Созылмалы бронхит презентация

Содержание

Слайд 2

Созылмалы бронхит СБ- ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3

Созылмалы бронхит
СБ- ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты

жөтелмен бөлінетін бронхтардың қабыну процесі.
Слайд 3

Эпидемиологиясы Ауаның ластануы Темекі шегу

Эпидемиологиясы
Ауаның ластануы
Темекі шегу

Слайд 4

Созылмалы бронхит-өкпенің созылмалы бейспецификалық ауруларының (ӨСБА) негізгі түрі. Оның құрамына

Созылмалы бронхит-өкпенің созылмалы бейспецификалық ауруларының (ӨСБА) негізгі түрі. Оның құрамына

кіретін:
Созылмалы бронхит
Бронхтық астма
Өкпе эмфиземасы
Пневмосклероз
Бронхоэктаз ауруы
Слайд 5

Этиологиясы Экзогендік себептері: Активті немесе пассивті темекі тарту Ауаның түрлі

Этиологиясы
Экзогендік себептері:
Активті немесе пассивті темекі тарту
Ауаның түрлі поллютанттармен ластануы
Кәсіптік зиянды ықпалдар
Ауа

райының жағымсыздығы
Инфекциялық ықпалдар
Эндогендік себептер
Жедел респирациялық кеселдермен жиі ауыру
Ауаның кондиционерлену бұзылысына әкелетін мұрын-көмкейдің аурулары
Зат алмасу бұзылыстары
Бронх тармақтарының жергілікті қорғаныс жүйесінің кемістіктері
Туа біткен бейімдеуші кемістіктер (а1-антитрипсиннің тапшылығы т.б.).
Слайд 6

Патогенезі Өкпенің тыныс бетінің жалпы аумағы 500 м² жуық, бір

Патогенезі
Өкпенің тыныс бетінің жалпы аумағы 500 м² жуық, бір тәулікте

өкпеден шамамен 9000 л ауа өтеді. Мұншама атмосфералық ауаның осындай кең аумақтан өтуі, организмді сыртқы ортаның зиянды әсерлерден қорғайтын, жергілікті қорғаныс механизмдердің аса төзімділігін талап етеді.
Слайд 7

Бронх-өкпе жүйесінің жергілікті қорғаныс механизмдері Ауаның, көлемі 1-2 мкм бөлшектерден

Бронх-өкпе жүйесінің жергілікті қорғаныс механизмдері
Ауаның, көлемі 1-2 мкм бөлшектерден тазаруын, жылуын,

ылғалдануын қамтамасыз ететін мұрын, көмекей қосымша қуыстар.
Кілегей пленканы жылжытып отыратын жабыр эпителий. Бронх тармақтарының бойында түтіктерден тербелу жиілігі бірдей емес. Трахея деңгейінде түтіктердің тербелу жиілігі минутына 1000 болса, бронхтардың диаметрі тарылған сайын, оның жиілігі азаяды.
Кілегей түзетін бронх бездірі мен бокал тәрізді жасушалар. Ересек адамдарда трахея-бронх бездері 6000-ға жуық (тыныс жолдарының әр 1мм²-шамамен бір безден келеді). Трахея-бронх бездері-кілегей түзудің негізгі көзі, ал олардың көлемі бокал тәрізді жасушалар көлемінен 40 есе артық.
Слайд 8

СБ-дың бұзылыстары Бронх бездері гипертрофияланады және бокал тәрізді жасушалардың саны

СБ-дың бұзылыстары
Бронх бездері гипертрофияланады және бокал тәрізді жасушалардың саны көбейеді.
Бронхтардың

кілегей қабығы атрофияланады
Жыбыр эпителий жойылып, көп қабатты жалпақ эпителийге ауысады.
Кілегейдің бактерицидтік қуаты төмендейді, аса қоюланады және көп мөлшерде бөлінеді.
Үнемі қабынуынан бронхтар қабырғасында гиперпластикалық, фиброздық өзгерістер дамиды.
Слайд 9

Жіктемесі Этиолгоиясы бойынша: Бактериялық Вирустық Микоплазмалық Шаңды Химиялық Физикалық ықпалдардан дамиды.

Жіктемесі
Этиолгоиясы бойынша:
Бактериялық
Вирустық
Микоплазмалық
Шаңды
Химиялық
Физикалық
ықпалдардан дамиды.

Слайд 10

II. Қабыну процесінің түріне қарай Катаральді Іріңді Катаральді-іріңді Фибринді Геморрагиялық

II. Қабыну процесінің түріне қарай
Катаральді
Іріңді
Катаральді-іріңді
Фибринді
Геморрагиялық

Слайд 11

III. Функциялық өзгерістері бойынша: Обструкциясыз Обструкциялы IV. Фазалары: Ремиссиясы Өршуі

III. Функциялық өзгерістері бойынша:
Обструкциясыз
Обструкциялы
IV. Фазалары:
Ремиссиясы
Өршуі

Слайд 12

V. Асқынулары: Өкпе эмфиземасы Қан қақыру (әдетте сирек, науқастардың 10-15%-да

V. Асқынулары:
Өкпе эмфиземасы
Қан қақыру (әдетте сирек, науқастардың 10-15%-да қақырықтағы қанды талшықтар

түрінде).
Тыныс шамасыздығы (жедел, созылмалы және созылмалының үстіне қосылған жедел түрі)
Созылмалы өкпекті жүрек дамуына алып келетін екіншілік өкпе гипертензиясы:
Транзиторлық-өтпелі сатысы
Қанайналым шамасыздығы жоқ тұрақты сатысы
Қанайналым шамасыздығы бар тұрақты сатысы
5. Бронхоэктаздардың дамуы
Слайд 13

Бронх тармағының зақымдануы Проксимальді бронхит - ірі бронхтардың басым зақымдануы.

Бронх тармағының зақымдануы
Проксимальді бронхит - ірі бронхтардың басым зақымдануы.
Созылмалы дистальді бронхит

– ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың зақымдануы. Созылмалы дистальді бронхит, обструкциялық синдроммен жүреді.
Слайд 14

Клиникалық көрінісі Негізгі шағымдары: Жөтел Қақырық тастау ентікпе

Клиникалық көрінісі
Негізгі шағымдары:
Жөтел
Қақырық тастау
ентікпе

Слайд 15

Жөтел Әдетте таң ертеңгісін қимылдай бастағанда жөтелу. Бұл мукоциллиарлық транспорттың

Жөтел
Әдетте таң ертеңгісін қимылдай бастағанда жөтелу. Бұл мукоциллиарлық транспорттың түнгі

мезгілдегі шамасыздығының белгісі. Бронхиттің жаңа басталған шағында жөтел салқын, ылғалды масымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тыйылады. Кейіннен жөтел жиіленеді. Егерде ұсақ бронхтар басым зақымданса (рефлекторлы зоналары жоқ), жөтел болмайды, тек ентікпе мазалайды.
Слайд 16

Үздіксіз және булықтарып қиналдыратын қақырықсыз жөтел Ұсақ бронхтардың басылуына, кілегейдің

Үздіксіз және булықтарып қиналдыратын қақырықсыз жөтел
Ұсақ бронхтардың басылуына, кілегейдің

кідіруіне және эмфизема мен бронхоэктаздардың тез дамуына соқтырады. Мұндай жөтелдің қорғаныс қасиеті жоқ. Булықтырып, қиналдыратын қақырықсыз жөтел обструкциялық синдромның болуын және жөтелдің рефлексогендік аймақтарының қатты тітіркенуін көрсетеді.
Слайд 17

Қайтымды обструкцияның себептері Бронхтардың гиперреактивтілігінен дамитын бронхоспазм Бронхтар кілегей қабығының

Қайтымды обструкцияның себептері
Бронхтардың гиперреактивтілігінен дамитын бронхоспазм
Бронхтар кілегей қабығының вазоматорлық

ісіснуі
Кілегейдің гиперсекрециясы
Бронхиттің өршу кезінде бронхтар қабырғасының қабынып ісінуі және жасушалармен инфильтрациялануы
Слайд 18

Тұрақты бронхтық обструкцияның себептері Фиброздық өзгерістерден бронхтардың кілегей және кілегей

Тұрақты бронхтық обструкцияның себептері
Фиброздық өзгерістерден бронхтардың кілегей және кілегей асты қабықтарының

қалыңдауы.
Бронхтар өзегінің тарылуынан және облетерациялануынан ауа өтетін жолдар санының азаюы
Трахея-бронхтық гипотониялық дискинезияның дамуы-жұқарып созылған және эластикалық қасиеті жойылған трахея мен бронхтардың мембраналық бөлігінің тыныс жолдарының ішіне салбырап түсуі.
Өкпе эмфиземасы. Сау адамда бронхтардың өзегі ашық. Эмфиземада ұсақ бронхтар және бронхиолалар тыныс шығару кезінде ұлғайған альвеолалармен басылып қалады, өйткені бронхтардың қабырғасын радиальді керіп тұратын өкпенің эластикалық тарту қуаты жойылған, бронхтар қабырғасының тонусы төмендеген
Слайд 19

Қақырық тастау Кілегейдің гиперсекрециясына байланысты. Таң ертеңгі қақырық өте қою,

Қақырық тастау
Кілегейдің гиперсекрециясына байланысты. Таң ертеңгі қақырық өте қою,

тәуліктік мөлшері 50мл-ден аспайды, өршу кезінде қақырықтың іріңдігі көбейеді. Іріңді қақырық аса тұтқыр және қою, оның бөлінуі әсіресе салқын, ылғалды кезеңдерде қиындайды.
Слайд 20

Интоксикация кезінде Селқостық Субфибрильді қызба Әлсіздік Түнгі тершеңдік Жөтелдің күшеюі Көп мөлшерде іріңді қақырық

Интоксикация кезінде
Селқостық
Субфибрильді қызба
Әлсіздік
Түнгі тершеңдік
Жөтелдің күшеюі
Көп мөлшерде іріңді қақырық

Слайд 21

Перкуссия Бронхиттің жаңа басталған шағында өзгерістер байқалмайды. Эмфизема қалыптасса қорапты дыбыс, өкпе шеті қозғалысының шектеуі анықталады.

Перкуссия
Бронхиттің жаңа басталған шағында өзгерістер байқалмайды. Эмфизема қалыптасса қорапты дыбыс,

өкпе шеті қозғалысының шектеуі анықталады.
Слайд 22

Аускультация Өршу кезінде-қатаң тыныс, құрғақ және ылғал сырылдар. Бронхоспазм болса-тыныс

Аускультация
Өршу кезінде-қатаң тыныс, құрғақ және ылғал сырылдар.
Бронхоспазм болса-тыныс

шығару фаза ұзарады және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі Сырылдардың тынысты күштеп шығарған кезде күшеюі тән.
Реммисиялық фазада-везикулярлық тыныс.
Эмфизема болса-әлсіз везикулярлық тыныс.
Слайд 23

Диагностикасы Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз,ЭТЖ-ұлғаюы. Эмфизема мен тыныс жетіпеушілігінде эритроцитоз

Диагностикасы
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз,ЭТЖ-ұлғаюы.
Эмфизема мен тыныс жетіпеушілігінде эритроцитоз бен гемоглобин

жоғарлайды.
Биохимиялық анализде: көбіне қалыпты, кейде фибриногеннің, сиал қышқылдарының көбеюі және С-реактивті белоктың, дипротейнемияның болуы ықтимал.
Слайд 24

Қақырықта Нейтрофильдердің, ДНК талшықтарының саны, қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері көбейеді, ал

Қақырықта
Нейтрофильдердің, ДНК талшықтарының саны, қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері көбейеді, ал лизоцим

азаяды. Қақырық себіндісінен флораның түрін және микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Слайд 25

Рентгенологиялық зерттеу Бронхиттің алғашқы кезінде өзгерістер шамалы. Эмфизема мен бронхтардың

Рентгенологиялық зерттеу
Бронхиттің алғашқы кезінде өзгерістер шамалы. Эмфизема мен бронхтардың бойында

фиброз дамығанда өкпе эмфиземасының, пенвмофиброздың тор тәрізді көріністері және өкпе өрнегінің деформациясы анықталады.
Слайд 26

Бронхоскопия Жалпылама эндобронхиттің (катаральді, іріңді, атрофиялық, гипертрофиялық, фибриндік-жаралы) көріністер тән.

Бронхоскопия
Жалпылама эндобронхиттің (катаральді, іріңді, атрофиялық, гипертрофиялық, фибриндік-жаралы) көріністер тән.
Бронхография
Арқылы

бронхоспазмды-қыл тәрізді бронхтар, кілегейдің ірікілісін-бронхтардың толу кемістігін, бронхтың үзілуін сипаттайтын белгілерді көруге болады.
Слайд 27

Емі Этиологиялық себептерін жою Темекі тартуды доғару Кәсіптік зиянды ықпалдардан

Емі
Этиологиялық себептерін жою
Темекі тартуды доғару
Кәсіптік зиянды ықпалдардан құтылу
Инфекция ошақтарын тиімді емдеу
Тағаммен

емдеу
№ 15 стол (энергиялық сапалығы сақталған, тұзы аз, калийдің мөлшері көп)
Қақырақ кезінде белок жойылады сондықтан белокқа бай тағам және альбумин, аминоқышқылдар қоспасы (полиамин, нефрамин, альвезин) тамшылатып енгізіледі.
Имя файла: Созылмалы-бронхит.pptx
Количество просмотров: 54
Количество скачиваний: 0