Сырдария аграрлы – техникалық колледжі презентация

Содержание

Слайд 2

Сыртқы аудит нәтижелері бойынша білім беру қызметін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберіндегі
ЕСЕБІ
07.12.2020

- 11.12.2020
Мекен –жайы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Тереңөзек кенті,
Ғ.Мұратбаев №95А

«Сырдария аграрлы – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Слайд 3

МАЗМҰНЫ

Слайд 4

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

1969 жыл – "Сырдария аграрлық-техникалық колледжі" колледжінің ашылуы»
1972-1973 оқу

жылынан училище негізінен механизатор мамандарын даярлауға көшті, сол жылдары оқушылар саны 300 жетті.1976 жылға дейін Тереңөзек кентінің орталығындағы типтік үлгідегі училище корпусына көшті.Училищеде 500 оқушы ауылшаруашылық жұмыстарының механизаторы мамандығы бойынша білім алды.
* 1977-1985 жылдары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Алданазаров Сақыбек кәсіптік-техникалық мектептің директоры болды.
* 1985-1989 жылдары Қуаныш Татанов жетекшілік етті.
* 1989-1999 жылдары училищені Балмағанбетов Сражадин басқарды.
* 1999-2011 жылдары кәсіптік лицейді Ғафур Үдербаев басқарды.
* Қазіргі уақытта колледж директоры Қожахметов Дархан Сейдалыұлы болып табылады.
* 2009 жылы №10 кәсіптік лицей болып қайта құрылды
*2012 жылы Сырдария аграрлық-техникалық колледжі болып қайта құрылды.

Слайд 5

Миссиясы: «Бәсекеге қабілетті білімді жастарды даярлау және экономика саласының қажетті мамандарды қанағаттандыру"
Пайымдауы: "Сырдария

аграрлық-техникалық колледжі" - ТжКББ мамандарын даярлайтын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Колледждің білім беру бағдарламасының мақсаты-білім беру және тәрбие процесіне құзыреттілік тәсілді енгізу негізінде өз бетінше дамып келе жатқан және іске асырылатын тұлғаны құруға қабілетті білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
1.Тәжірибенің заманауи талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ету;
2.Шығармашылық жұмысты орындайтын оқытушылар құрамын қалыптастыру;
3.Оқу-практикалық үдерісті ұйымдастыруды жетілдіру;
4.Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жіберу.

Слайд 6

Басқару және менеджмент

Қожахметов Дархан
Сейдалыұлы

Колледж директоры: Қожахметов Дархан Сейдалыұлы
Жалпы еңбек өтілі: 35

жыл
Білімі: Жоғары, 1991-1996ж 7 маусым, КарГУ «Психология» Психолог оқытушы; Қарағанды қаласы 14 маусым,1996 жыл; ЖБ-ІІ № 0108734; Тіркеу № 24
Еңбек жолы:
Қожахметов Дархан Сейдалыұлы 1969 жылы 18 маусым айында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында дүниеге келіп, 1986 жылы № 130 Абай атындағы орта мектебін бітірген. 1987 – 89 жылдары Кеңес әскері қатарында міндетін атқарған.
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне «Психология » факультетіне оқуға түскен. Университетті ойдағыдай 1996 жылы бітіргеннен кейін , ең алғашқы еңбек жолын 1996 – 2000 жылдар аралығында «Алматы қалалық мұғалімдер біліктілігін арттыру» институтында психолог болып қызмет атқарған.
2000 жылы № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектепте Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, ұйымдастырушысы болып қабылданған.
2001 – 2002 жылдар аралығында «Жалын» тынығу лагерінде директор қызметін атқарған.
2007 жылы № 130 Абай атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалған.
2012 жылдан бастап «Cырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметінде.
Марапаттары: 2018 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Д.С.Қожахметов Республикалық «Білім жолы- Нұрлы жол» журналының ұйымдастырған шығармашылық конкурста «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Слайд 7

Колледждің ТжКБ саласындағы жобаларға қатысу деңгейі:
- 2019 жылы колледж «Жас Маман» жобасына

қатысты.
- Колледж екі мамандық бойынша дуальді оқыту жүйесіне көшкен: 1504000- «Ферма шаруашылығы», 1114000 – «Дәнекерлеу ісі»
- «WorldSkills Kazakhstan» стандарттарын оқу бағдарламаларына қосқан.
-Қызылорда қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2019» байқауының облыстық чемпионатына колледжден «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша ІІІ курс білім алушысы қатысып жүлделі ІІ орынға ие болып, 40 000 тенге сертификат және дипломмен марапатталды, жетекшісі өндірістік оқу шебері М.Ғаниқызы. Аталған облыстық чемпионатқа «Дәнекерлеу ісі» құзіреттілігі бойынша ІІІ курс білім алушысы Айтбаев Мерлан қатысты, жетекшісі Б.Прмаганбетов, «Тігінші-пішуші» құзіреттілігі бойынша ІІ курс білім алушысы Жапбарова Гүлсая қатысты, жетекшісі А.Қожахова.
Сырдария аграрлы - техникалық колледжінің Істуденті Раппазадаева Кәмшат "Сән технологиясы" құзіреттілігі бойынша "WorldSkills Kyzylorda -2020" VI аймақтық кәсіби Чемпионатының облыстық кезеңінде қатысып, Қожахова Алтын жетекшілігімен Алғыс хатпен марапатталды.
Сырдария аграрлы - техникалық колледжінің ІІІ курс студенті Дышкант Михайл "Кірпіш қалау" құзіреттілігі бойынша "WorldSkills Kyzylorda -2020" VI аймақтық кәсіби Чемпионатының облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленіп, жетекшісі Таңсықбаев Нұрхан осы Чемпионатта сарапшылық жасағаны Алғыс хатпен марапатталды.

Слайд 8

Басқару және менеджмент

Слайд 9

Білім беру бағдарламалары

Слайд 10


Әлеуметтік серіктестер  

Слайд 11

Колледжде дуалды оқытуды енгізу

2019 жыл
Мамандығы: 1114000 - «Пісіру ісі (түрлері бойынша)»

- 22 студент
Біліктілігі: 1114063 – «Техник- механик»

Дуальді оқыту туралы келісім шарттардың саны -3

2020 жыл - Мамандығы: - 1504000 «Ферма шаруашылығы» - 20 студент
Біліктілігі: 1504062 «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы машинист»

Үш жақты келісім шарттың саны - 12

Слайд 12

ИПҚ жас мөлшері бойынша мәліметтер

ТжКБ біліктілік талаптарына сай педагог қызметкерлердің сандық,
сапалық құрамының көрсеткіштері

ТжКБ

біліктілік талаптарына сай педагог қызметкерлердің сандық,
сапалық құрамының көрсеткіштері


Педагогикалық қызметкерлер

Слайд 13

Жас мамандармен жұмыс деңгейі

Сырдария аграрлық-техникалық колледжінде «Жас маман» мектебі жұмыс жасайды. Қазіргі таңда

колледжде екі жас маман бар. Олар: педагог-психолог А. Ж. Асанова - тәлімгері тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Искакова . Екінші жас маман дене шынықтыру пәні оқытушысы А. М. Сейдалиев, оған тағайындалған тәлімгер дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А. В. Федотов.
Тәлімгерлер құжаттаманы толтыру үлгілерін көрсете отырып, жас мамандарға арналған жоспарға сәйкес жұмыс жасайды. Сонымен қатар озық тәжірибелі мамандар жас мамандарға арнап семинар, тренинг, ашық сабақтар өткізеді.
Жас мамандар өздерінің біліктілігі мен сауаттылығын көрсете отырып , студенттермен тығыз қарым- қатынас орнатуда.

Слайд 14

Республикалық,жергілікті БАҚ , баспаға шығу деңгейі

САТК жоғары санатты өндірістік оқу шебері Қожахова Алтын

Елбасының«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»бағдарламасына орай жазылған таңдаулы мақалалар жинағы Әдістемелік жинақ.Кітап Кітап Қызылорда қаласы,2018жыл.

45minut.kz Республикалық басылым Информатика пәнінің М.Мығымбаева Операциялық жүйенің негізгі нысанлары мен оны басқару. Алматы,2019ж

САТК өндірістік оқу шебері Жандос Идрисов Оқу үрдісінде өндірістік оқыту сабақтарын ұйымдасутыру туралы «Техникалық және кәсіптік білім» ақпараттық –әдістемелік журнал №2 (41) 2020 жыл

Аудындық «Тіршілік тыныс» газеті

«Білімді ел» республикалық білімдік қоғамдық саяси газеті

Слайд 15

Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу және жетістіктері

Соңғы жылдары

қашықтықтан оқыту жағдайында ұйымдастырылған олимпиадалар, байқауларға қатысу арқылы көрсеткіш жоғары деңгейге көтерілді.

«WorldSkills Kazakhstan-2020» облыстық байқауы

«WorldSkills Kazakhstan-2018» республикалық байқауы

«Педагогика саласының үздігі»республикалық журнал

«Үздік жалпы пән оқытушысы-2018»

«Үздік өндірістік оқыту шебері -2018»

«Үздік жалпы пән оқытушысы-2018»

Жаңашыл педагог

Облыстық волейболдан
ер балдар ІІ орын -2019жыл

Аудан әкімінен АЛҒЫС

Слайд 16

БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС БАРЫСЫ

Колледжде 2020-2021 оқу жылына дайындық барысында «Жаңартылған білім

беру» бағдарламасы бойынша барлық оқытушылар біліктіліктерін көтерді.
2019-2020 жылғы біліктілік арттыру көрсеткіш деңгейінің жоғары болу себебі оқытушылардың ізденімпаздығы нәтижесінде
КЕАҚ «Талап» ұйымдастырыған http://kasipkor.kz/ сайтындағы біліктілікті арттырудың қашықтықтан оқыту курстарын оқу нәтижесін.де өсіп отыр.

Слайд 17

Білім алушылар

Колледж білім алушыларының контингенті

Қабылдау

Соңғы жылдары қабылдау санының азаюы, демографиялық өсімнің азаюымен

байланысты.

Слайд 18

Осал топтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар

2018-2019 оқу жылында колледжде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім

алушы болған жоқ, 2019-2020 оқу жылында – 1 білім алушы және 2020-2021 оқу жылында – 3 білім алушы.
2018-2019 оқу жылында мүгедек және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға әлеуметтік қолдау (қыстық сырт киім, қыстық аяқ киім) көрсетілді.
Қазіргі таңда аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларға бір күн құрғақ тамаққа 346,80 теңге, 2 МРП көлемінде жолақы төленеді, ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға шәкіртақыларына 30% қосымша төленеді.

Слайд 19

Білім алушылар контингентінің сақталу пайызы

Отбасы жағдайына, әскерге шақыруына және басқа елді- мекенге көшіп

кетулеріне байланысты контигентті сақтау мүмкін болмады.

Слайд 20

Бітіруші түлектер көрсеткіші  

Слайд 21

Білім алушылар

2017-2020 жылдардағы сапа үлгерімінің қорытындысы

Слайд 22

Білім алушылар жетістіктері  

Республикалық олимпиадалар

«WorldSkills Kazakhstan» облыстық байқауы

«Жас өнертапқыш- 2018»
облыстық байқауы
Ыдырыс

Мағжан

«Жас өнертапқыш- 2019»
облыстық байқауы.
Лавров Николай

Слайд 23

Мамандық бөлінісінде және жалпы жұмысқа орналасу деңгейі

Слайд 24

Білім беру ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі

Бас ғимарат

Жатақхана ғимараты

Медициналық кабинет

Кітапхана

Спорт зал

Слайд 25

Колледж ғимараттары  

Аудиториялық қор



Білім беру ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі


Слайд 26


Егіс алаңдары және мал шаруашылығы 

Қазіргі уақытта колледжде қосалқы мал шаруашылығы бар. Онда

17 бас ірі қара мал, малшының жеке жылқысы бар. Шағын фермада колледж студенттері күзгі және көктемгі тағылымдамадан өтеді. 2020 жылы біз қауын, қарбыз, картоп егу арқылы ішкі өнімге 600 мың теңге түсірдік. Осы қаражат есебінен біз шағын фермадағы малшының отбасына ай сайын жалақысы төленеді.

Слайд 27

Колледждің шеберханалары мен зертханалары

Тракткор зертханасы

Тас қалаушы зертханасы

Компьютер кабинеті

Аспаз ісі кабинеті


Тігін шеберханасы

Пісіру ісі шеберханасы

Математика кабинеті

Токарь шеберханасы

Слайд 28

Сыртқы сараптау топ мүшелері ,колледж директоры және орынбасарларымен бірге оқу кабинеттерін, шеберханаларды,

зертханаларды, практика өтетін мекемелерді аралау сәтінен

Слайд 29

Колледждің кітапхана қоры

Ақпараттық ресурстар

Слайд 30

Сырдария аграрлық-техникалық колледжі студенттерінің өмірі

“Жас ұлан” әскери-спорттық клубы

“Ән-хор” үйірмесі

“Жастар” комитеті

«Волейбол» үйірмесі

“Еріктілер” клубы

«Жас химик»

еріктілер клубы

Слайд 31


Сұхбат барысында

Директордың орынбасарларымен
сұхбат

Құрылымдық мүшелерімен сұхбат

Директормен сұхбат

Оқытушылармен сұхбат

Слайд 32


ССТ мүшелерінің ашық сабақтар мен іс-шараларға қатысуы 


Слайд 33

Ішкі сапаны қамтамассыз ету жүйесі

Сапаны қамтамасыз ету үшін студенттерді үздіксіз аттестациялау жүргізіледі.

Бұл ағымдық және қорытынды рейтингті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ағымдық және аралық және қорытынды бақылауоқу жоспарына, оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бағалаудың ашықтығы мен объективтілігі үшін оқу журналы жүргізіледі.Білімді ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, қорытынды аттестацияны өткізу тәртіптерін қарастыратын студенттер білімін бағалау белгілері мен әдістері Анықтамалық-нұсқаулықта және колледж сайтында берілген.Студенттердің білімін бағалау үшін бақылаудың үш түрінен тұратын сандық бес баллдық бағам қолданылады – ағымдық, аралық және қорытынды. Ағымдық бақылау білім алушылардың білімін, қабілеттері мен дағдыларын бақылаудың әр түрлі әдістері арқылы тексеру түрінде іске асырылады: бұл ауызша сұрау, қорытынды жұмыстар, жеке үй жұмыстары, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б. Суденттер білімін аралық және қорытынды бақылауды қабылдау алдын ала құрастырылған және студенттер мен комиссия мүшелеріне хабарланған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Студенттерді аралық аттестациялау кезеңі колледжде емтихан сессиясы деп аталады, ол академиялық кезеңде білім алушының оқу жетістіктерін, алған теориялық білімі мен олардың тәжірибеде пайдалануын бағалау формасы болып табылады.
Директор және орынбасарлары колледж студенттерімен кездесулерді тұрақты түрде өткізеді және осының арқасында жастар оқу-тәрбие үдерісі жағдайларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айту мүмкіндіктері бар. Кездесуде кез- келген өзекті және басқа да сұрақтар ашық түрде талқыланады, туындаған мәселелер жедел шешіледі. Колледж қызметін бағалау студенттердің оқыту сапасы туралы пікірлерін қамтиды. Жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері бойынша колледж әрі қарай дамыту бағдарламаларын жасауда, мамандар даярлау сапасын жетілдіру бойынша іс-шаралар қабылдауда кеңінен қолданылады. Барлық оқу корпустары мен жатақханаларда сенім телефондары ілінген және шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер орнатылған, колледж сайты арқылы кез келген сұрақты қоюына болады.Емтихан нәтижелері (қорытынды және аралық аттестация) бойынша апелляция жүргізу үшін колледж директорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция рәсімдері келесі регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады:1) білім алушы апелляциялық комиссияға өзі емтихан нәтижелері жарияланған күннен келесі күні комиссиялық қарауды талап ететінпән атауы мен билет нөмірін көрсету арқылы өтініш береді, яғни емтихан, тапсырмалар сұрақтары бойынша шағым мазмұнын және басқа да жағдайларды көрсетуі тиіс;2) шағым апелляция берілген сәттен бастап бір тәулік ішінде апелляциялық комиссиямен қарастырылады және апелляцияның орындылығы туралы шешім қабылданады;3) апелляция;4) апелляция нәтижелері хаттамада белгіленіп, тізімдемеге енгізіледі.

Слайд 34


Қоғамды ақпараттандыру 


Оқу-тәрбие процесін ақпараттық қолдау, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету

мақсатында мәліметтер Сырдария аграрлық-техникалық колледжінің ресми сайтында орналастырады https://syragrocollege.kz/ . Колледждің фейсбугтегі парақшасы жүргізілуде https://www.facebook.com/profile.php?id=100036149790314

Слайд 35

Сыртқы сараптау комиссиясының мүшелері

 

Сарсенбаева Гаухар Сарамановна – "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдіскері.Қызылорда облысы,Қазалы ауданы.

Сыртқы сараптау тобының жетекшісі: Абдыхалыкова Айнур Шырынхановна, Шымкент қаласы білім басқармасының “Индустриалды-техникалық колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары. Шымкент қаласы

Сарапшылар тобының мүшелері:Байтуреева Айгерім Шарипбековна – "Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі"  КМҚК директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары. Түркістан облысы

Мархабай Қамбар Бағдатұлы – "Жалағаш индустриалды –аграрлық колледжі" КМҚК 0901022 – Электр станцияларының электр жабдықтарын жөңдейтін элетромонтер мамандығы бойынша 3 курс студенті. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы.

  Сыздыков Женис Шакимбаевич – “Шаған Жер” ЖШС директоры, жұмыс беруші. Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,Тереңөзек кенті,Шаған ауылы.

Слайд 36

1 Стандарт: Миссиясы, мақсаттары және даму стратегиялары
Шешім: Стандартқа сай келеді.
Ұсыныс: Стейкхолдерлері колледждің дамуына

мүдделі, тараптарды колледждің жұмысын жүргізу барысында шараларға қатысуын жандандыру.Яғни қамқоршылық кеңеске қатысуын қамтамасыз ету.
Оңтайлы практика : ББҰ-ның мақсаттары жұмысшы біліктілілігін алушы мамандықтардың жоспары мен мақсаттары айқын.Стратегиялық даму жоспарын құруға барлық әкімшілік мүшелері қатысып, бағдарламаларды ауызбіршілікпен өз құзыреттілігіне сәйкес жұмыстарын қарқынды жүргізуге басшылары тарапынан жағдай жасалынған.
 2 Стандарт: Басшылық және менеджмент
Шешім: Стандартқа сай келеді.
Оңтайлы практика: ББҰ-ның басқару жүйесі құжаттарында құрылымдық туралы ережеде жүйелі жұмысын тапқан. Директордың оқу ісі, өндірістік оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарларының жүйелі жұмысының нәтижесінде шығарылған түрлі байқау, сайыстарды ұйымдастыру негізінде бәсекеге қабілеттілігі арттырылған. Колледж бітірушілерінің кәсіби даярлықтарына барлық инженер- педагог қызметкерлерінің ортақ жауапкершілігінің болуы.

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
институционалдық аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.

Слайд 37

3 Стандарт: Білім беру бағдарламалары 
Шешім: Стандартқа сай келеді.
 ҰСЫНЫС:барлық мамандықтар бойынша дуалдық оқытуды енгізу.


4 Стандарт: : Педагогикалық жұмыскерлер және оқыту тиімділігі
Шешім: Стандартқа сай келеді.
ҰСЫНЫС: Колледж өз тарапынан оқытушыларға белгілі бір облыстық,республикалық,халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орын алған жағдайда еңбегін бағалап, мотивация ретінде сыйақы берілсе;

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
институционалдық аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.

Слайд 38

5 стандарт: Білім алушылар
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
ҰСЫНЫС: Енбек нарығының талаптарына сай колледждің кәсіби

бағдарлау жұмыстарына көңіл бөлу және жұмыс жасау;
6 стандарт: «Ресурстар: материалдық-техникалық, қаржылық, кітапханалық және ақпараттық»
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
ҰСЫНЫС:
- Білімалушылар мен оқытушылар үшін электронды кітапхана қорымен, мысалыға, РАБИС, РМЭБ іске қосылса;
- «Кәсіпқор холдингі» КЕАҚ интернет-ресурсында мемлекеттік тілде мамандық бойынша жарияланылған оқулықтар жүктеліп кітапхана қорында электронды немесе баспадан шығарылған түрде сақталса;
- Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-сынып жаратылыстану-математика бағыты бойынша алынған оқулық CollegeSmartNation.kz платформасының кітапхана бөліміне жүктелсе;
- Арнайы пән кабинеттерін жаңа технологиядағы құрылғылармен жабдықтаса және арнайы пән кабинеттерінің саны артырылса;
- Дәнекерлеу ісі бойынша арнайы пән кабинетін жабдықтау;
Арнайы және өндірістік оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешендер санынын арттыру
ОҢТАЙЛЫ ПРАКТИКА:
-колледж жағдайының қазіргі таңдағы СанПи нормаға сай келуі; жаңартылған білім бағдарламасына сай кітап қоры жаңартылған. Барлық мамандықта оқитын білімалушыларға кәсіби біліктіліктерін шыңдау мақсатында өндірістік мекеме орындарындағы әлеуметтік серіктестік мекемелердің тарапынан толыққанды жағдай жасалынған.

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
институционалдық аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.

Слайд 39

7 стандарт: Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
 ұсыныс: Білім сапасын жақсарту,

ішкі сапаны арттыру мақсатында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары студенттердің сабаққа қатысу мониторингін CollegeSmartNation.kz платформасы арқылы жүргізіп отыру керек;
Интернет желісіне қол жетімсіз шалғай-елді мекендерде орналасқан студенттер болған жағдайда, студенттер саны анықталып, колледж басшысының бұйрығы бойынша оқу материалдарының сілтемелері білім алушының мекенжайына жақын орналасқан Қазпошта бөлімі арқылы студенттерге жолданса.
 Оңтайлы практика: Оқытушылар қызметінің рейтенг ережесі бекітіліп, қорытындыланды жасалуы
8 стандарт:. Қоғамды ақпараттандыру
Шешім: Стандартқа сай келеді.
Ұсыныс:
- Колледж сайтында берілген бөлім парақшаларына толықтырулар, ағымдағы оқу жылы бойынша жоспарлар жаңартылса;
- Орыс тілінде жарияланған парақтар сілтемесі дұрыс әрі нақты орнатылса;
- Білім алушылардың білім сапасының көрсеткіші бойынша мәліметтер колледж сайтына жарияланса білім сапасының артуына, білім алушылар арасында білім деңгейін көтеруге деген ынталану, талпыну және оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік болар еді
Оңтайлы практика:
- www.facebook.com желісі арқылы коледжде өткізілген іс-шаралар, құттықтаулар уақытылы жарияланып тұр

Слайд 40

Стандарт 1 «Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі және білім беру бағдарламаларын басқару»
Шешім: Стандартқа

сәйкес келеді.
Кемшіліктері: Студенттер контнгентінің аздығы
Стандарт 2 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Стандарт 3 Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Кемшіліктері: Материалды-техникалық базаны жақсарту
Стандарт 4 Педагогикалық қызметкерлер
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Стандарт 5 Білім алушыларды бағалау және үлгерім
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Ұсыныс: - Студенттер үлгерімінің және оқыту сапасы көрсеткіштерінің тұрақты жоғары деңгейі;
-Студенттердің моральдық-психологиялық климатты жоғары бағалауы;
Стандарт 6 Білім беру ортасы
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Стандарт 7 Оқыту және білім беру
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
мамандандырылған аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.
1114000 – «Дәнекерлеу ісі»

Слайд 41

Стандарт 1 «Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі және білім беру бағдарламаларын басқару»
Шешім: Стандартқа

сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: -Әдістемелік кеңестерде, педагогикалық оқулар мен семинарларда оқытушылардың баяндама дайындау пайызын жоғарылату, себебі педагогикалық шеберлік үнемі жетілдіріліп отырылуы қажет;
-Дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестермен келесім-шарттарын көбейту.
-Арнайы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі электрондық кітаптардың жетіспеушілігі
Стандарт 2 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: -Колледждің әдістемелік қызметі қазіргі заманның талаптарына сай өзінің кәсіптік әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға педагогикалық қызметкерлерді даярлау үшін ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық негіз болып табылғандықтан, әдістемелік кабинеттің деңгейін көтеруді қолға алу;
- ИПК-мын өдірістік тағлымдамадан өткізуді қолға алу
Стандарт 3 Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: - КЕАҚ "TALAP" әзірлеген модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша, модульдік білім беру бағдарламасының құрылымына сай жұмыс жүргізу.
-Патриоттық сезімді тәрбиелеу және белсенді өмір позициясын дамыту, шығармашылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында, онкүндік аясында әлеуметтік серіктестердің қатысуымен «Мамандығым мақтанышым» конкурстарын ұйымдастыру.

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
мамандандырылған аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.
1504000 – «Ферма шаруашылығы»

Слайд 42

Стандарт 4 Педагогикалық қызметкерлер
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: -Циклдік комиссияның оқытушылары өз білімін

жетілдіру бойынша жұмыстарын жиілету.
-Фермер шаруашылығы мамандығының педагог қызметкерлері мен өндірістік оқыту шеберлері оқытудың заманауи инновациялық технологияларды қолдануда лицензияландырылған бағдарламаларды пайдалануын қолға алу.
-Оқытушылардың басылымдар мен БАҚ беттерінде жарық көрген жариялымдарының аздығы
Стандарт 5 Білім алушыларды бағалау және үлгерім
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Ұсыныс: - Студенттер үлгерімінің және оқыту сапасы көрсеткіштерінің тұрақты жоғары деңгейі;
-Студенттердің моральдық-психологиялық климатты жоғары бағалауы;
Жетілдіру бағыттары: - Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға кәсіпорындардың жетекші мамандарын тарту жұмыстарын жетілдіру.
-Модульдік оқытуға көшуге байланысты біліктілік емтихан сұрақтар тізбесін құруда модульді қалыптастыратын пән аралық байланыс орнату.

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
мамандандырылған аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.
1504000 – «Ферма шаруашылығы»

Слайд 43

Стандарт 6 Білім беру ортасы
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: -Әдістемелік материалдар жаңартылып, компьютерлік

деректер базасында енгізілген, бірақ колледждің компьютерлерін жаңарту қолға алынса.
-Зертханалар мен шеберханаларды жаңа ақпараттық-мультимедиялық жабдықтармен толықтыру жұмысын жалғастыру.
Стандарт 7 Оқыту және білім беру
Шешім: Стандартқа сәйкес келеді.
Жетілдіру бағыттары: -Оқытушылардың өздігінен білім деңгейін көтеруде, семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына, жарыстарға қатысуда белсенділік таныту

"ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
мамандандырылған аккредиттеу аясындағы өткізілген сыртқы аудит бойынша есебі
07 – 09 желтоқсан 2020 ж.
1504000 – «Ферма шаруашылығы»

Имя файла: Сырдария-аграрлы-–-техникалық-колледжі.pptx
Количество просмотров: 20
Количество скачиваний: 0