Сотта өкілдік ету презентация

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу Тапсырма бойынша өкілдік ету

ЖОСПАР

Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
Тапсырма бойынша өкілдік ету
Сотта өкіл бола алмайтын

тұлғалар
Өкілдің өкілеттіктері
Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу
Заңды өкіл
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3

Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге

Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.

Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
Слайд 4

Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық

Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен

н\е құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары ж\е олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Слайд 5

Сотта өкіл бола алатын тұлғалар: 1) адвокаттар; 2) заңды тұлғалардың

Сотта өкіл бола алатын тұлғалар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың істері бойынша –

осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік
органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;

3) кәсіптік одақтардың – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге
асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;

Слайд 6

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін,

сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;

5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

Слайд 7

Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.Адвокат ордерге сәйкес

Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.Адвокат ордерге сәйкес өкілдік

жанында, осы Кодекстің 60-бабында санамаланған әрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Олардың әрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс.
Слайд 8

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін

көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Слайд 9

1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін

1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға

осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;

3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының
хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;

4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

Слайд 10

Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке

Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке беруден;

татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім н\е дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан н\е азайтудан, талап қоюдың нысанасын н\е негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден ; сот актісіне апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған н\е жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, апелляциялық шағымнан, өтінішхаттан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы.
Слайд 11

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.Сенімхат

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.Сенімхат сотқа

жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.
Слайд 12

Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан

Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының

Заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады.
Слайд 13

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті шектеулі

деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері н\е оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Слайд 14

ҚОРЫТЫНДЫ Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және

ҚОРЫТЫНДЫ

Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның атынан

бір тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.
Сотта өкіл етуші деп өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттілігі бар тұлғаны айтамыз.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда қарастырылғандай өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
Слайд 15

Пайдаланылған әдебиеттер Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Азаматтық процесуалдық кодексі,6-тарау,47-56

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Кодексі;
Қазақстан Республикасының Азаматтық процесуалдық кодексі,6-тарау,47-56 баптары;
«Құқықтану» кітабы.

Сайт:
www.zharayna.kz
www.google.kz
www.adilet.gov.kz
www.kodeks.kz
www.adilet.zan.kz

Имя файла: Сотта-өкілдік-ету.pptx
Количество просмотров: 135
Количество скачиваний: 1