Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы презентация

Содержание

Слайд 2

Ойынның жоспары:

Топ басшыларына сұрақ
Аңықтама ашу
Сұрақ-жауап
Сөзжұмбақ
Сәйкестендіру

Слайд 3

Ойынның шарты:

Студенттер 3 топқа бөлініп,топ басшыны сайлайды.Жоспар бойынша тапсырмаларды орындап,әр кезеңнен кейіп ұпайлар

саналады. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.Соңғы 5-ші тапсырмада дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

Слайд 4

Топ басшыларына сұрақ

А)Шыңғыс хан ясылары қанша бөлімнен тұрды,оларды атап шық.
Б)Мемлекет дегеніміз не?
А)Діни

нормалар,діни нормалардың қайнарлары.
Б)Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы тарихи және психологиялық теориялар.
А)Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қандай мәселелер қамтылды?
Б)Құқықтық мемлекет дегеніміз не?

Слайд 5

Жауабы:

1.Шыңғыс хан ясылары қанша бөлімнен тұрды,оларды атап шық.
(2 бөлімнен тұрады:Билік және Жасақ)
2.

Мемлекет дегеніміз не?(Мемлекет-белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын,бүкіл қоғам атынан ішкі,сыртқы саясатты жүзеге асыратын,барлық халыққы міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын,халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.)
3. Діни нормалар,діни нормалардың қайнарлары.(Діни нормалар-түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары. Діни нормалардың қайнарлары - Құран,  Библия басқа  қасиетті кітаптар)
4. Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы тарихи және психологиялық теориялар. (Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді)
5. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қандай мәселелер қамтылды?(Мемлекеттік,әскери іс,шаруашылық,қылмыс,діни,жұртшылық,отбасы және неке мәселелері қамтылды)
6. Құқықтық мемлекет дегеніміз не?( Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны)

Слайд 6

Анықтама ашу

1
Монархия
2
Республика
3
Құқық

Слайд 7

Сұрақ-жауап 1 топ 2 топ 3 топ

Мемлекет типтерін атаңыз және қысқаша анықтама беріңіз
Құқық

нысандарын атаңыз
Әдеттік құқық дегеніміз не?
Құқықтық мәдениет дегеніміз не?
Мемлекеттің функциялары
Құқықтың негізгі функцияларын атаңыз,анықтама беріңіз
Кодифициялық құқық дегеніміз не?
Мемлекеттің негізгі нысандарын атаңыз,анықтама беріңіз
Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Слайд 8

Сөзжұмбақ

1.Жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі.(Монархия)
2.Диспозиция қашан басталады,аяқталады,нормативтік

кесім қалай орындалуы керек,осы жағдайларды көрсетеді.(Гипотеза)
3.Құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.(Санкция)
4.Мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,дамып келеді деп түсіндіретін теория.(Теологиялық)
5. Мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.(Құқық)

Слайд 9

Сәйкестендіру

Унитарлы мемлекет

Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.

Федеративті мемлекет

Зайырлы

мемлекет

Мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты

 Мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді

Имя файла: Қазақстан-территориясындағы-мемлекет-пен-құқықтың-дамуы.pptx
Количество просмотров: 45
Количество скачиваний: 0