Коллизиялық нормалар презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Слайд 5

Құқық коллизиясының екi себебi бар:

Слайд 7

Бiрақ, коллизиялық норма мәселенi мәнi бойынша өзi шеше алмайды, ол тек тиiстi мiндеттi

қарастыратын материалдық нормаға сiлтеме жасайды. Осы тәртiп негiзiнде мәселе шешiледi. Осыдан коллизиялық ереженiң заң әдебиеттерiнде «даулы», «сiлтемелiк» деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.

Слайд 8

Сiлтеме жасалған материалдық құқықтық нормамен бiрге коллизиялық норма азаматтық айналым қатысушыларына жүрiс-тұрыс ережесiн

анықтайды. Халықаралық жеке құқық құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық норманың қосылуы, сипаты бойынша бiртектi қарым-қатынастарды екi түрлi әдiспен реттеу қажеттiлiгi негiзделедi. Халықаралық келiсiмдердегi материалдық құқықтық нормамен бiрге халықаралық жеке құқық iшiне iшкi заңнамадағы материалдық құқықтық нормалар кiредi. Олар шетел элементi бар азаматтық қатынастарды реттеу үшiн арнайы белгiленген.
Бұл нормаларға жататындар:
сыртқы экономикалық қызметтi реттейтiн норма,
инвестициялар режимiне қатысты нормалар,
Қазақстан азаматтарының шетелдегi мәртебесiн анықтайтын нормалар,
Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен iс жүргiзу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар.

Слайд 10

Коллизиялық ережелерде кездесетiн байламдардың келесi түрлерi бар:

Lex personalis – жеке тұлғаға байланысты ереже.

Оның өзi екi түрде қарастырылады:
1) Lex patriae – азаматтыққа байланысты заң;
2) Lex domicilii – тұлғаның тұрақты тұру жерiне байланысты заң.

Слайд 11

Lex societatis – бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты байлам. Бұл байлам, егер заңды

тұлға бiр елде тiркелген болып, екiншi мемлекетте жұмыс iстеп, ал оның бас органы үшiншi мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшiн осы төрт iлiмге, қағидатқа сүйенемiз:
1) инкорпорация немесе тіркелу қағидасы – заңды тұлға қай мемлекетте тiркелсе, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
2) отырықшылық қағидасы – заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
3) қызмет ету қағидасы – заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс iстесе, сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
4)бақылау теориясы – бiр мемлекетте орналасқан кәсiп-орынның құрылтайшысы қай мемлекеттiң тұлғасы болса, сол мемлекеттiң заңын негiз ретiнде алады.

Слайд 12

Lex voluntatis – бұл байлам бойынша шарт тараптары, өз ерiктерi бойынша бiр

мемлекеттiң заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттiң заңын қолданатын шартта нақты көрсету керек.
Lex loci contractus – бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекiтiлгенiн анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бо-йынша, шартқа қай мемлекетте қол қойылса, онда сол мемле-кеттiң заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық мәмiле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен мiндеттерi қол қойыл-ған жердiң заңнамасымен анықталады. Бiрақ заң бойынша тараптарға құқық таңдау еркiндiгi берiлген.
Lex venditoris – бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттiң заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сырт-қы экономикалық мәмiлелерiне тән.
Lex rei sitae – бұл коллизиялық қағидат меншiк құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бiр мемлекетте, белгiлi бiр затқа меншiк құқығын анықтауда көмек көрсетедi. Қазақстанның заңнамасында мүлiк қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттiң заңнамасымен меншiк құқығы анықталады. Бiрақ егер мүлiк мұра ретiнде қарастырылса, онда мұрагердiң соңғы тұрғылықты жерiнiң заңнамасымен реттеледi.
Lex loci delictii commissii – бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердiң заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтiрiлген болса, онда сол мемлекеттiң заңнамасымен iстi қарастырады.

Слайд 13

Іех Іосі 1аbогis және Іех Іосі delegationis - жұмысты атқару орнының және және

басқарушы ұйымның орналасқан жерінің заңы – тек арнайы сипатқа ие коллизиялық нормалардың бірі, көрінісі оның көбіне еңбектік қатынастарға тән. Олар еңбек қатынастарды реттеуге бағытталған.
Іех Іосі орегаtіоnіs- негізгі қызметті атқару орнының заңы - бұл қағида заңды түлғаның қызметінің атқарылу жері, яғни сол мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігін көрсетеді және заңды тұлғаның жеке мәртебесі қағидасымен жұмыс істейді.
Lex loci selebrationis – бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке қиылды сол мемлекеттiң заңы қолданылады.
Lex fori – сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементiне қарамастан, өз елiнiң заңнамасын қолданады.
Ту заңы (Іех bandeгае). Жүктерді тасымалдау мен оларды басқару қатынастарын реттегенде су немесе әуе кемелеріндегі қай мемлекеттің ту астында болуына байланысты қатынастарды реттейтін қағида.
Төлем валютасынын заңы (Іех monetae) - аталған қағида бойынша валюталық шарттық міндеттемелерде қай валютада шарт жасалса, сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

Слайд 14

Қазiргi халықаралық жеке құқықта коллизиялық нормалар көп түрлi және көп санды болып табылады.

Оларды түрлерге бөлудiң критерийлерi көп. Бұл ерекшелiктер, халықаралық байланыстар кезiнде пайда болатын қатынастар топтардың ерек-шелiктерiн айқындайды және осы нормалардың тәжiрибеде қолдану кезiнде зор маңызға ие.

Слайд 17

Коллизиялық ереженiң мәнiне қарай:

Имя файла: Коллизиялық-нормалар.pptx
Количество просмотров: 126
Количество скачиваний: 1