Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау презентация

Содержание

Слайд 2

Оқу мақсаттары:

8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын

қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Слайд 3

Бағалау критерийлері

-Тізбектей және параллель тізбектерді дұрыс жинайды;
-Тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, ток

күшін, кернеуді есептейді.
-Тізбектің жалпы кедергісін есептейді.
-Дұрыс қорытынды жасайды.

Слайд 4

Жаңа сабақ

Электр тізбегі деген не?
Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің,

құрылғылардың жиыны.
Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады.
Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.
Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.
Электр тізбегінің негізгі бөліктері:
Ток көзі
Ток тұтынушылары
Жалғағыш сымдар
Кілт
Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін атаңыз.

Слайд 5

Жаңа сабақ

Ойланыңыз және сызбаларды салыңыз:
а) Сізде гальвани элементі, шам, екі кілт және жалғағыш

сымдар бар. Екі кілт те қосулы тұрғанда электр тізбегіндегі шам жанатындай сызба салыңыз.
б) төбеден аспашамдың орнататын жерден үш сым шығып тұр, аспашамды қосқаннан кейін олардан электр тогы өтеді. Егер аспашамды дұрыс қоссақ, екі сөндіргіш келесідей жұмыс жасайды: олардың біріншісі бір шамды ғана қосып-сөндіреді, ал екіншісі екінші шамды ғана қосып-сөндіреді. Аспашамдағы шамдардың, сөндіргіш пен ток көзінің жалғану сызбасын салыңыз.Екі сызбаның айырмашылығы неде?

Дескриптор:
-Электр тізбегінің элементтерін біледі.
-Электр тізбегінің сызбасын салады.

Слайд 6

Мұғалімнің демонстрациясы(D)

Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және

100 Ом, 2 вольтметр, 1 амперметр.
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток
күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.

Дескриптор:
Тізбектей жалғау кезінде
-Ток күштері тең екендігін,
- Жалпы кернеу бірнеше кернеудің қосындысына теңдігін,
-Жалпы кедергі бірнеше кедергілердің қосындысына тең екендігін біледі.

Слайд 7

Мұғалімнің демонстрациясы(D)

Параллель жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар:
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді

өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:
Параллель жалғау кезінде
- Кернеулері тең екендігін,
- Жалпы тоқ күші бірнеше ток күшінің қосындысына теңдігін,
- Жалпы кедергі бірден кем кедергілердің қосындына тең болатынын біледі.

Слайд 8

Мұғалімнің демонстрациясы(D)

Жұмыс нәтижелерін талдау және өткізгіштерді параллель және тізбектей заңдылықтарын жазу.

Слайд 9


Есептер шығару



Слайд 10


Есептер шығару



1.Кедергілері 2, 3 және 5 Ом үш тізбектей

жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай? Сызбаны салыңыз?
2. Кедергілері 2 және 4 Ом екі параллель жалғанған резисторлардың жалпы кедергісі қандай?
3.100 бірдей резисторлардың кедергілері 2 Ом. Барлығы параллель жалғанған. Олардың жалпы кедергісі нешеге тең?
4. Бір резистордың кедергісі 2 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 2 Омнан кем. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма
5. Бір резистордың кедергісі 4 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 5 Омнан көп. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма?
6. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, кернеуі 4,5 В батарейкаға қосылған. Тізбектің ток күшін анықтаңыз..
7. Кедергілері 20 және 35 Ом екі резистор батарейкаға параллель қосылған. Бірінші резистордағы ток күші 0,2 А. Екі резистордан қандай ток өтеді.

Слайд 11

«Кім жылдам» әдісі


Слайд 12



РЕФЛЕКЦИЯ

Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция 
Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.  

2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.   3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
Имя файла: Өткізгіштерді-тізбектей-және-параллель-жалғау.pptx
Количество просмотров: 116
Количество скачиваний: 0