Биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы. Мектеп жаратылыстануы және оның

Жоспар:

Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы.
Мектеп жаратылыстану

әдістемесінің ХIХ бергі дамуы.
Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы.
Слайд 3

Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы. Биологияны оқыту әдістемесінің сыртқы қоршаған

Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.

Биологияны оқыту әдістемесінің сыртқы қоршаған орта

жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталды. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы – ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.
Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып үйрену мақсаттарының мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін таңдап алуда туды.
Слайд 4

Табиғат құбылыстарына қатысты сұрақтар білім беру мазмұнына бұрыннан қосылып келгендігін

Табиғат құбылыстарына қатысты сұрақтар білім беру мазмұнына бұрыннан қосылып келгендігін

мектеп жаратылыстануы тарихынан көруге болады. Мектеп жаратылыстануының мазмұны алғашқы кезеңдерде ғылымнан алшақ болып, негізінен діни бағытта болды.
XVI – XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды қолдан – қолға бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилылығының толық жойылуына себеп болды.
Слайд 5

Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы. Жаратылыстану пән ретінде Ресейде

Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы.

Жаратылыстану пән ретінде Ресейде алғаш

рет XVIII ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш құрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды.
Слайд 6

Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда

Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда

анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- өсімдіктер патшалығы (ботаника);
- жануарлар патшалығы (зоология).
В. Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың пән ретінде дамуының бастауы болды.
Слайд 7

Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын берді, олардың биологиясы жайлы

Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын берді, олардың биологиясы жайлы

айтылды. Өсімдктердің «жасушалық» құрылысы туралы да сөз қозғалды. Оқулықтың осындай мазмұны жаратылыстануға деген қызығушылық тудырды және кең практикалық мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар келтірілген, онда 148 өсімдік және 157 омыртқалы жануарлар сипатталған, систематикаға жалпы еліктеусіз және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға жеңіл болды.
Слайд 8

Мектеп жаратылыстану әдістемесінің XIX бергі дамуы. Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы

Мектеп жаратылыстану әдістемесінің XIX бергі дамуы.

Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы

жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804-1873). Август Любен де тамаша чех педагогы Я.А. Коменский сияқты (1592-1670), жаратылыстануды оқу қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпыға қарай, яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.
Слайд 9

Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл аударуда ұсынады: -

Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл аударуда ұсынады:
-

өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың көптүрлілігіне;
- осы көптұрліліктің негізінде жатқан бірлікті тану;
- өсімдітер тіршілігін танып білу;
- өсімдіктер формаларының тіршілігін және көптүрлілігін тудыратын заттар мен күштерді танып білу.
Слайд 10

Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы. Қазақстанда биологиялық білім берудің

Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы.

Қазақстанда биологиялық білім берудің міндеттерін

шешуде алғаш рет еліміздің аймағының этнолингвистикалық жіне экологиялық – географиялық жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтын бірыңғай биологиялық білім беру тұжырымдамасы (концепциясы) қажет болды.
Слайд 11

Қазақстанда сол кезде осындай тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ

Қазақстанда сол кезде осындай тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ

Қазақ бөлімшесінің ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғылым-әдістемелерінің бірі Мағиза Шаймарданова болды. Ғалымның анықтауы бойынша қазақ мектептеріндегі биологияны оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, биологияны оқытуда қайта құрудың негізігі бағыты еліміздің мектептерінде бірыңғай әдістемелік жүйе жасауда басшылыққа алынды.
Слайд 12

Өзінің авторлық тұғырнамасында М. Шаймарданова ұлттық қазақ мектептерінде биологиялық білім

Өзінің авторлық тұғырнамасында М. Шаймарданова ұлттық қазақ мектептерінде биологиялық білім

беру мазмұнында мына жағдайлар орын алу керектігін көрсетті:
- Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі;
- Республиканың өсімдіктер мен жануарларының әдеттегі өкілдерінің тіршілік қалпының ерекшеліктері: қазіргі уақыттағы олардың саны, қорғау шаралары;
- еліміздің мал шаруашылығымен шұғылданудағы тарихи жинақталған тәжірибелері, олардың ауруларының ерекшеліктері, олардың алдын-алу мен емдеу шаралары.
Слайд 13

Осы тұғырнама негізінде ғалым биологиялық білім берудің базалық деңгейін анықтап,

Осы тұғырнама негізінде ғалым биологиялық білім берудің базалық деңгейін анықтап,

қазақ мектептері үшін биологиядан оқу-әдістемелік кешен дайындады. Ғалымның айтарлықтай әдістемелік үлесі болып, өзінің жобалаған ҚР биологиялық білім берудің жаңартылған инварианттық нобайы саналады.
Көпжылдық әдістемелік жұмыс тәжірибесі негізінде 1984 жылы ол зоология оқулығына суретті терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбегі бұрынғы СССР-дың ірі ғалым-әдістемешісі Р. Маш тарапынан және Алматы облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институты мамандарынан жоғары баға алды.
Слайд 14

Пайдаланылған әдебиеттер: 4. «Биология,география және экология» журналы, 2000-2002ж. 1. Н.М.Верзилин

Пайдаланылған әдебиеттер:
4. «Биология,география және экология» журналы, 2000-2002ж.

1. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания

биологии» М,1972ж.
2. В.М.Корсунская «Уроки общей биологии» М,1970г
3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. «Общая методика преподования биологии»
Имя файла: Биологияны-оқыту-әдістемесінің-қысқаша-тарихы.pptx
Количество просмотров: 111
Количество скачиваний: 0