Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері презентация

Содержание

Слайд 2

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері

Ақпараттық құзіреттілік- студенттерге тері, оның құрылысы және атқаратын қызметтері туралы.
Коммуникативті құзіреттілік-

әңгімелесу, электрондық оқулық, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабаты түсіндіру.
Проблеманы шешу- тері тақырыбы төңірегінде туындайтын сұрақтар.

Слайд 3

Тері

І. Қызметі

ІІ. Гигиенасы

Слайд 4

Тері қабаттары

Терінің қосалқы түзінділері

Слайд 5

Сыртқы қабат –
эпидермис

Нағыз тері –
дерма қабаты

Шел қабаты

Слайд 6

Тері – дененің сыртқы жабыны. Тері - негізгі үш қабаттан тұрады. Сыртқы

қабат, нағыз тері қабаты және шел қабаты.
1. Сыртқы қабат – эпидермис көпқабатты эпителий ұлпасынан түзілді. Оның терең қабатында пигмент болады, терінің түсі осыған байланысты. Эпидермистің қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайды. Ол қысым көп түсетін және көп үйкелетін жерлерде (алақанда, табанда ) қалыңдау болады.Ол үнемі түлеп, тереңірек орналасқан жасушалардың есебінен жаңарып отырады. Эпидермис өлі, мүйізденген жасушалардан тұрады. Балалардың тері эпидермисі өте жұқа болады.

Слайд 8

2. Ортаңғы қабаты – дерма
немесе нағыз тері орналасқан.
Онда жүйке талшықтарының ұштары

мен
қан тамырларының жиі торы орналасқан.
Балалар мен жасөспірімдерде нағыз
тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май
және тер бездері, түк түбірі орналасады.

Слайд 9

3. Шел қабаты – терінің ең терең қабаты.
Ол жұмсақ дәнекер ұлпасынан және
жасушалардың

шоғырынан тұрады. Ол
“төсеніш” қызметін атқарады. Қоректік
заттардың және энергияның “қоймасы”
болып есептеледі.

Слайд 10

Май бездері – нағыз теріде түк түбірлерінің
маңында орналасады. Алақан мен табанда
мүлдем болмайды.

Адам тәулігіне 20 гр
дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,
жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсар-
тып оған жылтыр рең береді.
Тері бездері - нағыз терінің терең қабатын-
да және шел қабатында болады. Олар
шумаққа оралған түтікшелер болып табы-
лады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп
шығатын тер түзіледі. Олар табанда, ала-
қанда көп болады. Әдетте тер аздаған
мөлшерде бөлініп отырады да , сол сәтте
терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған
ортаның температурасы жоғарылағанда
немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну
күшейеді.

Слайд 11

Түктер – бұл тері түзінділері. Олар
жануарлар сыртында өсетін ерекше түзіліс.
Олар терінің бетінде

көлбеу орна-
ласқан. Әрбір түктің түбірі мен өзегі
болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.
Кез-келген түкте бірыңғай салалы
бұлшықет талшығы, эфференттік жүйке
ұштары және қан тамырлары болады.

Слайд 12

Қорғаныштық

Жылу реттеу

Слайд 13

Қорғаныштық

Тері барлық ұлпалар мен мүшелерді механикалық зақымданудан сақтандырып, ағзаға бөгде заттардың, ауру

тудыратын микроағзалардың енуіне жол бермейді. Тірі ағзаны өтпе сәулелердің артық мөлшерінің зиянды әсері-
нен қорғайтын қоңыр пигмент жасап шығарады. Теріде балалардың мешел ауруының дамуына кедергі жасайтын Д дәрумені түзіледі.
Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуды қабылдайтын әртүрлі рецепторлар болады. Олар адамды жарақаттанудан, күюден, үсуден сақтайды.Тері сезімталдығы ағзаның қоршаған ортамен өзара байланысында маңызды роль атқарады. Тері сезімталдығынан айырылса, адам көп жарақаттанады, себебі ешнәрсені сезбейді. Сонымен қатар терінің бактерияны жою қабілеті бар. Таза тері микроағзаларды жоятын зат –лизоцим жасап шығарады.

Слайд 14

Тыныс алу

Жылу реттеу

Слайд 15

Терминдермен жұмыс

Эпидермис – терінің сыртқы өлі жасушалар жиынтығынан тұратын қабаты. Эпителий – терінің сыртқы

эпидермис қабатын құрайтын ұлпа.

Слайд 16

Ауру тудыратын

микроағзалар

Слайд 17

Гигиенасы

Имя файла: Құзіреттілікке-жеткізетін-мақсат-міндеттері.pptx
Количество просмотров: 46
Количество скачиваний: 0