Мен қамқор баламын презентация

Содержание

Слайд 2

Жақсы сөздер айтамыз
Шаршамаймыз қайта біз
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы Күн – Анамыз,
Біз қамқоршы

баламыз!

Шаттық шеңбер

Слайд 3

Әңгімелесу:
-Балалар әкесімен баласы не істеп жатыр?
- Қалай ойлайсындар,құсқа ұяны не үшін жасап жатыр?
Балалар,біз

бүгін «өзін-өзі тану әлемінің»
«Мен қамқор баламын» аялдамасына тоқталамыз.

Слайд 4

-Балалар, бір-біріне жақсылық жасап адамдарға ,жануарға, құстарға көмектесетін адамдарды қамқоршы дейміз.
Қамқор адамды сөйлеген

сөзінен емес жасаған қайырымды ісінен танимыз. Бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Слайд 5

Жай ғана әже
В. Осеева
Санжар мен Алия келе жатты. Олардың алдында

келе жатқан бір әжей тасқа шалынып құлап түсті.
Менің сөмкемді ұстай тұршы! –деп Санжар, қасындағы
Алияға сөмкесін берді де, өзі көмектесуге ұмтылды . Санжар қайтып келгенде Алия одан сұрады :
-Ол сенің әжең бе?
- жоқ , деп жауап берді Санжар.
-Анаң ба? – деп таңғалды Алия .
-Жоқ!
-Тәтең бе ? Әлде танысың ба?
-Олай да емес !-деп жауап қайтарды Санжар.
Ол жай ғана әжей ғой! Үлкен кісілерге көмек беріп , сый-құрмет көрсеткен жөн емес пе!?
Сұрақтар
Әңгімедегі Санжар туралы не айта алар едіңдер?
Санжар баланы әдепті , тәрбиелі деп айта аламыз ба?
Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Слайд 6

Ғажайып сәт
ЖҰМБАҚ:
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай ақ

Слайд 9

«Құстар досымыз»
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем – су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
Күзде салқын

даламыз,
Қыста құссыз қаламыз.
Көктем келсе оларды
Қайта қарсы аламыз.

Слайд 10

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап

еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Слайд 11

Д/о: «Болады - болмайды»

Слайд 12

Тыныс алу және саусақ жаттығу
«Мысық пен тышқан»
Тышқан қашты мысықтан                    Үстелде саусақтармен

қашады.
Қатты –қатты жүгірді.                           Жылдам жүгіреді
Орын тапты қуыстан,                            Екі қолының саусақтарын айқастыра
Зәресін мысық ұшырды. жұдырықтайды
Қарады мысық тесіктен,                         Көздерімен жан-жаққа қарайды
Тышқанға бері шық,-деді.                       Қабағын түйеді
Еденді ұрды «Тук-тук» деп,                   Айқасқан жұдырығымен үстеді ұрады
Тырналады, кетпеді.                                 Үстелді тырналайды
Былай-былай тартады.                       Айқасқан жұдырығын  екі жаққа тартады.
Бұза алмады қамалды.
Амалы құрып мысықтың,
Үйіне қарай қайтады.
Қуанып тышқан есікті,                                Айқасқан жұдырығына қарап
Жәй ғана кеп үрледі. үрлейді
«Алақай, есік ашылды»,-деп,                      Қолдарын айқара ашады
Ініне  қашып үлгерді.                                  Үстелде қайта жүреді

Слайд 14

Тапсырма № 2
Орман жануарларының қай жерде мекен ететінін табады.
Сөздік жұмыс:
Қоян - заяц-

a rabbit
Аю – медведь- a bear
Түлкі – лиса – a fox
Қасқыр- волк- a wolf

Слайд 15

-Балалар бүгінгі өтілген «қамқорлық» әлемінің
ережелерін еске түсіреміз.
Саусақты бүгу арқылы санап айтамыз
1. Ағаштарды

сындырмаймыз
Ағаштарды суарып баптаймыз
2. Құстарды таспен ұрмаймыз
Құстарға ұя жасап береміз
3. Табиғатты ластамаймыз
Қоқыс жатса көтеріп жәшікке салмаыз
4. Достарымызға көмектесеміз
5. Қамқор бала боламыз

Слайд 16

«Жүректен-жүрекке»
Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің

мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Қамқор жүректерің мейірімге толы болып өсетіндеріңе мен сенімдімін.

Слайд 18

Мақсаты: Білімділік: Үштілдік білімдерін жетілдіре отырып,қоршаған ортаға деген қамқорлық сөзінің мәнін түсінуге

үйрету.Әрбір баланың жеке тұлға екенін түсіндіру.
Түзету - дамытушылық: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып сана сезімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Өзін – өзі тануға деген құштарлықтарын арттырып,
өзара жағымды қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.

Слайд 19

Міндеттері:
- Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру;
- Қамқорлық жасау дағдылырын дамыту;
-

Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;
Имя файла: Мен-қамқор-баламын.pptx
Количество просмотров: 52
Количество скачиваний: 0