Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қараудың түсінігі және маңызы презентация

Содержание

Слайд 2

Негізгі сұрақтар:
1.Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қараудың түсінігі және маңызы.
2.Сот шешімінің

Негізгі сұрақтар: 1.Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қараудың түсінігі және маңызы. 2.Сот шешімінің
түрлері мен мазмұны.
3. Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесі.Отырыстың уақыты мен орны туралы.

Жоспар:

Слайд 3

Сотта іс қарау, яғни сот талқысы азаматтық іс жүргізудің маңызды кезеңі

Сотта іс қарау, яғни сот талқысы азаматтық іс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады,
болып табылады, онда ең алдымен сот мәжілісінде істі қарау барысында сот субъективті құқықтар және қорғалатын мүдделерді қорғау, тәрбиелік әрекеттер жүзеге асыру бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Мұнда әділ соттың барлық қағидалары толығымен әрекет етеді, дәлелдемелерді жан - жақты және объективті зерттеулер негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын мән - жайлар анықталады, нақты құқықтардың негізінде тараптардың құқықтары мен заңды міндеттері анықталады және дау бойынша сот мемлекет атынан шешім шығарады.

Слайд 4

Осы сатыда сот төрелігі жүзеге асырылады. Мұнда негізінен заңдарды бұлжытпай орындау

Осы сатыда сот төрелігі жүзеге асырылады. Мұнда негізінен заңдарды бұлжытпай орындау және жалпыға
және жалпыға бірдей әрекеттерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында соттар азаматтар санасына әсер тигізуін қамтамасыз етеді.
Істі негіз бойынша қарау төрағалық етушінің іс материалдарын жариялаудан басталады. Тараптардың түсініктерінде мыналар қамтылуы тиіс, талаптың мәнісі және жауапкердің қарсылығы, талапты және қарсылықты негіздейтін мән - жайлар. Іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін тыңдай отырып, судья істің мән - жайларын зерттеуге, дәлелдемелерді қарастыруға және тексеруге кіріседі.

Слайд 5

Бірінші сатыдағы сот қаулысы-бұл іс бойынша сот ісі барысында сот төрешілері 

Бірінші сатыдағы сот қаулысы-бұл іс бойынша сот ісі барысында сот төрешілері мен соттардың
мен соттардың жазбаша пайымдауларын немесе ерік жігерлерін  білдіретін сот өкіметінің актілері және азаматтық іс жүргізу заңдылықтарының негізінде  іске қатысушыларға  жеке нақты бір іс  жүргізу актісі түріндегі өкімді өкілеттіктерді қолдану.

Слайд 6

Бірінші сатыдағы сот қаулысы-бұл іс бойынша сот ісі барысында сот төрешілері 

Бірінші сатыдағы сот қаулысы-бұл іс бойынша сот ісі барысында сот төрешілері мен соттардың
мен соттардың жазбаша пайымдауларын немесе ерік жігерлерін  білдіретін сот өкіметінің актілері және азаматтық іс жүргізу заңдылықтарының негізінде  іске қатысушыларға  жеке нақты бір іс  жүргізу актісі түріндегі өкімді өкілеттіктерді қолдані.Сотың мұндай актілеріне  мемлекеттік органдар,жергілікті өзін-өзі басқару органдары,қоғамдық бірлестіктер,өзге заңды тұлғалар,лауазымды тұлғалармен азаматтар үшін міндетті және ҚР-ның барлық аумағында мүлтіксіз орындауға тиісті шешім.Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi.

Мерзiмiнде берiлген және АПК 334-бабының екiншi бөлiгiнiң және 335-бабының талаптарына сәйкес келетiн апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiн судья:

1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн келесi күннен кешiктiрмей iске қатысушы адамдарға жiберуге;

2) шағымдануға, наразылық келтiруге белгiленген мерзiм өткеннен кейiн iстi апелляциялық сатыға жiберуге мiндеттi.

Слайд 7

Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық шағым жасалып отырған ұйғарым

Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық шағым жасалып отырған ұйғарым шығарылған күннен
шығарылған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сотқа берiледi. Қарау нәтижелерi бойынша:

1) ұйғарымды (қаулыны) – өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;

2) ұйғарымның (қаулының) күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберу;

    3) ұйғарымның (қаулының) күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi мәнi бойынша шешу;

4) ұйғарымды (қаулыны) өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.

Слайд 8

Сот шешімінің түрлері мен мазмұны.

Сот шешімінің түрлері мен мазмұны.

Слайд 9

Сот шешімінің түрлері мен мазмұны.
Судья iстi сотта қарауға әзiрлеу

Сот шешімінің түрлері мен мазмұны. Судья iстi сотта қарауға әзiрлеу туралы ұйғарым шығарады
туралы ұйғарым шығарады және жүргiзiлуге тиiстi әрекеттердi көрсетеді. Апелляциялық сатыдағы сот iстi қарағаннан кейiн оны бiрiншi сатыдағы сотқа қайтарады. Істі мәні бойынша шешу кезінде сот кіріспе,дәлелді және қарарлы бөлімдерден тұратын қысқаша шешім шығарады.Қысқаша шешімнің дәлелді бөлімінде сот анықтаған істің мән-жайлар туралы соттың тұжырымдарын растайтын дәлелдемелер,сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар айтылады.Сот шешім заңды күшіне негенге дейін берген тараптардың жазбаша өтінімдері бойынща не болмаса өзінің ойлауынша кіріспе,сипаттама,дәлелді және қарарлы бөлімдерден тұрады.
Шешімнің мазмұны.шешімнің кіріспе бөлімі оның ҚР-ның атынан шығаылатынан басталады.Шешімнің кіріспе бөлімінде:
1)оған қол қойған күнмен анықталатын шешімнің шығарылған уақыты;
2)шешім шығарылған орын;
3)шешім шығарған соттың нақты және толық атауы;
4)шешім қабылдаған сот құрамы,тегі,аты,әкесәнің аты;
5)сот отырысы хатшысының ,сот жасауылының тегі,аты,әкесінің аты;6)талап қою арызындағы дау немесе арыздағы талаптар.

Слайд 10

Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесі.
Талап арыз

Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесі. Талап арыз іс жүргізуі
іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.

Слайд 11

Іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші

Іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс
сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы. Осындай мән-жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.

Слайд 12

Сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шығарылған шешімдердің деректемелері талап

Сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шығарылған шешімдердің деректемелері талап арыз іс жүргізуі
арыз іс жүргізуі бойынша шығарылған шешімдердің құрылымы мен мазмұнына ұқсас, алайда жекелеген ерекшеліктері ескерілуі тиіс:
1. Шешімнің кіріспе бөлігінде «Сырттай шешім» деп көрсетіледі.
2. Сипаттама бөлігінде сырттай шығарылған шешімнің негіздемесі баяндалады.
3. Сырттай шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкердің шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс. Сырттай шешімнің көшірмесі табысталғаны туралы хабар ала отырып, оны шығарғаннан кейінгі үш күннен кешіктірілмей жіберіледі. Осындай мерзім ішінде және осындай тәртіпте сырттай шешім көшірмесі сот отырысында болмаған талапкерге жіберіледі.
4. Сырттай шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылуы және түпкілікті нысанда жасалуы тиіс.
Имя файла: Азаматтық-істерді-бірінші-сатыдағы-сотта-қараудың-түсінігі-және-маңызы.pptx
Количество просмотров: 83
Количество скачиваний: 0