Отбасы құндылықтары презентация

Слайд 2

МАҚСАТЫ:

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі

үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Слайд 3

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын»

дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.

Слайд 4

Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең

маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады. Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі. Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте. Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.

Слайд 5

ДӘЙЕКСӨЗ

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында
бала қарызы - әдеп пен сый »

Мұхтар Әуезов

Отбасының өнегесі – Отан өнегесі
«Ұлт болам десеңіз, бесігіңді түзе»

«Бала тәрбиесі — бесіктен»
Шаңырақ сәні – сыйластық
(Халық мақалы)

Слайд 6

ОТБАСЫ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген сүйіспеншілігі

Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген мейірімділігі

Туыскандық, бірлік ұғымдарын

тудырушы

Кішкене бір мемлекеттік
орта

Барлық
ағайынды жақындастырушы

Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы

Ұрпақ
өрбітуші ерекше ұя

Имя файла: Отбасы-құндылықтары.pptx
Количество просмотров: 26
Количество скачиваний: 0