Жаңа туған балаларда кездесетін сарғаю синдромы презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары:
I.Кіріспе
Сарғаю синдромына жалпы түсінік.
II.Негізгі бөлім
Сарғаю түрлері, оның

клиникалық маңызы;
Сарғаю дәрежелері;
Емі;
III.Қорытынды.

Слайд 4

Америкадағы жүргізілген зерттеулер бойынша 35000 жаңа туылған нәрестелердің 68%-да туған кездегі бірінші

аптасында сарғаю пайда болған,бірақ қан сарысуындағы билирубиннің мөлшері 205-221 мкмоль/л-ге (12,0-12,9 мг%) дейін көтеріледі.Солардың ішінде жетілген жаңа туылған 4,5-6,2% нәрестенің дене салмағы,2500 г төмен болғанда нәрестелердің 10-20% -ның билирубин мөлшері 257мкмоль/л болған.
Нәрестеде физиологиялық сарғаю кезінде билирубиннің мөлшері қан сарысуында 3-5 күндей болады.

Слайд 5

Сарғаюдың негізгі клиникалық симтомдарына: тері жамылғысының кілегей қабаттының сарғаюы,анемия, бауыр мен талақтың

ұлғаюы жатады. Ауыр жағдайда-геморрагиялық синдром,орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады.
Сарғаю, әдетте туғаннан кейін, сирек екінші тәулікте пайда болады және қарқынды тез өршиді, яғни билирубиннің сағаттық өсуі 3,5 мкмоль/л жоғары болады.
Егер сарғаю туғаннан кейін бірден байқалса, қағанақ суы мен нәрестенің туған кездегі беткей алғашқы жағындысы сарыға боялған болса, аурудың ақыры қолайсыз болып саналады.

Слайд 6

Жаңа туған балалардағы сарыаурудың патогенетикалық жіктелісі

Слайд 8

Жаңа туған балаларда жиі болатын типтері

Слайд 9

Сарғаю түрлері:

Паренхиматозды

Механикалық

Гемолитикалық

Слайд 11

Паренхиматоздық сарғаю. Бауыр клеткалары зақымдалғанда,яғни вирусты токсикалық гепатит,бауыр циррозы,сепсис ауруларында пайда болады.Баланың

терісі,кілегей қабықтары сарғайып,лимон тәрізді немесе қызғылт түсті болады.Нәжісі ағарып,зәрі қара-қоңыр түстенеді. Паренхиматозды сарғаюда қанда байланыспаған билирубиннің есебінен, жалпы билирубин көбейеді.Зәрдегі уробилиннің мөлшері көбейіп, нәжістегі стеркобилин азаяды.

Слайд 13

Механикалық сарғаю-өт жолдары ісікпен немесе лимфа түйіндерімен басылып қалғанда,өт жолдарының атрезиясында,өт жолдарында

ұсақ тастар қалғанда өт қабы қабынғанда байқалады.Қанда байланысқан билирубин көбейеді.Несепте байланысқан билирубин пайда болады да, уробилин болмайды. Нәжісте стеркобилин болмайды,не өте аз болады.

Слайд 15

Гемолитикалық сарғаю.Гемолитикалық анемия, іштен туа біткен гемолитикалық ауру,гемолезге әкеліп соқтыратын улармен улану.Қанда

бос фракциясы көбейген гипербилирубинемия байқалады да, несепте уробилин мөлшері көбейеді. Нәжісте стеркобилин көп болғандықтан,оның түсі қара қоңырланады және гепатоспленомегалия пайда болады.

Слайд 17

Жаңа туған нәрестенің сарғаю дәрежесінің бағалау үшін Крамер шкаласын қолданады:
Сарғаюдың 1-ші

дәрежесі-мойынмен бет терісінің сарғаюы.
Сарғаюдың 2-ші дәрежесі-сарғаю кіндікке дейін жетеді.
Сарғаюдың 3-ші дәрежесі-кіндігінен тізе буындарына дейін.
Сарғаюдың 4-ші дәрежесі- тізеден төмен және өолдарын қамтиды.
Сарғаюдың 5-ші дәрежесі-алақан мен табанның сарғаюы.

Слайд 19

Сарғаюдың дәрежесіне сәйкес, қандағы билирубиннің деңгейі 1 дәрежесінде 53 мкмоль/л, 5 дәрежесінде

- 400 мкмоль/л шамасында қанда билирубииің өсуі билирубиндік уыттануға әкеліп соқтырады. Осы кездерде баланың жағдайы нашарлайды, ол енжар, ұйқышыл, физиологиялықбейнелістері тежеледі. Аурудың өтуі барысының, 3 – 4 тәулігінде тіке емес билирубиннің мөлшері қауіпті деңгейге (ЖТН – 307 – 341 мкмоль/л, ШТН – 170 – 204 мкмоль/л) жетіп, ядролы сарғаю синдромы пайда болады. Әдетте ол мынандай белгілермен айқындалады шүйде бұлшықетінің тартылуы,құрысулар, Грефе синдромы, көз алмасының “күн бату” синдромы және т.б.

Слайд 21


Билирубин – протопорфирин кальциген катоболизімінің ақырғы өнімі. 1 г гемоглабиннен төмендегенде

34 мг билирубин түзіледі.
Ересектерде сарғаю билирубиннің 25 мкмоль/л шамасында, ал жетілмеген жаңа туіан нәрестелерде 85 мкмоль/л, ал жетілген нәрестелерде 105-120 мкмоль/л деңгейінде болады.

Слайд 22

Күні жетіліп туылған балаларға арналған билирубиннің қауіпті деңгейі:
Кіндік қанында-60 мкмоль/л
Өмірінің

24 сағатында – 150 мкмоль/л
Өмірінің 48 сағатында – 240(Rh үйлесімсіздікте)
-270(ABO үйлесімсіздікте)
Өмірінің 4 күні – 265 мкмоль/л (үйлесімсіздікте)
-300 мкмоль/л (ABO үйлесімсіздікте)

Слайд 23

Билирубинді энцефалопатияның пайда болуына түрткі болатын оның қауіпті деңгейлері:
Күні жетіп туылғандар

– 307 -340 мкмоль/л
Шала туылған нәрестелерде – 171 – 255 мкмоль /л

Слайд 25

Ажыратып анықтау
1 ЖТН физиологиялық сарғаюы бауырдың глюкоуронилтрансферазды жүйесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын

шекаралық жағдай.Сарғаю үшінші тәлікте пайда болады. Нәрестенің жалпы жағдайы өзгермейді,гепатоспленомегалия мен анемияның белгілерң болмайды.Тіке емес билирубиннің ең жоғарғы мөлшері 4-5 күні байқалады.Сарғаю 2аптаның ішінде жойылады

Слайд 26

2Туа пайда тұқым қуалайтын коньюгациялық сарғаю:Криглер-Наджар синдромы - негізінде бауырдың глюкоуронилтрансферазды белсенділігінің

толық төмендеуінен өрбейтін ауру(тіке билирубин түзілмейді).Сарғаю Бірінші тәулікте пайда болып тез күшейеді де,ақшыл нәжіс пен түссізденген несеп қатар жүреді.Бірнеше күндерден кейін несеп пен нәжіс түсі өзгереді, бұл уробилиногеннің барлығын білдіреді.

Слайд 27

3 Бауыр паренхимасының зақымдануларымен өтетін сарғаюлар. Бұл аурулар тобына жататындар: құрсақішілік инфекциялардың (цитомегалия,

герпес, коксаки вирусы, токсоплазмоз, мерез және т.б.), сепсис кезіндегі бауырдың зақымдалуынан, бауырдың улы-дәрілік зақымдалулардың (тетрациклин, эритромицин, линкомицин және т.б) әсерлерінен болатын неонатальды гепатиттер. Бұл аурулардағы сарғаю сұр түсті, көбінесе туғаннан кейін немесе өмірінің 2-3-ші аптасында пайда болады. Бауыр, талақ ұлғайып тығыздалады. Нәжісі әлсіз боялады. Анық қансыраудың белгілері пайда болады. Нәрестелерге улану белгілері, ОНЖ зақымдалуы, салмақты аз қосуы, іштің ұлғаюы тән. Мұндай балаларда әдетте салмақ қоспайды, гипотрофияның белгілері болады.

Слайд 28

4 Механикалық сарғаюлар бауырдың өт шығарғыш өзегінде өт кідірісінің салдарынан пайда болады.Оған

тән: бауыр, талақ ұлғаю, қанда тіке билирубиннің көбеюі, нәжістің ағаруы,зәрдің анық болуы. Бұларға жататындар: өттің қоюлану синдромы, өт шығару жолдарының атрезиясы, өт жолдарының сыртынан жаншылуы.

Слайд 29

Емі. Нәресте организімінен гемолиздің уытты өнімдерін, алдыменен тіке емес билирубинді, залалды гемолитикалық

өзгерістердің жалғасуына себепкер антиденелердғ тез шығруға бағытталуы керек, сонымен қатар түрлі ағзалар мен жүйелердің, әсіресе бауыр мен бүйрек қызметтерінің мүмкіншілігін арттыру басты ем шаралар болып саналады. Қазіргі таңда ең негізгі емнің нәтижелі әдісінің бірі – фитотерапия. Сонымен қатар диета сақтау.

Слайд 32

Пайдаланылған әдебиеттер
1 Әбдірахманов Қ.Б. “Неонатология” Ақтөбе,2010жыл
2 Түсіпкалиев Б.Т. “Балалар ауруларының пропедевтикасы” Ақтөбе,2010жыл

Имя файла: Жаңа-туған-балаларда-кездесетін-сарғаю-синдромы.pptx
Количество просмотров: 21
Количество скачиваний: 0