструкциялық материалдарды кесумен өңдеу металл кескіш станоктарды құралмен механикалық өңдеуге әдіптен алу жолымен дайындаманың пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге және алынатын тетік бетінің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердің жиынтығын білдіреді

Слайд 3

Алынатын тетіктер бетінің пішініне және сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты дайындамаларды өңдеуді әр

түрлі механикалық тәсілдермен: жонумен, жонғылаумен, сүргілеумен, бұрғылаумен, тарта жонумен, ажарлаумен және т.б. жүргізуге болады. Өңдеу тәсілдерінің әрқайсысы сәйкес жабдықта жүзеге асырылады және өзінің қолданылу саласы болады. Жоғары өнімді станоктарды, құрылғылар мен жылдам кесетін материалдардан жасалған қазіргі заманғы кескіш құралдарды пайдалану жолымен дайындамаларды өңдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапты. Бұл өндірістің өнімділігін едәуір жақсартуға, оларды механикалық өңдеудің өзіндік құнын бір мезгілде төмендету кезінде тетіктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Слайд 4

жалпы мәліметтер

Материалдарды кесумен өңдеу процесінде жүретін заңдылықтар­ды зерделеу, кескіш құралдар конструкцияларын, құрылғылар мен

металл кескіш станоктарды жетілдіру, әсіресе кесу процестерін ұтымды басқару үшін де, қазіргі заманғы машиналар үшін тетіктерді өндірудің аса жетілген технологиялық процестерін әзірлеу және ендіру үшін де маңызды.

Слайд 8

Металл өңдейтін станоктар мен аспаптар жұмысы бойынша: Металл өңдейтін станоктар халық шаруашылығының әр

түрлі салаларында қолданылады. Бұл станоктар арқылы машина мен механизмдердің көптегендетальдарын жасайды. Халық шаруашылығында қолданатын машиналар мен аппараттардың детальдарына жартысынан артығырағы осы станоктарда өңделеді. Детальдарды суық күйде кесу әдістері соғу, штамптау, престеу және прокаттау әдістерімен салыстырғанда техникада жиі қолданылады. Өңдеудің бұл әдісінде детальға тиісті форма беру кескіш құралдардың жәрдемімен металдан жаңқа кесу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта станок жасау өндірісі қарапайым станоктардан бастап өте күрделі, программамен басқарылатын станоктарды, автоматты линияларды, электрофизикалық және электрохимиялық әдістерді жүзеге асырушы жабдықтарды шығарады.
Семей қаласы 2010 жыл

Слайд 12

Суретте қима мен тілік көрсетілген

Слайд 13

Суретте тетікбөлшектің қимасы көрсетілген

Слайд 14

Қима алу процесі

Слайд 15

Қиманы белгілеуі

Слайд 18

Шынайы көрінісі

Имя файла: Металдарды-кесумен-өңдеу-технологиясы.pptx
Количество просмотров: 17
Количество скачиваний: 0