Липидтер алмасуының бұзылыстары. Атеросклероздың, семіздіктің, өттас ауруының биохимиялық механизмдері презентация

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАРЫ:

1.Липидтер алмасуының бұзылыстары.
2.Атеросклероз(гиперхолестеринемия)
3.Семіздік туралы жалпы мәліметтер
4.Өт-тас ауруы, өт қышқылдарының маңызы.

Слайд 4

Липидтер – организмнің көптеген биологиялық қызметін атқаратын химиялық классқа жататын органикалық қосындылар. Липидтер

глюкозамен қатар энергия көзі. Липидтер алмасуының бұзылыстары әр деңгейде пайда болады: -майлардың қорытылуы және сіңірілу кезінде; -липидтердің тасымалдануы және ұлпаларға өту кезінде; -липидтердің ұлпаларда тотығу кезінде ; -липидтердің май ұлпаларында алмасуында (артық немесе жеткіліксіз пайда болуы және жиналуында).

Слайд 5

ЛИПИДТЕР ҚОРЫТЫЛУЫ ҮШІН(ЛИПОЛИЗ) АЛДЫМЕН ЭМУЛЬСИЯЛАНУЫ КЕРЕК

Эмульсиялану ішекте эмульгаторлар (өт қышқылының тұздары , белоктар

)және ішек перистальтикасының әсерінен жүреді.

Слайд 8

АТЕРОСКЛЕРОЗ:

*липидтер алмасуының ең жиі кездесетін бұзылысы;
*артериялардың ішкі , кейде ортаңғы қабығының патологиялық қабынуы;
*қанда

гиперхолестеринемия байқалады;
*жүректің ишемиялық ауруына, миокард инфарктісіне, инсульте, қол-аяқ артерияларының облитерациясына және т.б. әкеледі;

Слайд 10

Атеросклерозды емдеуді диетотерапиядан және дене шынықтырудан бастайды.
Гиперхолестеринемия кезінде келесі препараттарды қолданады:
-бауырдағы холестерин синтезін

тежейтін статиндер(ловостатин,правастатин,мевинолин);
-ағзадан өт қышқылдарының шығуын күшейтетін анион алмасу смоласы(холестирамин,колестипол);
-ЛПТ тежейтің пробукол, Е витамині;
-никотин қышқылы және оның туындылары;
-тироксин және эстрадиол;
-ТЖЛП деңгейін жоғарылататын этанолдың аз мөлшері;
-өте ауыр жағдайларда сорбциялық әдістерді қолданады;

Слайд 11

СЕМІЗДІК.

Семіздік – қалыпты жағдаймен салыстырғанда адипоциттерде артық майдың жиналуы.
*Біріншілік семіздік.
Алиментарлық дисбаланс- энергия

шығынымен салыстырғанда тамақтану калориясы жоғары болғанда дамиды.
*Екіншілік семіздік.
Белгілі бір аурудың, негізінен эндокриндік нәтижесінде пайда болатын семіздік түрі.

Слайд 12

Пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады: ауқаттық (55—66%), гормондық (20% мөлшерінде),

церебралдық (16—20%). Семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды. Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар: 1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану; 2. май қорларынан оның аз шығарылуы; 3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.

Слайд 14

Семіздікті емдеу тәсілдері:
1. Дәрі-дәрмексіз тәсілдер. Калориясы төмен азыққа негізделген емдәм мен жүйелі дене

жаттығулары.
Барлық диеталар келесі талаптарға сай болу қажет: калорияның айқын тапшылығын қалыптастыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін тиімді және үйлестірілген тағам пайдалану. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен біртіндеп арылу қажет.   
2. Дәрі-дәрмекті тәсіл. Дәрігер тәбет қашыратын және құнарлы заттардың сіңірілуін азайтатын немесе гормоналды жағдайыңызды қалыпқа келтіретін препараттарды жазып беруі мүмкін.
3. Хирургиялық тәсілдер:
- Липосакция, яғни тері астынан артық майды алу;
- асқазан көлемін кішірейту үшін кигізілетін арнайы сақиналарды асқазанға орнату операциясы;
- Абдоминопластика – салбырап қалған немесе тым үлкен қарынды жоятын ота.

Слайд 15

ӨТ-ТАС АУРУЫ.

Өт қышқылдары синтезінің төмендеуі немесе холестерин синтезінің жоғарылауы мицелладағы өттің артық мөлшерде

болуына және өт қапшығында немесе өт жолдарында холестерин тастарының түзілуіне әкеледі.
Холестерин: Фосфолипид: Өт қышқылы
1,0 : 2,5 : 12,5

Слайд 17

ӨТ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ:

1.Майларды эмульсиялайды
2.Ұйқы безі липазасын активтейді
3.Мицелла түзуге қатысады
4.Холестериннің ағзадан бөлінуінің негізгі жолы

(холестерин өт қышқылдарына тотығу арқылы бөлінеді)
5. Еріткіштік функция атқарады

Слайд 18

ӨТ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Слайд 19

Өт  тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін

операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды. Операция  жасалуы мүмкін емес адамдарға немесе жалпы өт түтіктерінен тастарды алып тастау үшін өт қабын алып тастауға операция жасалатын науқастарға дәрігер ЭРХПГ қолдануы мүмкін.

Слайд 20

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Заттар алмасуы және оның түрлері(Алматы,2009)
2.Сейтембетова Т.С. , Төлеуов Б. , Сейтембетова А.Ж. ,

Биологиялық химия,2007
3. http://okymaterialdari.com/index.php?newsid=402764

Слайд 21

Назарларыңызға рахмет!

Имя файла: Липидтер-алмасуының-бұзылыстары.-Атеросклероздың,-семіздіктің,-өттас-ауруының-биохимиялық-механизмдері.pptx
Количество просмотров: 27
Количество скачиваний: 0