Кәсіпкерлік ұйымның қызметін тоқтату презентация

Содержание

Слайд 2

Банкроттық — кәсіпорын-дардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Ол кәсіпорынның шығыны

кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды.
Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.

Слайд 3

Банкроттық туралы істерді сотта қарау

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы 2014 жылғы

7 наурызында қабылданған болатын.

Слайд 4

Банкроттықты тану
Борышкердiң өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.
Кредиторлардың немесе уәкілеттігі барөзге тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде

мәжбүрлі түрде белгiленедi.
Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.
Азаматтық кодекстің 49-бабының 1-тармағында бойынша тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандырмаса, тарату комиссиясы банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.
Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.

Слайд 5

Әдейi және жалған банкроттық үшін жауаптылық
1. Лауазымды адамдары әдейi банкроттық үшiн дәрменсiз

борышкердің кредиторы алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады. Борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi әкеп соқтырғаны үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi.
2. Өтінішті жалған банкроттық мақсатта берсе, кредиторлар борышкерден келген залалды өтеудi талап етуге және субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жүгінуге құқылы.
3. Әдейі банкроттық фактілері анықталса, бір ай мерзімде банкроттық рәсімінің нәтижесі бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттанбаса кредитор талабының сомасын өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге міндетті, ал кредитор осылай етуге құқылы.
4. Әкімші әдейi немесе жалған банкроттық белгiлерi анықталған кезден бастап бір айда, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негізде прокурордың өтініші бойынша банкрот деп танылған жағдайда, тиісті тұлғаны ҚР заңында көзделген жауаптылыққа тарту үшiн құқық қорғау органына жүгiнуге мiндеттi.

Слайд 6

Рәсімдерді жүргізу кезіндегі ақпараттық құпиялар болып табылмайды:
әкімші болып тағайындалған адам туралы;
кредитор комитетінің құрамы,

оның қабылдаған шешімі;
кредитор талапының тізіліміндегі талаптар сомасы мен оны қанағаттандыру мөлшері туралы;
рәсімдерді жүргізу мерзімдері туралы;
кредиторға берешекті өтеу кестесін орындау туралы;
әкімшінің әрекетіне шағымдардың болуы, нәтижесі;
әкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
оңалту рәсімін тоқтатудың негізі туралы;
әкімші кредитор комитетіне шешім қабылдауға ұсынатын;
Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде осыған уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылауы туралы ақпарат.

Слайд 7

Iстiң сотта қаралуы
ҚР азаматтық сот iсін жүргiзу заңнамасынан бөлек, жеделоңалту рәсімі туралы iстi

сот талқылауына дайындау кезiнде сот жеделоңалту рәсiмiне тартылған кредиторды және прокурорды iстiң сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етедi.
Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ қозғалғаннан кейiн күнтізбелік 15 күннен кешiктiрмей, жеделоңалту рәсімі туралы iс тағайындалуы тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Сот жеделдетiлген оңалту рәсімін қозғалған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзiмде қарауы тиiс.
Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iстi алдын ала дайындау мерзiмi iс қозғалған кезден бастап күнтізбелік 15 күннен аспауға тиiс.

Слайд 8

Сот мынадай шарттар орындалғанда:
1) борышкер төлем қабiлетсiздiгiн не орындау мерзiмi таяу 12

айда басталатын ақшалай мiндеттемелердi орындаудың мүмкiн еместiгiн дәлелдеген;
2) iс жүргiзілгендігі туралы кредиторды хабардар ету жөніндегі талаптарды толық көлемде орындаған;
3) жедел оңалту рәсiмiне рұқсат бермеген кредитор-дың мүлiктiк мүддесi оңалту жоспарында ескерiлген;
4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредитордың талабы бiртектi кредитордың тобы талаптарының жалпы сомасының 50% астамын құраған кезде жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмi шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шарасына қатысушы борышкерге қолданылмайды.

Слайд 9

Сот шешiмi:
1) борышкердiң атауын, жерiн, банктiк шот туралы мәлiметін, бизнес сәйкестендiру нөмiрiн,

басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, телефонның байланыс нөмiрiн;
2) жедел оңалту рәсiмiн қолдану туралы нұсқауды;
3) мемлекеттiк қолдау шарасына қатысушы борышкерге жедел оңалту рәсiмiн қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiту туралы нұсқауды;
4) жедел оңалту рәсiмiнiң мерзiмi туралы мәлiметi;
5) оңалту жоспарына енгiзiлген кредиторлар тiзбесiн, бiртектi кредиторлар тобы талаптарының сомасын;
6) осы Заңда көзделген жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану салдарының басталуы туралы нұсқауды;
7) борышкердiң оңалту жоспарын орындау нәтижесi бойынша қорытынды есеп ұсынуы туралы нұсқауды қамтуға тиiс.

Слайд 10

Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар

оңалтуды басқарушы

кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi

борышкер

кредитор

уақытша басқарушы

уәкiлеттi

орган

борышкер мүлкiнiң меншік иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға

Имя файла: Кәсіпкерлік-ұйымның-қызметін-тоқтату.pptx
Количество просмотров: 87
Количество скачиваний: 0