Алынбайтын протездер презентация

Содержание

Слайд 2

Алынбайтын протездер Алынбайтын протездер бұл бір немесе бірнеше жасанды тістерден

Алынбайтын протездер

Алынбайтын протездер бұл бір немесе бірнеше жасанды тістерден тұрып, жоқ

тістерді толықтырып және табиғи тістердің бекітуші элементері (қаптама, салма, пластин) арқылы бекітілген конструкция.
Алынбайтын протездердің ерекшелігі болып  барлық конструкцияның эстетикалық жоғарлығы және табиғи қолданылуы жатады.
Слайд 3

Алынбайтын протердердің түрлері: Салмалар, қаптамалар, көпіртектес протездер. Берілген протездердің барлығы

Алынбайтын протердердің түрлері: 

Салмалар, қаптамалар, көпіртектес протездер. Берілген протездердің барлығы ауыз

қуысында әр- түрлі стоматологиялық цементтермен тіске бекітіледі.
Слайд 4

Тіс қаптамалары Қазіргі заманғы тіс қаптамалары берік, төзімді, қауіпсіз материалдардан

Тіс қаптамалары

Қазіргі заманғы тіс қаптамалары берік, төзімді, қауіпсіз материалдардан жасалады.

Біздің Орталықта тістерге келесі тіс қаптамалары орнатылады: штампталған тіс қаптамасы, пластмасса тіс қаптамасы, кең таралғандары –тұтастай құйылған және металл-керамикалық тіс қаптамалары.
Слайд 5

Тіс қаптамалары не үшін қолданылады: тісті сақтау үшін (тіс көлемінің

Тіс қаптамалары не үшін қолданылады:

тісті сақтау үшін  (тіс көлемінің 50% астам

қатты ұлпалары зақымдалғанда)
қалпына келтіру үшін  (тістің шайнау бетінің 60% астам қатты ұлпалары зақымдалғанда)
тістің пішінін өзгерту үшін
тіс қатары доғасындағы тістің орнын өзгерту үшін
тістің түсін өзгерту үшін
пародонт аурулары кезінде таңғыш құрастырма ретінде
Слайд 6

Тіс қаптамасы жасалатын қорытпаның құрамына ағза үшін залалды никель кіреді.

Тіс қаптамасы жасалатын қорытпаның құрамына ағза үшін залалды никель кіреді.

Штампталған көпіртәріздес протездер дәнекерленіп жалғанады, дәнекерлегіштің құрамында қауіпті элементтер болады, сонымен бірге дәнекерлегіш тотығып, ауыз қуысын және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіреді. Дәнекерлеу де ұзаққа шыдамайды. Мұндай протездерді қаптауға арналған пластмасса да көпке шыдамайды, тез тозып, түсі өзгеріп кетеді.
Слайд 7

Тұтастай құйылған тіс қаптамаларында осы кемшіліктердің бірі де кездеспейді, олар:

Тұтастай құйылған тіс қаптамаларында осы кемшіліктердің бірі де кездеспейді, олар:

тістің түбіне дәл

бекиді
қызыл ет ұлпаларын зақымдамайды
тамақты ұстап қалатын  ретенциялық бекеттерді қалыптастырмайды (гигиена жақсарады)
тістің анатомиялық пішіні мен окклюзиялық байланыстарын дәл қалпына келтіреді (тістердің дұрыс қабысуын қамтамасыз етеді)
уатылмайды
Слайд 8

Металл-керамикалық тіс қаптамалары керамикалық массамен жабындалған металл қалпақшадан (каркас) тұрады.

Металл-керамикалық тіс қаптамалары керамикалық массамен жабындалған металл қалпақшадан  (каркас) тұрады. Металлды

керамика беріктігі мен қызметін атқаруы жөнінен табиғи тістерден еш қалыспайды. Керамиканың тегіс жылтыр бетіне ауру қоздырғыш бактериялар тұрып қалмайды, олар гигиеналық амалдар кезінде тез кетіріледі. Мұндай протездер ұзаққа шыдайды, өйткені негіз бен тіс қаптамасы арасына сілекей, тамақ түйіршіктері өтпейді, шірімейді. Металл-керамикалық протездеу кезінде қызыл ет құрылымы бұзылмайды, сөйтіп пародонтиттің алдын-алу шарасы жүргізіледі.
Слайд 9

Слайд 10

Көпіртәрізді протездер Бір немесе бірнеше тістерді протездеудің танымал түрлерінің бірі

Көпіртәрізді  протездер

Бір немесе бірнеше тістерді протездеудің танымал түрлерінің бірі –көпіртәрізді протез.

Олардың бұлай деп аталатын себебі –көпір тәрізді етіп жасалған, өйткені тіс қаптамалары немесе басқа құрастырмалардың көмегімен сау тістерге бекіп тұрады.
Слайд 11

Тістік салмалар. Көбіне тіс жегісі өте терең және кең таралған

Тістік салмалар.

Көбіне тіс жегісі өте терең және кең таралған болады: 

кариозды қуыс  тіс сауытының сауытты бөлігінің  бір қабырғасын зақымдай отырып тереңдігі және ені бойынша өседі. Тісті сапалы емдеу мүмкін емес, сондықтан мұндай жағдайларда салмалар қолданылады.
Тіс салмалары  лабораторияда жеке үлгі арқылы дайындалады. Олар пломбадан нақты және мықты етіп дайындалады. Клиникада салмалар керамикадан және компамерлерден дайындалады. Оны тіс айқын бұзылғанда, пломбадан сапалы етіп жасай алмағанда дайындалады. Бұрында мұндай жағдайда қаптамалар кигізетін, ал  қазіргі кезде тісті егелеп қаптама кигізбей, оған  зақымдалған тіс сауытынаа ғана арнайы салмалар дайындаған тиімді.
Слайд 12

Имя файла: Алынбайтын-протездер.pptx
Количество просмотров: 85
Количество скачиваний: 0