Technodom Қазақстандағы тұрмыстық және компьютерлік техниканың жетекші дүкендер желісі презентация

Содержание

Слайд 2

TECHNODOM - Қазақстандағы тұрмыстық және компьютерлік техниканың жетекші дүкендер желісі. «ТехноДом» дүкендер

желісі 2002 жылы Алматы қаласында құрылған. Қазіргі уақытта TECHNODOM желісіне 83 дүкен кіреді. Қазақстанда 77 дүкен және 2 Bang & Olufsen бренд-дүкені бар. Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында бүгінде 4 дүкен жұмыс істейді. Қазақстан республикасының 28 қаласында жалпы сатылым көлемі 94 320 шаршы метрді құрайды. «ТехноДом» дүкендер желісі Sulpak дүкендер желісімен әріптестік қарым-қатынаста.
TECHNODOM дүкендері ең жаңа сауда технологияларымен жасалған және клиенттерге қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеді. Әр TECHNODOM дүкені эмоционалды және бағалық аймақтарды, тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттың түсінікті жүйесін, сауда алаңының айналасында оңай қозғалысты, тауарларға қол жетімділікті және кез-келген өнімді сынау мүмкіндігін ұсынады. Клиенттерге қосымша қызметтердің кең спектрі, соның ішінде тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары ұсынылады.

Слайд 3

TECHNODOM сауда портфолиосына әлемнің 700-ден астам жетекші бренді кіреді: Sony, Panasonic, Samsung, LG,

Daewoo, Apple, Philips, Nokia, Canon, Nikon, Fujitsu, Bosch, Siemens, Indesit және т.б.
Шымкент қаласындағы филиалдары:
Mega Planet - Тауке Хан даңғылы, ТРК "МЕГА", тел: +7 800 080-11-11;
Жангельдин көшесі, 12А үй, тел: +7 800 080-11-11;
Ахмет Байтурсынов көшесі, 81 үй, тел; +7 800 080-11-11;
Ж.Аймауытов көшесі, тел: +7 800 080-11-11
Рыскулов көшесі, 45 үй, тел: 8 (7272) 79 99 99

Слайд 4

Дипломалды іс-тәжірибенің мақсаты: «ТехноДом» ЖШС-нің ақпараттық анықтамалық жүйесін Web технологияларды пайдаланып құру.
Дипломалды

іс-тәжірибенің мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды: зерттеу нысаныны аналитикалық зерттеу, Web-бағдарламалау технологиясы, HTML 5.0 және JavaScript 2.0 спецификациясы, анықтамалық-ақпараттық жүйесін жасауға мүмкіндік беретін кұралдар, анықтамалық-ақпараттық жүйені құру және компиляциялау технологиясы қарастырылады.

Слайд 5

Дипломалды іс-тәжірибенің зерттеу тақырыбына сәйкес технологиялар: Web-бағдарламалау – IT-технологиялар (компьютер және жаңа ақпараттық

технологиялар), арнайы бағдарламалау тілдері (HTML, JavaScript, PHP, Java, Perl, C++) және желілік технологиялар (CSS, CGI, SSI) негізінде құрылған бағдарламалаудың жаңа технологиясы болып саналады.
HTML (HyperText Markup Language) – гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған тэгтер жиынын анықтайды. HTML тэгтері құжатты туралауға, пішімдеуге және безендіруге мүмкіндік береді. Интернетке арналған мұндай гипермәтінді Web-құжаттар баспаға шығаруға емес, тек монитор экраныныда көруге арналған. Сондай-ақ, HTML тілі Web-құжатқа гипермәтін мен қозғалмайтын объекттерді бейнелеу мүмкіндігін береді.
CSS (Cascade Style Sheets – каскадты стильдер кестесі) технологиясы желідегі бірнеше Web-құжат мәтіндерін бірыңғай пішімдеуге арналған. Бұл технология Web-сайт парақтарының монитор экранында бірдей бейнеленуін және жылдам жүктелуін қамтамасыз етеді. CSS технологиясын пайдаланып Web-сайттағы барлық құжаттағы мәтіндердің шрифтін, түсін, өлшемін, туралау пішімдерін т.с.с. өзгертуге болады.

Слайд 6

Скрипт (Script) – HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған, арнайы бағдарламалау тілінде жазылған

ықшам бағдарлама. Бағдарламалау тілі ретінде JavaScript, VBScript, Java, Perl, C++, т.с.с. тілдері қолданылады. Скрипттер әртүрлі оқиғаларды өңдейді, мысалы, тышқанды шерту, курсордың экран бетіндегі қозғалысы. Оқиғаның жауабы ретінде Web-құжаттың экрандағы түрінің өзгеруі, клиент-компьютерден серверге ақпарат жіберу сияқты іс-әрекеттер орындалады.
PHP (Hypertext Preprocessor – гипермәтінді препроцессор) тілі серверде орындалатын сценарий жазуға арналған тіл. Браузер URL-адресте (Uniform Resource Locator – ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) көрсетілген РНР тілінде жазылған Web-құжатты орындау үшін Web-серверге сұраныс жасайды. Web-сервер РНР-процессорын жүктеп, РНР-кодты орындайды ды, нәтижені Web-серверге қайтарады. Ал Web-сервер өз кезегінде нәтижені браузерге терезеде бейнелеу үшін жібереді.

Слайд 7

Жұмыста анықтамалық-ақпараттық жүйесін Web develoment Studio редакторында құрдық.

Слайд 8

Электрондық оқулықты компиляциялауда Natata eBook Compiler программасынан пайдаландық.

Слайд 9

Қорытынды
Жұмыста "ТехноДом” ЖШС-нің ақпараттық анықтамалық жүйесін Web технологияларды пайдаланып құру әдістері ғылыми-әдістемелік

тұрғыдан зерттелді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде "ТехноДом” ЖШС-нің Шымкент қаласындағы орналасқан д.кенінің анықтамалық-ақпараттық жүйесі құрылды.
Жұмыста Web-бағдарламалау әдістері, яғни HTML және JavaScript тілдері, CSS технологиясы, GIF және Flash-анимациялар пайдаланылды. Ақпараттық-анықтамалық жүйесін құруда Web develoment Studio редакторынан, компиляциялауда Natata Software бағдарламасынан пайдаланылған, дизайны көркем, интерфейсі түсінікті. Анықтамалық жүйе бір файлға жинақталған, яғни компиляцияланған. Браузерге тәуелсіз түрде жұмыс жасайды және тұтынушыдан арнайы білімді талап етпейді.
Имя файла: Technodom-Қазақстандағы-тұрмыстық-және-компьютерлік-техниканың-жетекші-дүкендер-желісі.pptx
Количество просмотров: 12
Количество скачиваний: 0