Қолхат — белгілі бір құндылықтардың презентация

Содержание

Слайд 2

ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын

ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және

оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.
Слайд 3

Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен

мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады.
Слайд 4

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: — құжаттың аты; — қолхат беруші туралы

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: — құжаттың аты; — қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні,

мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); —  қайтарылатын нақты уақыты; — қайтара алмаған жағдайдағы шарты; — қолхат жазылған күн; — тараптардың қолы; — мекеме мөрі.
Слайд 5

Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында

Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты не уақытша тұратын жерінен

кетпеу, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеу, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыпталушының немесе оған кепілдік берген басқа адамдардың жазбаша міндеттемесі.
Слайд 6

Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын құжат түрі.

Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын құжат түрі. Құжат

мәтінінде қолхат берушінің қызметі қажет жағдайда аты- жөні алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің атауы ақшаны не құнды дүниені кімнен алғаны аты –жөні толық көрсетіледі.
Слайд 7

Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде

Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде түзетулер,

өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен қойылған қолдың арасындағы бос келістік сызықпен толтырылады. 
Слайд 8

Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей

Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде

сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Бұл жағдайда куәгер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды. Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
Слайд 9

Сөздік: қолхат - расписка азамат - гражданин мерзім - срок

Сөздік: қолхат - расписка    азамат - гражданин      мерзім - срок      кепілақы - задаток    қарыз

- долг ақша - деньги     уәде - обещание      қайтарып беру - вернуть,возвращать      алу - брать кабылдап алу - принять      уақытында - вовремя    кепіл ақы - задаток
Слайд 10

Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде

Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде

оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Слайд 11

Қолхат Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы

Қолхат Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы

84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым. 2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ. 10.12.2003жыл (қолы)
Имя файла: Қолхат-—-белгілі-бір-құндылықтардың.pptx
Количество просмотров: 95
Количество скачиваний: 0