Биометрияның шығу тарихы презентация

Содержание

Слайд 2

Биометрия – халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуда алатын орны үлкен және өзіндік үлесі бар

биология ғылымының бір саласы болып саналады. Биометрия гректің «bios» биос – тіршілік, өмір және «metria» метрия – өлшеу, өлшеймін деген сөздерінен шыққан, яғни ол тірі организмдерде болатын өзгерістерді өлшеу деген мағынаны білдіреді.

Слайд 3

Алғаш рет математикалық статистиканы, биологиялық құбылыстағы өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықты зерттей келе ағылшын

ғалымы Ф. Гальтон 1889 жылы қолданды. Сол себепті Гальтон биометрия ғылымының негізін салушы болып саналады. Кейбір кездерде математикалық статистиканы вариациялық статистика деп те атайды. Мұндай атауды 1889 жылы Дункер ұсынды. Содан бері бұл екі термин (математикалық және вариациялық статистика) биометрияның балама синонимдері болып табылады.

Ф. Гальтон

Слайд 4

Биометриядағы бұдан кейінгі жүргізілген басты зерттеулерді, биометриктердің белгілі мектептерін ұйымдастырып, негізгі биометрикалық қондырғыны жасаушы

ағылшын ғалымдары Фрэнсис Гальтон (1822-1911) және Карл Пирсон (1857-1936) еңбектерімен байланыстырылады. Ағылшын биометрия мектебі 19 ғасырдың екінші жартысында экспериментальді биологияның қарқынды дамуы және биология ғылымында төңкеріс жасаған Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясы әсерлерінен қалыптасты. 

Слайд 5

Табиғаттағы кездесетін биологиялық түрлерді өзгермейтін бірліктер деп қарастыратын қалыптасып қалған ескі – метафизикалық

көзқарасқа (К. Линней, Ж. Кювье) қарсы, Дарвин, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі тұжырымды жасайды. Тірі дүниедегі болып тұратын өзгерістердің себеп-шарттарының статистикалық сипатына байланысты жүретін табиғи іріктеу принципіне сүйене отырып, Дарвин, Гегелдік кездейсоқтық пен қажеттілік, себеп пен салдар және бөлшек пен бүтін араларындағы ішкі бірліктің бар екендігі жөніндегі концепциясының дұрыс екендігін қуаттайды.Дарвиннің биология ғылымына қосқан табиғи сұрыптау теориясының негізгі жаңалығы да осы болатын.

Слайд 6

Ф. Гальтон мен К. Пирсон биометрия ғылымының негізін қалаушылар деп есептеледі. Олардың ойлап

тапқан статистикалық әдістемелері уақыт таразысы сынынан мүдірмей өтіп, биометрия мен математикалық статистиканың алтын қорына енді.

Слайд 7

Биометрия ғылымына көп еңбек сіңірген одан кейінгі ғалымдар легі ішінде Фишердің шәкірттері Ф.

Иетс, Ч. Блисс және Пирсонның шәкірті болып табылатын Дж. Юлл (1871-1951) айтуға болады. Бұлардан басқа ағылшын биометриктері мектебінің ғалымдары Н. Бейли, М. Кендэл, Д. Снедекор, С. Уилкс де өздерінің сүбелі үлестерін қосқан.
Сонымен, биометрия қолданбалы ғылымдар қатарына жатады. Биометрияның негізгі заңдылықтары Гаус-Лаплас, Ньютон биномы, ықтимал теорияларына сүйенеді.
Имя файла: Биометрияның-шығу-тарихы.pptx
Количество просмотров: 28
Количество скачиваний: 0