Метрополитен презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ең алғашқы метро
2.Ең ұзын метро
3.Ең қысқа метро
4.Ең әдемі

метролар
5.Ең жаңа метролар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Ең алғашқы метро 2.Ең ұзын метро 3.Ең қысқа метро

Слайд 3

Адам саны көп, үлкен қалалардың тұрғындары үшін ең қолайлы қоғамдық көлік түрі –

метро. Көптеген елдерде метро әдеттегі көлік құралына айналған. Қоғамдық транспорт ретінде жүргіншілерге айтарлықтай пайдасын тигізіп жүрген метроның орны ерекше. Оның ерекшелігі сол, қала өміріне кедергі жасамайтын, жер астымен де, жер үстімен де жүре алатын таптырмас қоғамдық транспорт. Бір бағытқа қарай 60 мың адам тасымалдап, 80 км/сағат жылдамдыққа дейін жүруге қауқары жетеді.

Адам саны көп, үлкен қалалардың тұрғындары үшін ең қолайлы қоғамдық көлік түрі –

Слайд 4

Әлемдегі тұңғыш метро қайда салынған?

Әлемдегі тұңғыш метро бекетінің қабырғасы Лондонда қаланған. ХІХ ғасырдың

ортасында ағылшын астанасының тұрғындар саны 2 миллионға жетіп, қаланың бір нүктесінен екінші нүктесіне жету қиындай бастайды. Сондықтан 1855 жылы қала әкімшілігі жер асты транспорттық жүйесін салу туралы құжатқа қол қояды. Метроны салумен Metropolitan Railway компаниясы айналысады. Бірінші он метр тереңдікте туннельдер қазылып, кейін болаттан тірегіштер орнатылады. Сосын метро рельстері орнықтырылады.
Тарихшылардың айтуынша, метроның салынуы ағылшын астанасының қалпын түбегейлі өзгертіп жіберген. Себебі туннельдерді қазу кезінде көптеген ғимараттарды бұзуға тура келген. Нәтижеде ескі қала жаңа ғимараттармен толығады. Ең алғашқы метро 1863 жылы 10 қаңтарда Англия астанасы Лондон қаласында салынды. Оның ұзындығы 3,6 шақырым болған. Ол «Metropolitan line» деп аталды.

Әлемдегі тұңғыш метро қайда салынған? Әлемдегі тұңғыш метро бекетінің қабырғасы Лондонда қаланған. ХІХ

Слайд 5

1863 жылдың 10 қаңтарында тұңғыш метро қолданысқа беріледі. Бірінші бағыт жеті станциядан тұрып,

3600 метрге созылған. Метроны іске қосу құрметі Уэльс ханзадасы, Біріккен Корольдіктің болашақ королі Эдуард VII-ге беріліп,ол метрополитеннің бірінші жолаушысына айналады. Метроның ресми ашылған күнінде 30 мың жолаушы барар жеріне жылдам жетеді. Ал алғашқы жылда 9 миллион адам метроны қолданады. Жыл өткен сайын жолаушылар саны арта береді. 1905 жылы метроның локомотивтері электрлі құрылымға ауысып, қолайлылық сапасы арта түседі.

1863 жылдың 10 қаңтарында тұңғыш метро қолданысқа беріледі. Бірінші бағыт жеті станциядан тұрып,

Слайд 6

Бүгінде Лондон метросында 12 бағыт бар. Олардың басым бөлігі қала орталығы мен оның шеткі аймақтарын

байланыстырады. Күн сайын 3 миллион, ал бір жылда 1 миллиард адам метро қызметін пайдаланады. Лондон метросы үлкендігіне қарамастан, 24 бағытпен қозғалатын Нью-Йорк метросынан үш есе аз көрсеткішке ие.

Бүгінде Лондон метросында 12 бағыт бар. Олардың басым бөлігі қала орталығы мен оның

Слайд 7

Әлемдегі ең ұзын метро Пекин қаласында

Әлемдегі ең ұзын метрополитен Қытай астанасы Пекин қаласында

орналасқан. 442 шақырымнан тұратын Пекин метросы сізді алып шаһардың кез келген нүктесіне жеткізе алады. Қазіргі таңда әлемдегі ең ұзын метро Қытай астанасы Пекин қаласында орын тепкен. Оның ұзындығы 442 шақырымды құрайды. 1969 жылы ашылған Пекин метросында 2012 жылы жаңа бекеттер ашылып, метро ұзындығы 442 шақырымға дейін жетті. Бұған дейін бұл метрополитен ұзындығы жағынан әлемде Шанхай, Сеул, және Лондонметроларынан кейінгі төртінші орында болатын. 2004 жылдан бері жыл сайын метро бекеттерін көбейтіп, соңғы бес жылда жылына орта есеппен 60 шақырымға дейін метро ұзындығын арттырған екен. 442 шақырым болатын алып Пекин метросы 16 бағыттан және 265 бекеттен тұрады.

Әлемдегі ең ұзын метро Пекин қаласында Әлемдегі ең ұзын метрополитен Қытай астанасы Пекин

Слайд 8

Әлемдегі ең қысқа метро

Әлемдегі ең қысқа метрополитен атағы Израильдің Хайфа қаласындағы «Кармелит» метросына тиесілі екен. 1956 жылы

салынған бұл метро Израиль еліндегі жалғыз метрополитен. Оның ұзындығы небәрі 1,8 шақырымжәне 6 бекеттен тұрады. Бірінші бекеттен соңғы бекетке дейінгі жүру уақыты – 6 минут. 400 адамға арналған екі пойыз жұмыс істейді. «Кармелит» метросының ең басты ерекшелігі, бұл қоғамдық көлік жер астымен адамдарды қаланың төменгі бөлігінен жоғарғы бөлігіне тасымалдайды. Яғни, метро горизонтальді емес, вертикальді бағытта жүреді. Метро электр қуатымен емес, арнайы сым арқандар арқылы қозғалады. Адамдар арасында «бұл метрополитенді метро деп санаймыз ба, әлде жоқ па?» деген сұрақтар қойылып, көптеген талас-тартыстар болған. Дегенмен, «Кармелит» Гиннесс рекордтар кітабына «Әлемдегі ең қысқа жерасты көлігі» деген атпен енген. 

Әлемдегі ең қысқа метро Әлемдегі ең қысқа метрополитен атағы Израильдің Хайфа қаласындағы «Кармелит»

Слайд 9

Әлемнің ең әдемі метро станциялары

Танымал Βootsnall туристік порталы 2011 жылғы әлемдегі ең әдемі метро станциясы

деп танылған жер асты аялдамалардың тізімін жасаған болатын.

Әлемнің ең әдемі метро станциялары Танымал Βootsnall туристік порталы 2011 жылғы әлемдегі ең

Слайд 10

Champ-de-Mars, Монреаль, Канада

Бұл станция 1966 жылы ашылған. Виль-Мари ауданындағы сарғылт түсті Ескі Монреал желісінің

бойында орналасқан. Champ-de-Mars станциясы күн ашық кезде өте әдемі. Күн сәулелері суретші Марсель Феррон (Marcelle Ferron) салған витражға түскенде, станцияның іші таңғажайып бақтай жайнап кетеді.
Монреаль метросының билет құны: 2,75$=399 теңге

Champ-de-Mars, Монреаль, Канада Бұл станция 1966 жылы ашылған. Виль-Мари ауданындағы сарғылт түсті Ескі

Слайд 11

Central Park, Гаосюн, Тайвань

Бұл станция қызыл жол бойында орналасқан. Станция атауы жақын маңда орналасқан орталық

саябақтың құрметіне қойылған. Көк шалғынға ұқсайтын екі деңгейлі станция сәулетімен британ сәулетшісі Ричард Роджер (Richard Rogers) айналысқан.

Central Park, Гаосюн, Тайвань Бұл станция қызыл жол бойында орналасқан. Станция атауы жақын

Слайд 12

Bund Sightseeing тоннелі, Шанхай, Қытай

Пу (Pu) өзенінің астында орналасқан бұл тоннельдің сәулеті кез келген жолаушыны

қиял әлеміне әкететіндей әсер береді. Тоннель ішінде автомобильмен жүруге болады.
Тоннельде жол жүру бағасы бір бағытта 30 юань=720 теңге, екі бағытта 40 юань=960 теңге

Bund Sightseeing тоннелі, Шанхай, Қытай Пу (Pu) өзенінің астында орналасқан бұл тоннельдің сәулеті

Слайд 13

Bockenheimer Warte, Франкфурт, Германия

Франкфурт метросының ең басты станциясы - Bockenheimer Warte. Сондай-ақ, бұл станция арқылы

басқа көлік құралдарына ауысуға болады. Станцияда сіз өзіңізді ғарыш кеңістігінде жүргендей сезінесіз. Жоба авторлары - сәулетші Петр Збижинев Пинински (Peter Zbiginiew Pininski) және суретші-сюрреалист Рене Магритт (René Magritte). Станция құрылысы 1986 жылы басталып, 2001 жылы аяқталды.
Франфурт метросының билет құны: 3 евро=600 теңге

Bockenheimer Warte, Франкфурт, Германия Франкфурт метросының ең басты станциясы - Bockenheimer Warte. Сондай-ақ,

Слайд 14

Әлемдегі ең жаңа метрополитен

Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігі 2011 ж «

желтоқсанда пайдалануға берілді.
Метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады.
Ұзындығы 11,3 км. құрайтын алғашқы бағыт 9 бекеттен тұрады Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Алтынсарин даңғылына және Өтеген батыр көшесіне дейін тартылған. Жүру интервалы 10 минуттан (таңертеңгі және кешкі қысылтаяң уақыттарда) 19 минутқа (соңғы рейстерде)дейін. Пойыздардың орташа жылдамдығы 40 км/сағ.
Қазіргі таңда бірінші линияның батыс бағытындағы Қалқаман-3 ықшамауданына дейінгі құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласының батыс бағытындағы құрылысы аяқталғаннан кейін қаланың Алматы-1 бекетіне дейінгі құрылысын бастау жоспарлануда.

Әлемдегі ең жаңа метрополитен Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі.

Имя файла: Метрополитен.pptx
Количество просмотров: 22
Количество скачиваний: 0