Ұжымдық (топтық) оқыту технологиясын деңгейлік тапсырмалар арқылы тиімді пайдалану презентация

Слайд 2

Қазіргі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу

әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Слайд 3

Қазақстандық педагог ғалымдар: Ж.А.Қараев және М.Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Слайд 4

Ұжымдық оқыту кезінде тақырып мазмұнын барлық оқушы бірдей жоғары деңгейде меңгере алмайды.

Осы кемшілікті жою мақсатында ұжымдық оқытудың жаңа технологиялары ұсынылады. Олар мыналар:
-белсенді тақтаны, сөз түріндегі әдіс, тәсілдермен ұштастыру;
-компьютердегі интерактивті бағдарламаны қолдану;
-интернет материалдарын сабақтың тақырыптарымен қабыстыру;
-электронды құралдардағы сызба, үлгі, кесте, диаграмма, сурет т.б.
-тақырыпты меңгеру кезінде оқушылардың өзара еркін алмасуына, өз ойын білдіруіне, сұрақтар қоюына, талқылауына мүмкіндік беру;
-басқа да көрнекіліктерді сөз түріндегі әдістермен ұштастыру;
-теориялық білімді іс жүзінде пайдалануына шарт түзу үшін практикалық-жұмыстарды орындауын ұйымдастыру бойынша нұсқаулар беру;
-жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау;
-белгілі бір тақырып бойынша оқушылар әзірлеген баяндамаларды тыңдау және талқылау;

Слайд 5

Ұжымдық оқыту технологиясы дегеніміз – сынып оқушыларының назарына білім мазмұнын ұсынуда оқытушы

мен оқушылардың іс-әрекетін ұштастырып, бір мақсатқа бағдарлайтын әдіс, тәсіл, амалдар мен жаңа технологиялар жиынтығы.
Имя файла: Ұжымдық-(топтық)-оқыту-технологиясын-деңгейлік-тапсырмалар-арқылы-тиімді-пайдалану.pptx
Количество просмотров: 70
Количество скачиваний: 0