Реляциялық деректер қоры және SQL тілі презентация

Содержание

Слайд 2

Лекцияның мақсаты

Лекцияның міндеттері

Студенттерге реляциялық деректер қоры
туралы мәлімет беру және
SQL тілінің негіздерін

үйрету

реляциялық деректер қорының негіздері, элементтері және негізгі түсініктерімен танысу;
SQL тілінің негіздерімен танысу;
SQL тілі операторларының топтастырылуы бойынша қарастыру;
нақты реляциялық деректер қорына мысалдар қарастыру;
берілген деректер қорына қарапайым SQL-сұраныстарын құру.

Слайд 3

Деректер қоры және оның түрлі анықтамалары

Деректер қоры - нақты кәсіпорынның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз

етуге арналған логикалық байланысқан деректердің (және бұл деректердің сипаттамалары) бірге қолданылатын терімі;
Деректер қоры – бұл бір рет анықталатын және түрлі бөлімшелердің көп қолданушылары қолданатын бүтін және үлкен қойма;
Деректер қоры – ортақ қасиетке ие деректердің жиынтығы;
Деректер қоры – ЭЕМ-нің сыртқы жадында ұзақ сақтауға және қолдануға арналған деректердің ұйымдастырылған жинағы.

Слайд 4

Деректерді бейнелеудің негізгі модельдері

Деректер ағаш түрінде беріледі және түйін, деңгей, жазба түсініктері арқылы

анықталады.

Деректер желінің элементтері болып табылады және сегмент, агрегат және жазба түсініктері арқылы сипатталады.

Деректер желінің элементтері болып табылады және сегмент, агрегат және жазба түсініктері арқылы сипатталады.

Деректер кесте түрінде бейнеленеді, атрибут және қатарлар арқылы деректер анықталады.

Слайд 5

Деректердің реляциялық моделі

РЕЛЯЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – RELATION MODEL –
“ҚАТЫНАС” МОДЕЛІ – КЕСТЕ ТҮРІНДЕГІ

МОДЕЛЬ

Қатынас – бұл қатар және бағандардан тұратын жалпақ кесте. Кез-келген реляциялық ДББЖ да қолданушы деректер базасын кесте жиыны түрінде қабылдайды деп есептелінеді.
Атрибут – бұл қатынастың атау берілген бағаны.
Домен – бір не бірнеше атрибуттар қабылдай алатын мәндер жиыны.
Кортеж – бұл қатынастың қатары.
Қатынас дәрежесі – қатынастың атрибуттарының санымен анықталады.
Кардиналдылық – қатынас кортеждерінің жалпы саны.

Слайд 6

Деректердің реляциялық моделіне мысал

Кортеждер

Қатынастың дәрежесі

Қатынастың кардиналдылығы

Слайд 7

Реляциялық модельде байланыстардың түрлері

ҚР азаматының тек бір ғана ЖСН-і бар.

ҚР азаматының бірнеше автокөлігі

болуы мүмкін.

Топ студенттері бірнеше пәндерді үйренеді.

Слайд 8

SQL –деректер базасына сұраныстар құру тілі

SQL – STRUCTURED QUERY LANGUAGE
SQL – ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН

СҰРАНЫСТАР ТІЛІ

Сұраныс - деректер базасында сақталатын мәліметтерді таңдау, жою не түрлендіру амалдарының құрамын анықтайтын арнайы тәрізде берілген шарт.
SQL тілі кестелерге (құру, жою, құрылымын өзгерту) және оның деректеріне (таңдау, өзгерту, қосу және жою) амалдар қолдануға, сонымен бірге кейбір ортақ амалдарды орындауға арналған.
SQL процедуралық тіл емес және басқару, ішкі бағдарламаларды, енгізу-шығару амалдарын ұйымдастыру операторларын орындамайды.
SQL жеке қолданылмайды, ол ДББЖ бағдарламалау тіліне енгізілген.
SQL бағдарламалар жазылатын басқа бағдарламалау тілдерінен өзгеше декларативті (сипаттау) тілі болып табылады. Яғни, SQL тіліндегі өрнектер қалай емес?, не істеу керектігін? сипаттайды.

Слайд 9

SQL тілі операторларының топтастырылуы

Деректерді анықтау тілі - кестелерді құруға, өзгертуге және жоюға арналған

Деректерді

манипуляциялау тілі – кестелердегі деректермен жұмыс істеуге арналған

Деректерді басқару
тілі - деректер
базасын түрлі қауіпті жағдайлардан
сақтауға арналған

Слайд 10

DDL тілінің негізгі операторлары және олардың қызметі

CREATE TABLE – жаңа кесте құру;
CREATE VIEW

– жаңа көрініс құру;
CREATE SHEMA – жаңа сұлба құру;
ALTER TABLE – бар кестені өзгерту;
DROP TABLE – бар кестені жою.

МЫСАЛДАР:
CREATE TABLE STUDENT
DROP TABLE BOOKS
ALTER TABLE NOTEBOOK

Имя файла: Реляциялық-деректер-қоры-және-SQL-тілі.pptx
Количество просмотров: 98
Количество скачиваний: 0