Ел басқару жүйесі презентация

Содержание

Слайд 2

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы Конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995

жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық, құқықтық, унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы және сот биліктері. Атқарушы билікті Президент басқарады. Ол 40 жастан асқан, республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтар арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы Парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақты түрде толық өкілетілікке ие болады.

Қазақстан

Слайд 4

Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы

лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық билік органдарының келісімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.

ҚР Президенті

Слайд 5

ҚР Парламенті

Парламент – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы; жоғарғы заң органы.

Слайд 6

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы.


Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі

Мәжіліс

Слайд 7

Сенат – Қазақстан Республикасының қос палатадан құралған Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат

47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын депутаттардан құралады.

Сенат

Слайд 8

МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ — министрлердің үкімет басшысының төрағалығымен жүйелі түрде өтетін, үкімен атынан шешім

қабылдауға өкілеттігі бар мәжілістер. ҚР министрліктері:
ҚР Ішкі істер министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР Қаржы министрлігі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҚР Әділет министрлігі
ҚР Мұнай және газ министрлігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Слайд 10

Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы.
Айрықша сот істерін,

атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген

ҚР Жоғарғы Соты

Имя файла: Ел-басқару-жүйесі.pptx
Количество просмотров: 19
Количество скачиваний: 0