Зәр шығару жүйесі презентация

Слайд 2

Зәр шығару жүйесі Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық

жағынан тығыз байланысты келеді. Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті ағзадан шығару болса, жыныс жүйесі (тірі ағзаның бір белгісі) көбею функциясын атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. Себебі ер адамдарда зәр шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп, жалпы ортақ жол құрайды. Ал әйел адамдарда екі жүйенің жолдары екі бөлек болғанымен, ортақ несеп-жыныс аппаратын түзеді және-бірімен өте тығыз байланыста жатады.
Слайд 3

Слайд 4

Зәр шығару жүйесі Зәр шығару мүшелеріне несепағар(ureter) Бүйрек(ren,nefros) қуық(vesica) жатады.

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару мүшелеріне несепағар(ureter)
Бүйрек(ren,nefros)
қуық(vesica)
жатады.

Слайд 5

Зәр шығару жүйесі Зәр түзуші мүше Зәр шығарушы мүше Зәрағар Қуық Зәр шығару өзегі Бүйрек

Зәр шығару жүйесі

Зәр түзуші мүше

Зәр шығарушы мүше

Зәрағар

Қуық

Зәр шығару өзегі

Бүйрек

Слайд 6

Бүйрек Бүйрек (почка,ren,nefros). Құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасқан.

Бүйрек

Бүйрек (почка,ren,nefros). Құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Бір-біріне

бас жақтарымен жақын жатады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен жатады. Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төменірек жамбас ішінде түсе жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамдарда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді.
Слайд 7

Hесепағар(ureter) Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8

Hесепағар(ureter)

Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8 мм

болатын бүйрек қуысы мен қуықты жалғайтын ұзын түтік. Несепағардың ішкі бөлігі (pars abdominalis) үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі (pars pelvica) жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен, мүшенің интрамуральды бөлігін (pars intramuralis) жасай қуық түбіне өтеді. Несепағар 3 жерден тарылу түзеді: (3-4 мм) бүйрек қуысьшан несепағарға шығатын жерінде, іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың қуыққа өтетін жерінде болады. Несепағар қабығы шырышты, бұлшықеті және дәнекер қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa), эпителиймен қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы (tunica muscularis) жоғарғы бөлімінде 2 қабаттан — ішкі және сыртқы циркулярлы, ал төменгі бөлімінде 3 қабаттан — ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады. Бұлар несептің бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді. Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен (tunica adventitia) жабылған.
Слайд 8

Қуық(vesica) Несепқуық (vesica urinaria cystis; сурет 158) тақ қуыс мүше,

Қуық(vesica)

Несепқуық (vesica urinaria cystis; сурет 158) тақ қуыс мүше,

көлемі 700-800 см3, жамбас астауының түбінде орналасқан, оның пішіні несептің толуымен байланысты. Алдынан қасаға симфизі, еркектерде артқы жағынан ұрық бездері және тік ішек орналасқан, ал әйелдерде — жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасқан. Қуық өзінің төменгі бөлімі арқылы жамбас түбіне жанасады. Денесі (corpus vesicae), түбі (fundus vesicae), мойны (cervix vesicae) және ұшы (apex vesicae) болады.
Имя файла: Зәр-шығару-жүйесі.pptx
Количество просмотров: 37
Количество скачиваний: 0