Слайд 8
Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеужәне күтім жасаужүргізіледі.Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін
келесітүрлерге бөледі:
· Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емесаурулардың (оның ішіндепсихиатриялық та);
· Ауруларыжұқпалы емесбалаларға арналған;
· Жұқпалы ауруларға арналған;
· Радиологиялық;
Жұқпалы ауруларжәне радиологиялық бөлімдері аурухананың мамандандырылған бөлімдері, себебі, жұқпалы ауруларбөлімінде тек жұқпалы ауруларыбар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде –сырқаттарын емдеудеиондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емесауруларбөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, балаларбөлімдеріне.Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жекемамандық салаларынабөлінуі мүмкін.Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішіненнейрохирургия, кеудежәне ішхирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.
Стационардың негізгіфункционалдық элементіболыптабылатынпалата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелдіжәне палата секцияларынантұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуымүмкін.Палаталық секция деп,сырқаттары біртүрдегі25-30науқасты емдеугеарналған палаталардың, емдеу-қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенінайтады. Бұл,стационардың негізгіфункционалдық элементіболыпесептеледі.
Үлкен адамдарға арналған палаталық секциялардакелесібөлмелерді бөледі:
1. Ауруларға арналған –палаталар, күндізгі уақытта болатынбөлмелер, холлдаржәне верандалар;
2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шарабөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекшімедбикепосты, клизма жасаубөлмесі;
3.Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбикежәне шаруашылық бикебөлмесі;
4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатынбөлме, ластанған киім-кешексақтайтын, дәрет ыдыстарынжуатынжәне стерильдейтін, клеенкалардыжуатынжәне бөлмелерді жуып-жинайтынзаттардысақтайтын бөлмелер;
5.Палата дәлізі.